
- •Практикалық қазақ тілі салық қызметшілеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
- •О казахском языке
- •1. Орыс тіліне аударыңыз, белгіленген сөздердің септік жалғауын анықтаңыз:
- •2. Сөздердің септік жалғауларын қойыңыз, аударыңыз:
- •7) Сұраулық шылаулар ( етістіктің болымсыз формасы )
- •10) Үстеу – Наречие
- •Имя прилагательное: относительное имя прилагательное – Сын есім: Қатыстық сын есім
- •14) Өткен шақ Ежелгі өткен шақ – Давнопрошедшее время 1
- •14) Ежелгі өткен шақ - Давнопрошедшее время - 2
- •15) Ауыспалы осы-келер шақ – Переходное настоящее-будущее время
- •17. Етістіктің аналитикалық формасы. Көмекші етістіктер – Аналитическая форма глагола. Вспомогательные глаголы
- •1 Тапсырмалар
- •4) Салық міндеттемесі» туралы берілген анықтаманы сөздік арқылы қазақ тіліне аударыңыз:
- •2 Сөйлесу ситуациялары – Разговорные ситуации
- •2: Выберите вопросы и ответы, которые, на ваш взгляд, касаются только работы:
- •3. Представьте, что Вы на собрании… Дополните предложения.
- •Ііі Лексикалық тақырыптар
- •1 Танысу
- •1)Диалог
- •2 Өзіңіз туралы мәлімет бере білу. Өмірбаян
- •2) Монолог 1 Өмірбаян
- •2 Өмірбаян
- •3) Тапсырма: Сұрақтарды пайдалана отырып, өмірбаян мәтінін құрастырыңыз.
- •3 Біздің отбасымыз (Менің отбасым)
- •1) Диалог
- •2) Білу керек
- •3) Менің отбасым
- •1) Диалог
- •2) Тапсырма: Шылау сөздерді көрсетіңіз:
- •6 Біздің үйіміз Диалог
- •2) Есте сақтау керек
- •3) Дүйсенбіден жұмаға дейін – от понедельника до пятницы
- •8 Жыл мезгілдері. Ауа райы
- •1)Диалог
- •2) Монолог Жыл мезгілдері
- •3) Тапсырма: Үлгі бойынша ауа райы туралы айтып беріңіз
- •9 Саяхат
- •1) Диалог
- •2) Монолог Саяхат
- •3) Диалог Саяхат
- •4) Диалог Перронда
- •5) Тапсырма: Үлгі бойынша өз диалогыңызды құрастырыңыз
- •6) Монолог Саяхат
- •10 Кітапханада
- •1) Диалог құрастырыңыз
- •2) Диалог Кітапханада
- •3) Диалог Кітапханада
- •11 Менің Отаным – Қазақстан
- •1) Қазақстан – егеменді ел
- •12 Объявление - Хабарландыру
- •VСалық саласында қолданылатын негізгі ұғымдардың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
- •Vі Салық саласы бойынша қыскаша орысша- қазақша сөздік
- •Мазмұны
- •Практикалық қазақ тілі
- •140008, Павлодар қ., Ломов к., 64.
2) Монолог Саяхат
Әсемнің атасы Павлодарға Астанадан пойызбен келІпті. Үлкен баласы оған жүрдек пойызға алдын ала билет алып қойыпты. Атасы төменгі орынға отырып келіпті. Плацкарт вагонға билет болмағандықтан, ол купелі вагонмен келіпті. Пойыз он минутқа кешігіп келіпті. Әсем атасын қарсы алуға вокзалға барыпты. Әсемнің әкесі бұл туралы кешке жақын ғана біліп, таңғалыпты
Сөздік
Алдын ала – предварительно Билет болмағандықтан – из-за отсутствия билетов |
Төменгі орын – нижняя полка Жүрдек пойыз – скорый поезд Кешігіп келу – опаздать Қарсы алу – встречать |
3) Диалог Саяхат
Әсемнің әкесі: Әкей, Астанадан немен келдіңіз?
Ата: Пойызбен жеттім. Ағаңа жүрдек пойызға билет алдын ала сатып алғыздым.
Әсемнің әкесі: Перронда жүк көтерушілер болды ма?
Ата: Әсемжан мені қарсы алып, жүк көтерушілердің қажеті болған жоқ. Вокзалдың іші ығы-жығы. Пойыз екінші платформаға, бірінші жолға тоқтады.
Әсемнің әкесі: Орныңыз жоғарыда болды ма, төменде ме?
Ата: Төменгі орын болды. Плацкарт вагонға билет болмаған соң, купелі вагонға билет алғыздым. Жолсеріктен төсек-орын алып, өз орныма орналастым.
Әсемнің әкесі: Пойыз кесте бойынша келді ме?
Ата: Жоқ, балам, он минутқа кешігіп келді.
Әсемнің әкесі: Сонда неше сағат жүрдіңіз?
Ата: Он сағат жүрдім. Ол түк емес. Ұлым Астанадан шығарып салды, немерем Павлодарда қарсы алды. Астанаға қайтарда ұшақпен ұшамын.
Төсек-орын – постельное белье Ығы-жығы – суета Шығарып салу – проводить |
Кесте бойынша – по расписанию Жүк көтеруші – носильщик Жолсерік – проводник |
4) Диалог Перронда
- Кешіріңіз, Павлодар -Астана пойызы қашан жүреді?
- Пойыздың жүруіне 20 минут қалды. Пойызға отырғызу басталды.
- Пойыз қай жолдан жүреді?
- Бірінші жолдан, екінші платформадан.
- Сіз де Астанаға дейін барасыз ба?
- Иә. Сіздің билетіңіз нешінші вагонға алынды?
- Менің бесінші вагонға отыруым керек.
- Айтыңызшы, келесі станцияда пойыз неше минут тұрады?
- Он минут.
- Астанаға дейін неше сағат жүреміз?
- Он сағатта жетеміз.
- Жарайды. Сапарыңыз сәтті болсын! ( Счастливого пути!)
5) Тапсырма: Үлгі бойынша өз диалогыңызды құрастырыңыз
… тура баратын пойыз бар ма? … билет қанша тұрады? … қашан жетеді? Келесі станция қандай? Бұл станцияда пойыз қанша тұрады? |
Есть ли прямой поезд…? Сколько стоит билет…? Когда поезд прибудет…? Какая следующая станция? Как долго будет поезд стоять на этой станции? |
6) Монолог Саяхат
Әсемнің атасы Павлодарға пойызбен келіпті. Біраз шаршапты. Сондықтан Астанаға қайтарда ұшаққа билет алыпты. Әуежайға екі сағат бұрын келіп, тіркеуден өтіп, жүгін өлшетіп, ұшаққа отырғызу талонын алыпты. Жүгінің артық салмағы болмапты, сондықтан ақша төлемепті. Отырғызу басталғаннан кейін, жолаушылар өз орындарына орналасып, бір-біріне сәтті сапар тілепті.
Сөздік
біраз шаршапты – немного устал әуежай – аэропорт тіркеу өту – пройти регистрацию артық салмақ – лишний вес жолаушы – пассажир өлшету – взвесить |
отырғызу талоны – посадочный талон белдікті ілгектеу – пристегнуть ремни бір-біріне – друг другу |