Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз

Мінез туралы жалпы ұғым Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің. А.С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды – сараң, батыл солқылдақ, жүректі – қорқақ, еңбекқор – жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.

40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау- шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылда дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өзбқасиеттері және бөлшектері жиынтығыме қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі- үлкен ми сынарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс- әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие.

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) - нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) - нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік - қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]