
- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •3.Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
- •4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •8. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •10.Темперамент туралы теориялар.
- •11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •12. Қабілеттің психологиядағы орны.
- •13. Түйсік және оның физиологиялық негізі.
- •15.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •16. Қабылдаудың қасиеттері
- •18.Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •19. Түйсіктің заңдылықтары.
- •20. Танымдық процестерге шолу.
- •22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •23.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •28.29. 35.Ойлау және оның түрлері.Формалары.
- •30. Тұлға туралы теориялар
- •32. Сана және психика.
- •33. Ойлай және қабылдау.
- •38. Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері
- •39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •41. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі
- •45. Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •46. Ес. Ес туралы теориялар
- •47. Тепмерамент типтерінің сипаты
- •48. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •49. Қабілет және нышан
- •50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •51. 12.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •52.Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері
- •55. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
- •57.Эмоция туралы жалпы ұғым.
- •58. Ерік туралы жалпы түсінік.
30. Тұлға туралы теориялар
Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.
Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық багдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.
Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды.Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инс- тинктері.
Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстинкттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.
Өлім инстинкттері - қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инстинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:
«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫМЕН»(СУПЕР ЭГО- сверх Я).
«ОЛ» (Ид-Оно) - Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «МЕН»(Эго-Я) - инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер - эго, сверх - я) - ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің барысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан болмысына ұқсап дамиды. Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт - бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы - адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді. Бұл бағыт негізін қалаушы Д. Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады. Уотсонның анықтауынша, тұлға - әдетті дағдылар жүйесінің туын- дысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объ- ективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реакция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі - тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе - бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті - жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.
Тұлға психологиясының гуманистік бағыты- психоанализ және бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам - бірегей және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті біртұтас құбылыс. Гуманистік психологияның ірі өкілдерінің бірі А.Маслоу.
Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін принциптер төмендегідей:
- адамды біртұтас дүниеретінде қарастыру;
- адамға деген цамцорлыщ негізі - психотерапиялық жәрдем;
- адам болмысы бастауының субъективтігі;
- тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы;
- тұлға бойындағы ұнамды қасиет - сапаларды ұлағаттау, олардың өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу;
- тұлғаның өткен өміріне байланысты себептік жағдаяттарға байыппен қатынас жасау;
- сырқат адамдарда болып қалатын жекеленген деректерді емес, қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану.
Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның негізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.
Әлеуметтік мәртебе (статус) - бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амал- әрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт- багдары.
Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез- құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.
Әлеуметтікрөл - қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаныңмәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы.
Рөлдік әрекет-қылық - әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады.Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді.