Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать
  1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

1.Кәсіпорынның сыртқы ортасы сипатталады:

а) факторлардың өзара байланысы; ә) күрделілігі;

б)өзгермелілігі; в) тұрлаусыздығы; г) барлық жауаптар дұрыс.

2. Материалдық-техникалық жабдықтау проблемасын шешуде сыртқы ортадағы факторлардың қандай есебі кәсіпорынға қолғанат етеді?

а) жеткізушілер; ә) тұтынушылар; б) заңдар;

в) экономика жағдайы; г) еңбек ресурстары.

3. Көп мөлшерде дайындалатын біріңғай өнімдердің өндірістік үлгісі:

а) ұсақ сериялы өндіріс; ә) жаппай өндіріс;

б) ірі сериялы өндіріс; в) жеке-дара өндіріс;

г) үздіксіз өндіріс.

4. Ішкі өзгермеліге не жатады?

а) кәсіпорынның мақсаты; ә) кәсіпорынның міндеті;

б) кәсіпорынның құрылымы; в) барлық жауаптар дұрыс;

г) адамдар.

5. Өндіріс процестерінің компоненттері болатындар:

а) материалдық босалқы қорлар; ә) еңбек ресурстары;

б) жабдықтар; в) барлық жауаптар дұрыс.

3 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар

СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

  1. Өндірістік құрылым және оның түрлерін талдаңыз.

  2. Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторларды талдаңыз.

СӨЖ арналған тапсырмалар:

  1. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары

  2. Өндіріс процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Тақырып 3. Құрылыста инвестицияның экономикалық тиімділігі

  1. Инвестиция мәні, маңызы, түсінігі

  2. Инвестицияның макро-микро деңгейде қалыптасу бағыттары

  3. Капиталды салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу

1. Инвестиция – бұл капиталды ұлғайтуға немесе қалпына келтіруге бағытталған салымдар. Инвестициялау дегеніміз өз кезегінде ертеңгі күнге қадам басу деп ұғынған жөн, себебі бұл қадам өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға бағытталады. Өндірістің ұлғаюы және жаңартылуы тікелей табыстың ұлғаюына әсер етеді. Осы максималды пайда инвесторлар үшін ынталандырушы күш болып табылады. Ұтымды инвестициялау процессі өндіріс мүмкіндіктерін кеңейтуге , қосымша жұмыс орныдарын ашуға, жаңа жұмыс күшін тартуға мүмкіндік береді.

Инвестиция –бұл капитал салымы, оның негізгі екі түрі бар: тікелей (немесе шынайы) инвестиция және портфельдік инвестиция. Тікелей инвестиция кәсіпорындарды өндіріс факторларымен қамтамасыз етуге бағытталса, портвельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталады. Мұнда өндіріске бағытталған тікелей инвестицияның маңыздылығы зор. Тікелей инвестицияларды түрлі критерилер бойынша жіктеуге болады. Неғұрлым кең тараған жіктеу - өндіріс сферасындағы инвестициялардың мақсатты бағытталуы, бойынша болып табылады: олар, өндірістің жаңа қорын құруға, өндірістің қолда бар қорларын кеңейтуге , өндіріс жаңалықтарына, сондай-ақ өндірістің тұтынылған қорларын қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар. Жоғарыда айтылғандарды сызбанұсқа түрінде төмендегідей көрсетуге болады.

Сызба нұсқаcы

Қаржыландыру көзі бойынша төмендегідей жіктеленеді: мемлекеттік, муниципалдық, сапалық, жеке және аралас инвестициялар.

Бағытталуы бойынша - өндірістік инвестициялар (өндірістік сфера), әлеуметтік бағыттағы инвестициялар (әлеуметтік сфера), табиғатты қорғау және экологиялық бағыттағы инвестициялар (экологиялық сфера) деп бөлінеді. Мерзімі бойынша, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестицияның қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздер болуы мүмкін: Оларға жатады:

-инвестордың жеке қаржысы және ішкі шаруашылық резервтері-табыс, амортизациялық аударымдар және т.б.

-банк несиелері, облигациялық зайымдар, ұзақ мерзімді зайымдар, бюджет несиелері

-бюджеттен тыс қорлар қаржысы

-қайтарымсыз негізде ұсынылған мемлекеттік бюджет қаржылары

-шетел инвесторларының қаржысы.

