Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

Құрылысты ұйымдастыру жобасында объектіні тұрғызуға бағытталған құрылыстың негізгі жағдайлары көрсетілген, оларға жатады:

  • ғимарат тұрғызылатын аудан немесе қала;

  • инженерлік-құрылыс ізденістердің мәліметтері;

- объектің негізгі көлем-жобалық сипаттамалар және келесі 2-кесте толтырылады.

Негізгі шамаларда салынатын ғимараттың толық сипаттамасы беріледі, кесіктер, тораптар, құрылыс басталуы, аудан, ерекшелігі және т.б., яғни құрылыстың титулдық парағының барлық көрсеткіштері.

Құрылыс объектісінің нормативті ұзақтығы

Оъектілер құрылысының нормативтік ұзақтығы СНиП 1.04.03-85 1 және 2 бөлімдері бойынша анықталады.

Объектілердің классификациялық белгілері СНиП 1.04.03-85 мәндерімен шамалы сәйкессіздік жағжайда ұзақтық ҚМЖды ескере отырып интерполяция және эксполяциямен анықталады.

Объект құрылысында жұмысшылар санын анықтау

Жұмысшылардың саны 7,9 қосымшасын ескеріп келесі формула бойынша анықталады: (1)

где: - ҚМЖ көлемі, мың.теңге

- 1жұмысшыға орташа жылдық өндірілу, мың теңге (№10,11 қосымшаларын қара).

- құрылыстың нормативтік ұзақтығы, жылдармен (СНиП 1.04.03-85).

- ғимараттар мен имараттардың сметтік құнының түзету коэффициенттері, сәйкес территориялық аймақтар мен климаттық аудандарды ескеріп (№2,3,4 қосымшаларын қара).

  1. Құрылыс объектілердің тізімі негізгі шамалар, объектілер тізімі және жинақ-сметтік есеп негізінде құрылады. Құрылыс объектілер жайлы мәліметтер №3 кестеге енгізіледі.

Сыртқы коммуникациялар ұзақтығы – сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен газбен қамтамасыз ету, телефон, жолдар (көліктік және темір) бас жоба (генплан) негізінде анықталады (6 қосымшасын қара).

КІЖКіне арналған карточка-анықтаушы келесі форма бойынша құрылады:

Кесте 4

Жұмыс аталуы

Жұмыс шифрі

Жұмыс құны, тг

1 адам-күнге өндірілу тг

Жұмыс күрделілігі, ад-кн

Жұмысшылар саны, адам.

Жұмыс ұзақтығы кн

1

2

3

4

5

6

7

8

2-бағанын толтыру үшін, жұмыстар жиынтығының іріленген номенклатура қабылда-нады (имараттың негізгі ғимараттары үшін):

  1. Жер асыт бөлігі.

  2. Жер үсті бөлігі.

  3. Шатыр жабыны және өңдеу жұмыстары.

  4. Сантехникалық жұмыстар.

  5. Электрмонтаждық жұмыстар.

  6. Жабдықтардың монтажы.

  7. Іске қосу және жүйелеу.

Негізгі емес (ұсақ) ғимараттарды тұрғызу бір жұмыс түрінде көрсетеді (уақытша ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, жолдар, алаңшаның тік жобасын, уақытша және тұрақты жүйелер-ді салу, трансформаторлық подстанциясын монтаждау және т.б.).

Жұмыс құны (4 баған) жинақтық смета бойынша анықталады.

Объектілердің жалпыда өндірілуі (5 баған), 1 жұмысшыға жылына 30.000 тенге – 40000тенге өндірілуін қабылдауға болады.

Жұмыс күрделілігі (6 баған) жұмыс құнының өндіруге бөліндісінен анықталады. Жұмыс ұзақтығы (8 баған) оның күрделілігі мен жұмыс көлемі және №7, 8 қосымшадағы мәліметтеріне бағытталған қабылданған жұмысшылар санымен, құрылған жұмысшы бригадалар санымен анықталады.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемдерінің үлестірілуі бөлшек түрінде беріледі: сызық үстінде – капиталды салымдардың көлемі, сызық астында ҚМЖ көлемі – квартал, айлар бойынша (мың.теңге/ай).

