Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Құрылыс табысының қалыптасу бағыттары

  2. Табыстың қалыптасу сатылары

  3. Сметалык табыс.

  4. Жоспарлык табыс.

  5. Нақтылығы табыс көзі

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар

3. Соөж тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

  1. Табыстың экономикалык мэні.

  2. Табыстың түрлері.

  3. Мекеменің рентабельділік деңгейі.

СӨЖ арналған тапсырмалары:

Рентабельділік деңгейді анықтау.

Тақырып 11. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ж/е аудит

  1. Құрылыс мекемесінің есеп бөлімшелері.

  2. Құрылыс мекемесінің бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастыру.

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімшесінің міндеті – мекеменің бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы біріңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ету, мекеме қызметі жөніндегі қаржылық және ішкі есептіліктерін құрастыру және оны басшыларына, банк пен басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну.

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімдері:

  1. банкішілік операциялардың есеп бөлімі;

  2. жинақтаушы есептіліктер бөлімі;

  3. банктік операцияларының кейінгі бақылау бөлімі.

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімді бас бухгалтер басқарады, ол тікелей Басқарма төрағасының осы мәселемен айналысатын орынбасарына және мекеме басқармасының төрағасына бағынады.

Бөлімді операциялардың есеп бөлімі біріңғай әдістемелік саясатты жүргізеді, есеп пен есептіліктегі кемшіліктерді жоюды қадағалайды, сол сияқты мүліктердің бары мен қозғалысына, материалдық және қаржылық ресурстардың қолданылуына бақылауды қамтамасыз етеді, шаруашылық ішілік операциялардың синтетикалық есебін жүргізеді.

Жинақтаушы есептіліктер бөлімі есептік – статистикалық жұмыстарды ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшелерге статистикалық және қаржылық есептіліктерді ұйдастыру және дайындау мәселелері бойынша көмек көрсетеді, нұсқау береді және тексереді, есептіліктерді жиынтықтауды дайындайды, бухгалтерлік есептің барлық бөлімшелері мен есептілікті жүргізу бойынша қарарларды, нұсқауларды, ережелер мен рәсімдерді жасайды.

Кейінгі бақылау бөлімі құжаттардың бірінші даналарының негізінде банктік бас бөлімшесі жүзеге асырған операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелеудің дұрыстығын, тоолықтығын, өз уақытылы екендігін тексерук мақсатында кейінгі бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шотты жүргізеді, әр 10 күн сайын корреспонденттік шоттар бойынша сәйкес келмеушілік тізімдемелерін құрастырады, ұйымдық құрылымға байлаынсты корреспонденттік шоттарды басқару мен олардың жағдайына жауапкершілік, өтімділікті басқару департаментіне жүктелген.

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары

Барлық шаруашылық операциялар балансқа әсер етеді, оның оған әсер етуіне байланысты әр түрді операциялар түрі қарастырылады. Яғни, әрбір жаңа операцияны жүзеге асыру барысында баланс өзгеріп отырады, сондықтан әр жолы қайта құру мүмкін емес. Жекелеген мүлік құралдарының (актив позициясында) және міндеттемелердің жеке капиталды қосқандағы ( пассив позициясында ) өзгерістері шоттарда, яғни екі жақты жазуда ескекріледі.

Шот нысаны:

Дебет шот Кредит

Баланстық позицияда мүліктің немесе капиталдың нақтылығы туралы айтылып отырғандықтан, сәйкес шоттардың барлығы Инвентарлық шоттар деп аталады.

Барлық баланстық позициялар инвентарлық шотқа кіргізіледі:

  • активті шоттарда бастапқы қалдық дебетке кіргізіледі

  • пассивті шоттарда бастапқы қалдық кредитке жатқызылады

Бастапқы баланстық шоттарға бөлінгеннен кейн және бастапқы қорларды енгізгеннен кейін операцияларды жүргізуге болады.

Сондықтан бухгалтерлік кітапта жазудың ережесі бар:

  • түсімдер немесе көбеюлер бастапқы қалдық бар жағында жүргізіледі;

  • шығындар немесе қордың азаюы шоттың келесі жақ бетінде жүргізіледі.

Активті шоттарда қалдық дебит жағында болады, сондықтан:

  • түсімдер дебетте жүргізіледі;

  • шығындар кредитте жүргізіледі.

Пассивті шоттарда қалдық кредит жағында болады, сондықтан:

  • түсімдер кредитінде жүргізіледі;

  • шығындар дебетнде жүргізілеі.

Кредиттік мекемелер де басқа кәсіпорындар сияқты ең аз дегенде туындайтын шығындарды жабу үшін табысқа жетуге ұмтылу керек. Сондықтан дебиторлар несиелеуді пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Және керісінше, салымшылар өздерінің салымдары үшін пайыз алады. Барлық шығындар және табыстар капиалдың азаюы немесе көбеюі болып табылады. Меншікті капиталдың өзгеруінің осындай жиі рәсімдерін тікелей меншікті капитал шоттарында жүргізу тиімдірек болар еді. Осы жағдайда капиталдың өзгеруін бухгалтерлік кітапқа жазу меншікті капитал шотындағы келіспеушілікке әкелер еді. Сонымен қатар жекелеген табыстар мен шығындардың мөлшерін және маңызды динамикаларды бөлу мүмкін емес болар еді. Сондықтан табыстар мен шығындар капиталдағы осыған ұқсас өзгерістер тіркелетін Бас кітаптың ерекше шотында жүргізіледі. Бұндай жағдайда, нәтижелік шоттың көмегімен кәсіпорынның жақсы қызметінің себебін зерттеуге және баға беруге болады.

Осылайша қорытынды шот меншікті капитал шотының аралық шоты болып табылады. Қорытынды шот тек капиталдағы өзгерістерді ғана есептейтіндіктен, олардың бастапқы қоры жоқ.

Қорытынды шоттағы өзгерістер осы меншікті капитал шоты жағында жасалады:

  • табыстар табыстар шотының кредитінде капиталдың өсуі сияқты жүзеге асырылады;

  • шығындар капиталдың азаюы сияқты шығындар шотының дебетінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы құрылыста бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі - синтетикалық есепшоттар жүйесі, яғни екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2002 жылы 30 шілдеде бекіткен. Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бұл құжат кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметінің бухгалтерлік шот ережесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін біпыңғай есеп нысаны болуы банк қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді.

Шот жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:

І класс – Активтер.

ІІ класс – Міндеттемелер.

ІІІ класс – Меншікті капитал.

V класс – Табыстар.

V класс – Шығындар.

VІ класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер.

VІІ класс – Құрылыс мекемесінің балансына меморандум шоттары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]