Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.

Психология баска ғылымдар сиякты өз әдістері бар.Әрбір ғылымның дамуы,көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың каншалыкты сенімді екендігіне байланысты. Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің тӛрт түрлі тобын атап кӛрсетейік. 1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым ӛкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді). 2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді. 3. Мәліметтерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау).4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б. Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.

5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары

Тұлға құрылымындағы теорияларға үлкен рөлдерін қосқан ғалымдар ішінен мыналарды атап өтуге болады: А.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,К.А.Абулханов-Славская, А.В.Брушлинский. Тұлғаның қалыптасуы болашақта адамға басты әсер ететін күш болып қалады. Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қажеттіліктері мен іс-әркеттің қоғамдық қарым-қатынастары нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі-бұл төрт компонентті тұлға моделі. Бұл моделде басты орында қабілеттік, мінез ұстамдылық және өзін-өзі бақылау негізге алынады. Іс-әрекет теориясын қалаушылар пікірінще, жеке тұлға бүкіл өзі өмір сүретін ортасына және сол қоғамдағы әлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуына оның балалық және жастық шағындағы өмірі өз әсерін тигізеді. Осы теорияны қалаушылар тұлғаның позитивті өзгеруін оның әлеуметтік өсуіне байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша, адамға сана туылған кезде берілмейді,ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Бағыттылық – бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалауларынан жане тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады. Психология ғылымындатұлға категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Ол тек психологияда ғана емес барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі. И.С.Конның зерттеуінде: тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде түсіндіріледі.Сонымен тұлға д/з – адамның өзі мен оны қоршағандарүшін маңызды орын алатын,оның адамгершілік қылықтарын айқындайтын және ортасы үшін маңызды адам. Б.Г.Ананьев б/ша адам ұйымдасуының 4 деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олар: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық. Индивид ұғымы адамды белгілі бір биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид туа пайда болады, яғни. индивид ретінде туылған адам қоғамдық процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып жүре қалыптасады. Бұлай болу себебі қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Өз кезегінде осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның өайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Индивидтік сипаттар: тұлғаның дамуының органикалық алғы шартын жасайды; іс-әрекеттің жүзеге асуына ықпал етеді; адамның мүмкіндіктерінің шегін анықтайды. Индивид пен тұлғаның теориялық ж/е практикалық жағы бар. Теориялық жағы: әлеуметтік ж/е биологиялық бастаудың арақатынасы. Практикалық жағы: көптеген индивидтік сипаттар тек қоғамда ғана пісіп-жетіледі. Ал қоғам болмаса,индивидтік сипаттар дами алмайды. Тұлға–тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды ж/е оның өзіне,ортасы үшін маңызды мәнге ие.Тұлға ұғымына тағы басқада анықтамалар беруге болады.Тұлға деп,жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек,тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік ж/е физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің н/е әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. Ғылыми әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастығанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г Ананьев бойынша адам ұйымдасуының 4 деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс – әрекет субъектісі, тұлға ж/е жеке даралық жатқызылған. Биологияляқ түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік спа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс – әрекет процесінде қалыптасатын ж/е дамитын сананы иеленуші.Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді,темпераментті,мінезді,мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені, тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді.Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша).1.Ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін)2.Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жас5а дейін)3.Ерте балалық шақ(3-5 жас шамасында)4.Орта балалық шақ (5-11 жас аралығы)5.Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20жас аралығы)6.Ерте нәрестелік шақ(20-45 жас аралығы)7.Орта нәрестелік шақ(40-45 ж2не 60 жас аралығы)8.Кеш ересек шақ(60 жастан жоғары).Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі – тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі. Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]