КІЖК негізінде ақша рестурстар мен жұмыс күшіне деген қажеттілік кестелерін құрастырады, сонымен бірге құрылыс материалдар, машиналар мен механизмдерге қажеттілік кестелерін.

Өнеркәсіп және қоғамдық, тұрғын жаңа ғимараттарын салу немесе салынған ғимаратты реконструкциялауға салынған каптал салымдарын жобада жиынтық сметамен анықтайды.

Шығындар мәліметі өнеркәсіп құрылысы (реконструкциясын) құнын және берілген мекемеге қатысты құрылысқа капитал салымдарын анықтайды.

Құрылыс құнының жиынтық сметасы келесі сметтік құжаттама негізінде құрылады:

-кешендер немесе жеке ғимараттар мен имараттар құрылысының құнын анықтайтын және біріңғай бағалар немесе прейскуранттар бойынша құрылған сметалар;

-әр объекткті жабдықтауға кеткен шығындар мөлшерін және монтаж жұмыстарының құнын анықтайтын сметалар;

-жоба-ізденістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарға арналған сметалар.

ҚҰЖң экономикалық бөлімінде уақытша ғимараттарға кеткен шығындарды анықтайды: уақытша мәнді жер асты тау өндеудерін; тұрақты ғимараттар мен имараттар құрылысына қажетті уақытша қондырғылар; уақытша қоймалар, шеберханалар, ірі темір бетон бұйымдарын жасауға арналған салынатын полигондар; уақытша темір жолдар мен шоссе, байланыс тораптары; түрлі энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету және негізгі объектілердің құрылысы біткеннен кейін жойылатын құрылыс өндірісіне қызмет көрсететін қондырғылар; сыртқы ғимараттар құрылысы мен тау өндірулерін жасауға қажетті уақытша қондырғылар мен механизмдердің монтажы мен демонтажы; уақытша тұрғын және мәдени-тұрмыстық ғимараттар.

Уақытша ғимараттар мен имараттардың құрамы мен көлемі жеке нақты жағдайда құрылыс жобасымен анықталады. Уақытша ғимараттармен имараттар құрылысына кеткен шығындар сметалар бойынша немесе пайызбен жұмыстардың барлық құнынан және шығындарынан жиынтық сметаның 1-7 тарауларда. Уақытша ғимараттар мен имараттарға кеткен шығындарды анықтау тәсілі тапсырушы мен құрылыс мекеменің келісімімен жобалық мекеменің әр құрылысына анықталады.

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Сұраныс бағасы – ол:

а) сатып алушылардың осы тауарды сатып алуға келісетін ең төменгі баға;

ә) сатып алушылардың осы тауар көлемін сатып алуға келісетін ең жоғарғы баға;

б) сатушылардың рынокта тауар өткізуіндегі ең жоғарғы баға;

в) сатушы өзінің тауарын өткізудегі ең төменгі баға.

  1. Ұсыныс бағасы – ол:

а) сатушылар осы баға көлемін рынокқа ұсынуға келіскендегі ең жоғарғы баға;

ә) сатушылар осы тауар көлемін рынокқа ұсынуға келіскендегі ең төменгі баға;

б) сатушылар өз тауарларын рынокта сатқандағы ең аз баға;

в) ең жоғарғы және ең аз мәмілесінің орташа бағасы.

  1. Тауардың тепе-теңдік бағасы – бұл:

а) тұтынушылардың тауарға төлейтін ақша сомасы;

ә) тұтынушының тауар өлшеміне және оның нарықтық бағасымен төлеуге дайын ең аз баға арасындағы айырма;

б) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

в) үкімет тағайындайтын баға.