2. Жобаны алдын-ала сараптама жасаудың мақсаты - өміршеңді немесе сапалы жобаны таңдап алып, одан әрі оның тімділігін анықтап, негіздеу. Алдын-ала жүргізілген сараптамалық жобаның экономикалық тиімділігінің есебімен жалғасады. Оған жобаның негізін сапалы талдау және оның концепциясы, ішкі және сыртқы тиімділігін бағалау жатады. Сонымен қатар осы сараптаманың нәтижесінде экологиялық, саясаттық мәні әлеуметтік бағдары арқылы және т.б. экономикалық тиімділік белгілері арқылы таңдалып алынады. Жобаны бағалау әдісі мен сызбасын таңдау екі түрлі бағыттан тұрады. Бірінші шешім қабылдаушы кісіден: меншік иесі, өз өндірісінің тиімділігін сапалы , тереңірек бағаланғанын қалайды, ал кредитор, инвестор тек қана өз қаржысының тез қайтуына және пайыздың жоғары болуын, кепілдікке қойылған мүліктің өтімді болуын, несие алушының несие алуға қаржылық мүмкіншілігінің барлығын қадағалайды және қалайды. Екінші жобаның ерекшелігінен, қиындығынан, қауіпті тәуекелді болуынан, сұранған несие көлемінен тұрады. Жобаның тұжырымдамасы төмендегі ой, пікірлерге негізделген:

- шикізат базасын қалыптастыруға;

- жаңа технологияны пайдалануға, жаңа өнімді шығаруға;

- шикізатты кешенді өңдеуге ;

- нарықтағы өсіп-кеміп жатқан сұранымды қамтамасыз ету және сыртқы ішкі немесе әлемдік нарықта қызмет көрсетуге;

- шығынды үнемдеу мақсатында өнім шығару көлемін көбейтуге;

Жобаны алдын-ала сараптама жасау, жобаның инженерлік сараптамасы, оның техникалық кеңістіктерін анықтау арқылы, ой пікірдің орындалу мүмкіншілігін анықтау арқылы жүргізледі. Барлық жағдайда қаржыландыру (инвестиция бөлу) туралы шешім қабылдау мамандардың жүргізген талдауы негізінде қабылданады, мамандар әр уақытта жобаның мүмкін болатын ерекшелігін, артықшылығын көрсетуі керек.

3. Инвестицияның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі.

Инвестициялық жобаға қатысушылар әр түрлі жағдайда, алдын –ала жасалған талдаумен шектелмей, экономикалық көрсеткіштердің тиімділігін есептеулері қажет. Инвестицияның экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігін төрт түрлі жолмен есептеуге болады. Бұл көрсеткіштер арқылы әлемде инвестицияның тиімділігін анықтайды. Оған мыналар жатады:

1) қайтарым уақыты – бұл таза пайдадан алынған инвестицияны қайтару уақыты. Қайтарым уақыты: Т=

2) инвестицияның табыстылық коэффициенті: Ди=

мысалы: егер сіздің дүкеніңіз 100,0 мың теңгеге тауар болса, оны 130 мың теңгеге сатса, онда: Ди=

Егер тауар алуға 100 долл. несие қажет болса , несие банк пайызымен беріледі. Сонда 100+15=115долл. несие беріледі, банк пайызы 15%. Банктен алынатын несиенің бағасы 115 долл., бұл жағдайда жоба экономикалық тиімді болып есептелінеді де, оны қаржыландыру тиімді деп танылады.

3.Таза дисконттық табыстың көрсеткіші:

мұндағы Т-жобаның толық өміршеңдік уақыты

U-инвестиция

N-дисконт мөлшері

Егер жобаның өміршеңдік уақтындағы күтілген дисконттық таза табыс, қажет инвестицияның құнынан көп болса, онда оған инвестиция құюға болады деп саналады. Осы жобаның тиімділік көрсеткіштерін пайдалану, күтілген таза пайданың және қажет инвестицияның көмегімен ғана байланысты емес, сонымен бірге, қабылданған дисконт мөлшеріне де байланысты.

Инвестицияның қайтарым уақыты қаржының бағалық қасиетінің уақытпен байланысын есептемейді, сол себептен қайтарым уақыты дисконттық коэффициент арқылы есептелуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]