  1. Бір тауар бағасының төмендеуі қалған басқа тауарлардың өзгермес бағасында:

а) өзгермес ақша табысында тұтынушының ақшалай табысы көбейеді;

ә) өзгермес ақша табысында тұтынушының нақты табысы көбейеді;

б) тұтынушының не ақшалай табысына, не нақты табысына ешқандай әсер етпейді;

в) тұтынушының ақшалай және нақты табыстары көбейеді.

  1. Қашан бағаның шегі тепе-теңдік бағадан төмен белгіленсе:

а) тапшылық болады;

ә) ұсыныс артылады;

б) ұсыныс өзгереді;

в) сұраныс өзгереді.

2.Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

3. СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1 Бағаны құраушы факторларды кесте түрінде талдап жазу.

4. СӨЖ арналған тапсырмалары:

1 ҚР да баға және инфляцияның қазіргі кездегі жағдайы.

Тақырып 5. Құрылыс өндірісінің шығындары.

  1. Өндірістік шығындарының түсінігі, мәні, маңызы.

  2. Өндірістік шығындарының жіктелуі.

  3. Құрылыс өнімінің өзімдік құнын анықтау

  4. Өнімнің өзіндік кұнын төмендету жолдары

1.Құрылыс шығаратын өнімдердің мөлшерін рынокка үсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол құрылыс өнімдерін рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын корытынды тауарларды ендіру және оны сатуға кететін шығындарды білу Кәсіпорынның шаруашылык жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар - бүл өнеркэсіп өзінің өндіретін және коммерциялык кызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының акшалай түріндегі шығындары. өндіріс процесіндегі айкын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалык қызметіндегі аныктайтын межесі болып табылады.

Өнеркэсіп шығындары өндірістік белгісіне карай 3 түрге бөлінеді:

өзіндік кұн күрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бүл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен акдіалай түсімді жабатын ағымды шығындар;

өндірісті үлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бүл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жүмсалатын бір жолғы ірі күрделі каржы шығындары;

өндірістің элеуметтік-мэдени, тұрғын үй, тұрмыстык қызмет көрсету және осыған ұқсас баска да мұктаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Тұрақты шығындар осы кезендегі уакыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тэуелді болмайды.

Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Ауыспалы шығындар - бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тэуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары шикізаттар, отын, энергия көлік кызметі және т.б.

2. Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалык шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлык түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күнгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтпғы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады.

Өнеркәсіптің іс-эрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - 'өнімнің өзіндік кұны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы акшадай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы.

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлык элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін камтамасыз ету. Өнеркэсіптің өзіндік кұнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалган материалдык ресурстардың құны, еңбекақы.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің кызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс корларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар косымша шығындарды кұрайды.

Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік кұнның маңызы оның орындалу функцияларымен аныкталады.

І.Өзіндік құн өнім кұнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мэнісі, өнімнің өзіндік кұны аркылы өндіріс каражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

2.Өзіндік кұн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жургізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

З.Өзіндік кұнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Өзіндік кұнның деңгейіне кәсіпорынға катысы бар және қатысы жок факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорныға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық кашыктығы, шикізатка баға деңгейі, отын, жабдыктар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.

3.Өнімнің өзіндік кұнын кұрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:

Шығындардың бастапқы элементтерімен;

Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.

Шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі кұралы болып табылады. Нарыктык экономика жағдайында залалды Кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

¥лттык экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегінегізгі бағыттарын айтуға болады:

ғылыми-техникалық прогрестік жетістіктрін пайдалану;

өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

- экономикалык процестерді мемлекет тарапынан реттеу. Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мэселерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгенінің ғана емес, оны өндіруге канша еңбек жүмсалғандығының да маңызы зор.

Егер өнеркэсіптің ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланыуының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда лоарды үш топка бөлуге болады.

Өнімнің өзіндік күнын төмендету резервтерінің сыныптамасы

Өзіндік құнды төмендету резервтері

Пайдалану уақыты бойынша

Орында пайда болуы бойынша

Участок

Цех

Ағымдағы

Келешектегі

Жұмыс орны

Кәсіпорын

Халык,

шарашылығы, сала

Өзіндік құнның өзгеру формулалары

Үнемдеу көздері

- Өндірістің техникалық деңгейін жақсарту;

- Өндірісті ұйымдастыру және

еңбекті жақсарту;

- Өндірілген өнімнің құрылымы

мен көлемінің өзгеруі;

- Тағы басқа факторлар.

-Накты еңбекті ұтымды

пайдалану

-Өнімнің материалды

қажетсінуін төмендету

-Негізгі қорларды

пайдалануды жақсарту

Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалауын жаксартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс корларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, үшіншіден, казіргі еңбек шығындарының нэтижелілігін жақсартудың есбінен арттыру.

4. Өнімнің өзіндік кұнын арзандату - еңбек өнімділігінарттырудың шартқа айналган объективті бейнесі, экономикалык заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес ондірістік шыгын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады.

Өзіндік күнды кемітудің басты факторлары:

өндірістің техникалык деңгейін көтеру;

өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылыктарын томендету;

басқару және еңбекті үйымдастыруды жетілдіру;

технологиялық процестерді қуаттылыкпен негізгі қорларды пайдлануды жақсарту,т.б.

Өнеркэсіптің баға саясаты нарыктык бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарык қүрылымының бәсекеге жарамдалығына байланысты. Әдетте, нарық торт түрпатқа болінеді (еркін бәсеке, монополистік бэсеке, олигополистік бэсеке және таза бэсеке), олардың эрқайсысы салалык және онеркәсіп шығарған өнімдердің бағаларын калыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.Еркін бэсеке нарығы былай сипатталады:

фирмалардың коптеп болуы, эрі эрбір фирманың өнімге нарықтык үсыныс көлеміндегі деңгейі соншалықты аз, не бағаның артуы немесе кемуі оның кез келген қимылы бағаның нарықтық тепетеңдігін қамтып көрсете алмайды;

- өндірілген бәсекелі тауарлардың бір тектілігі және өзара алмасушылығы;

бағаның шектілігінің болмауы.

Еркін бәсеке жағдайында бірде бір өнеркэсіп баға қүрылымына елеулі ықпал ете алмайды, тауардың бағасы тек кана сүраныс пен үсыныс жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады.

Монополистік бәсеке нарығы нарыктык багаға бірыңғай емес мэміле, сонымен катар кең түрдегі ауқымды баға жасайтын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан түрады. Баға мәмілесінің бар болуы сатушылардың сатып алушыларға тауарлардьщ түрлі нүсқаларын үсыну кабілетінің болуын түсіндіреді.Накты бүйымдар бір-бірінен сапасы, ерекшілігі және сырткы ресімдеумен козге көрінеді. Бәсекелердің коп болуы олардың эркайсысы бағаны бақылауға шек кояды. Өндірілген тауарларды елеулі саралау кәсіпорынның баға саясаты арасындағы өзара тығыз тэуелділігінің жоктығын түсіндіреді және бағаның жеке деңгейін жөніндегі келісімге шек қойылады.

Әдетінше, олигополиялық баға күрылымының бірнеше жалпы шегі болінеді:

- олигополиялык бағалар толымды бэсеке жағдайындағы бағаларға монополиялык бәсеке немесе тіпті кейбір жағдайда таза монополияға қарағанда аз озгереді;

- олигополиялық жағдайда баға «катал» немесе икемділік тенденциясында болады.

Олигополия түрлі нарықтык жағдайларды қосады, аз санды сатушылар, жалпыға бірдей өндірушілердің өзара тэуелділігі, сол сияқты кейбір кәсіпорындардың бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын ала болдау болып табылады.

2 Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның түпкілікті шығындары:

а) ресурстарға жұмсалған қаражаттың сатып алу кезіндегі қолданылып жүрген бағасы;

ә) өндірістің ең қолайлы жағдайындағы өнімнің кез келген мөлшеріне өндірістің аз шығындары;

б) өнімді өндірмесе де кәсіпорынның шығындары;

в) анықталмаған шығындар.

2. Мына төмендегі шығындар түрлерінің қайсысы кәсіпорынға оңтайлы өнім өндіруге қабылданған шешімдері еске алынбайды?

а) орта ауыспалы;

ә) бухгалтерлік;

б) орта тұрақты;

в) шектілік.

3.Қашан шекті өнімділік өссе, шекті шығын:

а) артады;

ә) кемиді;

б) түпкілікті;

в) мәліметтер жеткіліксіз.

4. Шығын, оның негізгі түрлері:

а) айқын, айқын емес, тікелей, өндірістік;

ә) өндірістік тікелей, жанама;

б) өндірістік, ішкі, сыртқы, тұрақты;

в) тұрақты, айнымалы, жалпы.

5.Қысқа мерзімдегі айналымы шығындарға жататындар:

а) алған несиесі үшін проценттік төлемдер;

ә) амортизациялық төлемдер;

б) шикізаттарды сатып алуға кететін шығындар;

в) кәсіпорынның сақтандыру төлемдері.

3 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

4 СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1 Өндіріс шығындарын кесте түрінде талдау.

5 СӨЖ арналған тапсырмалары:

1 Өндіріс шығындарын кәсіпорында төмендету жолдары.

Тақырып 6. Құрылыс мекемесініц негізгі қорлары

  1. Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы.

  2. Амортизациялық аударым жарнасы.

  3. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі

  4. Лизинг және оның кұрылыс кешенінде қолданылуы.

1. Негізгі кор дегеніміз - бүл өндірістік процессіне ұзақ мерзімде катысып, өзінің натуралды түрін жоймай, өзінің кұнын өндірген өнімнің өзіндік құнына бірте-бірте тозған сайын амортизациялық (жарнама) аркылы аударып отырады.

Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі корлардың кұрамына өндірістік және өндірістік емес обьектілер кіреді. Біріншіге жататындар-өндірістің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және баска да материалдык өндіріс түрлерінің негізгі корлары. Өндірістік емес негізгі корлар-тұрғын үй, коммуналдык шаруашылык, денсаулык, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды-заттык кұрама принципінде негізгі корлар мыналардан тұрады: ғимараттар,кұрылыстар, табыстау кондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдыктар, өндірістік-шаруашылык құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдык егістер, шаруашылыктың ішкі жолдары, сол сиякты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив белігі( машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер(ғимарат,құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Негізгі қорлардың кайта калпына келтіру жөндеу (ағымдық, орта, күрделі) және модернизация, кайта құру аркылы іске асырылады. Жабдықтың жөндеуін екі тэсілмен орындауға болады: подрядттык және шаруашылық. Қолайлы болып подрядтык табылады, өйткені жөндеуді қажетті жабдыкпен жарақтандырылған мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. Бұл кезде жөндеудің сапасы жоғары, ал көрсетілетін кызметтердің кұны өзінің күшімен жасайтын жөндеуден төмен болады.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік корлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады-негізгі корлардың тозуы, амортизация, негізгі корларды толық қалпына келтіру үшін каражаттың корлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі корлардың кез келген обьектілері табиғи және сапалык тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалык және экономикалык факторлардың ықпалы аркылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыкка әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.Табиғи тозу жөндеу, қайта кұру және негізгі корларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалык тозуы ескірген негізгі корлар өзінің конструциялык, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондыктан,негізгі корларды эсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың кажеттілігі туады. Осыған байланысты казіргі экономикада айырбастаудың аныктаушылық қажеттіліктің басты факторы-сапалык тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны-ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп калмауына жол бермеу (эсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2. Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың кұнының экономикалық орнын толтыру амортизациялык аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация-бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор кұнының бірте-бірте ауысуы.Ол акшалай каражаттың қорлану максатында негізгі корлардың толық және ішінара калпына келтіру үшін асырылады.

Нарыктык қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері Кәсіпорынның экономикасына елеулі косылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін кебейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылыгы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының аукымды деңгейі қысқарады.

Екінші жағынан, амортизациялык аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп калуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан бэсекеге жарамдылығы төмендеп,өздерінің рыноктағы жайгасымы ысырап болады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі кұрал-жабдыктардың баланстык кұнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың кұнын өтеудің жьшдык проценті болып табылады және жылдык сомасын аныктайды.Баскаша айтқанда, өтелім мөлшері -бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік корлардың кұнына процент есебіндегі катынасы.

Амортизациялык аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапкы (баланстык) негізгі қорлардың кұны амортизацияның мөлшерімен анықталады. і,

Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі.

МА=Қбқ-Қж/Қбқ·Мқ·100%,

мұнда МА-негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %,

КбК-негізгі корлардың бастапқы (баланстық) құны,

Қж-жойылу құны,

Мк-негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі корлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді.Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уакытында орнын толтырып тұруы кажет. Оларды есептегенде максатқа сэйкес негізгі қорлардың кызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте кажет.

• негізгі қорлардың төзімділігі,

•сапалык тозу (бірінші және екінші түрлері),

техникамен кайта жарақатандырудағы келешекке арналған жоспар,

жабдыктау балансы,

жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

Кәсіпорын негізгі қорлар женінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдыктарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді колдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.

Негізгі корларды пайдалануының тиімділігін анықтайтын негізгі екі көрсеткіш бар:

- қор кайтарымы,

- қор сиымдылығы.

Қор қайтарымы - бүл негізгі қордың бір тенгеге тең мөлшері канша өнім өндіргенін аныктайтын көрсеткіш. Ол келесі формуламен аныкталады:

кмж

КК = НК ;тг / тг

мұнда:

КК - қор қайтарымы, тенге/тенге

КМЖ - құрылыс - монтаждау жұмысы НК - негізгі қор , тенге

Қор сиымдылығы - бұл кұрылыс - монтаждау жұмысының 1 тенгеге тең көлемін өндірү үшін канша негізгі қор колданылғанын аныктайтын көрсеткіш. Келесі формуламен анықталады:

Кс = НК ;тг/ тг/ КМЖ

Қор қайтарымды көрсеткішінің артуы және өнімнің қор

сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі корларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды казіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану кажет.

Негізгі өндірістік кордың нэтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жаксарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып калуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолы мен кол жетеді.

4. Лизинг - мүлікті уакытша қолдануға беру. Лизингтік іскерлік - бұл арендалык қатынастың бір түрі. Лизинг бойынша арендаға беруші (лизингберуші) арендатордың (лизингалушы) талабы бойынша сатушыдан керек мүлікті сатып алып белгілі ақыға оны лизингалушыға уақытша қолдануға береді. Лизингтік келісімнің заты болып кез келген мүлік бола алады (жер аумағы мен табиғы объектілерінен басқа). Лизингті келісімнің үш субъектісі болады:

1 - лизингберуші, лизингтік келісімнің шарты бойынша, лизингалушыға мүлікті уакытша иелікке және қолдануына береді. Лизингберуші болып арнайы лизингтік компаниялар, қаржы лизингтік компаниялар, банктер және шаруашылык субъектілері болады.

- лизингалушы болып өндірістік іскерлікпен айналысатын заңды тұлга және жеке тұлға бола алады.

- лизингтік келісімнің үшінші субъектісі - лизингтік мүліктің сатушысы. Бұның орнында негізгі корды өндіретін завод, заңды және жеке тұлға болады. Олар лизингтік келісімнің объектісі болып келген мүлікті лизингберушіге сатады.

Лизингтің негізгі типтеріне жататындар: ұзакмерзімді лизинг(3 жылдан ары қарай); ортамерзімді лизинг (1,5-3 жыл); қысқамерзімді лизинг (1,5 жылға дейін).

Лизингтің екі формасы бар:

- ішкі, лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы ҚР-ның резидентері болып табылады;

- халықаралык, лизинг беруші және лизинг алушы ҚР-ның резидентері емес. Лизингтің негізгі түрлері болып қаржы, қайтарым, оперативті. Қаржы лизинг келісімнің ұзақ мерзімімен (5 жылдан 10 жылға дейін) жабдық кұнының барлық немесе үлкен бөлігінің амортизациясымен сипатталады. Қайтарымды лизинг - Кәсіпорын өзінің мүлігін лизингтік фирмаға сатады және оны қайтадан ұзақмерзімді арендаға алады. Лизингтік келісім аякталған соң мүлікке меншіктің кұкығы Кәсіпорын-арендаторға кайтадан етеді. Мұндай жағдай кәсіпорын айналым каржылардағы жетімсіздікті көретін жағдайда пайда болады. Оперативті лизинг қыска және орта мерзімге біраз пайдалануға мүліктің берілуін көздейді. Орта және қыска мерзімдер мүліктің кызмет көрсетудің экономикалык мерзімінен (амортизациялак мерзім) қысқа болады. Бұл кезде арендаға беруші келісімнің белгіленген мерзімін сактау кезінде келісімді тарқауға құқығы бар. Оперативті лизингке кұрылыс техникасы (крандар, экскаваторлар), көлік беріледі.

Қазакстанда лизингтің дамуында үш кезеңді бөлуге болады:

кезең (1989-1992 жж.) - Қазақстандағы лизингтік бизнестің пайда болу кезеңі. Бұл мерзімде алгашкы лизингтік компаниялар құрылған. 199 жылдың ортасында 20 лизингтік фирмалар және 120 коммерциялык банктер , соның ішінде «КРАДС-лизинг», «Туран-лизинг» және т.б. жұмыс істеді. Олар маңызды емес көлемдерде келісімдерді іске асырды.

кезең (1995-1997 жж.)- лизингтік катынастардың дамуында жаңа бұрылыс. Бұл мерзімде нормативті-эдістемелік базаны жасау, лизингті мемлекеттік колдаудың бастамасы болған. Жаңа лизингтік компаниялар-«Кен дала» АҚ, «Агролизинг» АҚ. Лизинг аграрлы сектордың кажеттіліктеріне бағытталған.

кезең (2000 ж- қазіргі уакытка дейін) - «Қаржы лизинг туралы» ҚР-ның Заңын кабылдауына байланысты лизингтік катынастардың жаңа толкыны. Лизингтік қызметтер салалар және лизингтің объектілері бойынша кең диапазонда көрсетіледі. Шағын бизнеске «БТА лизинг» ААҚ компаниясы, «Казагрофинанс» ЖАҚ ауыл шаруашылығы , автобустарды жеткізу «Олъга» фирмасы және т.б. кызмет көрсетеді.

Лизинг артықшылықтардың келесі қатарына ие болады:

Ол несиелеудің 100 % көздейді және төлемдердің шұғыл төлемін талап етеді;

Лизинг бойынша келісімді алуға ссуда туралы келісімді алуға карағанда жеңіл;

Ссуда туралы келісімнен лизингтік келісім икемді болады. Ссуда әрқашан шектелген мерзімдерді және өтеу мөлшерін көздейді. Лизинг жағдайында Кәсіпорын табыстарын есептегенде өтеу схемасы жасалады;

Лизинг аренда берушігесатып алуға қарағанда көп өндірістік қуаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Лизинг арқасында уакытша босатылған ақшаларды ол баска мақсаттарға пайдалануы мүмкін;

Бірақ лизингтің кемшіліктері де болады:

Егер жабдық уақыт бойынша ескерсе, онда лизинг алушы келісімнің соңына дейін арендалык төлемдерді төлей береді;

Егер жабдык бұзылып, жөнделмесе, онда да төлемдер жүргізіледі;

Егер лизингтік келісімнің нысаны болып уникалды немесе ірі объект табылса, онда лизинг туралы келісімнің дайындығы маңызды уақыт пен құралдарды қажет етеді,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]