Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

8. Оқу тәртібінің саясаты

Оқу жүктемесiнiң жалпы көлемi: 135 сағат, оның iшiнде: 30 сағат-дәрiс сабақтары, 15 сағат - практикалық сабақтары, 45 сағат – CОӨЖ, 45 сағат - CӨЖ- на берiлген. Оқу пәнi мiндеттi компонент болып табылады.

Аудиториялық сабақтар дәрістер мен практикалық сабақтарға бөлінеді. Әр бір сабаққа дайындық міндетті. Дәрісханалық сабақтарда берілген тақырып бойынша талқылау жүргізіледі, өз ойларын ортаға салады, сұрақтарға жауап береді. Практикалық сабақтар әртүрлі белсенді әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі: дискуссиялар, модельдеу жаттығуларды орындау, кейстерді құру, есептер шығару, тест жұмыстарын жасау.

Студенттер сабаққа қатысуға жіне дәріс сабағында берілген анықтамаларды конспектілеуге міндетті.

Әр бір сабақта студент материалды талқылау барысында белсенділік таныту қажет.

Сіз нақты жағдайды сипаттайтын және курстың мазмұнына сәйкесті кейстерді құруыңыз қажет.

Студенттер жеке презентация дайындауы қажет. Ол үшін ол жеке жоба дайындайды. Жеке жоба зерттеу сипатта болуы керек. Сізге жобаның мазмұның айтып беріп, талқылау жүргізу қажет.

Курс барысында сіздерге жазбаша бақылау жұмыстары беріледі.

Таңдалған тақыптарына байланысты зерттеу жұмыстары презентациясы болады. Презентация студенттпен сонңғы апталарда жасалады.

Студенттермен белгіленген мерзімде тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

«Кұрылыстағы экономика ж/е менеджменті» пәні бойынша қысқаша лекциялар курсы

Тақырып 1. Құрылыс - материалдық өндірісінің саласы ретінде

1. Пәннің түсінігі, мәні, мазмұны.

2. Кұрылыс экономикасы және оның басқа экономикалық ғылымдармен байланысы

1. Экономика сөзі грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері» дегенді білдіреді. Қазіргі таңда экономиканы ұлттық шаруашылықты рационалды жүргізу ғылымы деп анықтауға болады.

Экономика нақты базис, ал өмір жағдайынан қарайтын болсақ қалғанның барлығы тек үстеме екені жалпыға мәлім. Экономика қоғам өмірінің негізгі көрсеткішінің кез келген ракурсындағы динамикасы мен деңгейін анықтайды.

Экономиканы адам қызметінің осы сферасына байланысты барлығы білуі керек. Осыған жетудің тек бір ғана нақты жолы бар — келесіде объект практикасына алынған білімнің рационалды қосымшасымен экономика пәнінің негізгі оқытылуы.

Құрылыстағы экономика және менеджмент курсы құрылыс мамандығының болашақ мамандарын негіздейтін, қалыптастыратындардың бірі болып табылады.

Нақтылы экономиканың фундаменталды білімін беретін негізгі теоретикалық курс –құрылыстағы экономика және менеджмент. Сонымен қатар, курс экономика саласындағы негізгі, түйіскен проблемаларды шешудегі қажетті практикалық қабілеттермен қамтамасыз етеді-жалпы даму қорлары салаларын аша білу, осы мақсатта салалық және салааралық факторларды пайдалану, сан түрлі аспектідегі экономикалық тиімділіктің есебін жүргізу және т.б. Салалық экономика осы білім саласы бойынша түсінік және категориялы аппараттармен, сәйкес терминологиямен, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің корреспонденциясын үйретумен, олардың экономика-математикалық аппарат көмегімен қалыптастыруын жабдықтайды.

Сонымен қатар, салалық экономика салалар бойынша, соның ішінде күрделі құрылыста, статистика мен динамикадағы негізгі, экономикалық көрсеткіштердің қазіргі замандық параметрлер деңгейіндегі нақты салалар мен салалар тобындағы ақпараттық материалдың қажетті қорын береді. Экономика және менеджментті зеттеу күрделі құрылысқа көңілін бөледі (саланың мінездемесі, оның спецификасын ажырату, даму тенденциялары, ресурстар және оларды қолданудың тиімділігі, сала дамуының факторлары және олардың тиімділігінің артуы- концентрация, мамандандыру, кооперациялау, өндірісті қиыстыру, салааралық интеграция, орналастыру, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық проблемалары).

Сала (құрылыс) экономикасы салалық ракурс ішінде экономикалық анатомияны береді. Құрылыс саласының экономикасы, осылайша, нақты саланы зерттейтін және сол мезетте жалпы экономикалық ғылымның бөлігі болып есептелетін дербес экономикалық ғылым. Осыдан екі маңызды қорытынды шығады.

Курс құрылыс саласын салалық материалдың қанығуымен нарықтық шаруашылық механизм жағдайындағы дамудың қарқынды рельстеріне аудару есебімен құрастырылды. Бұның бәрі сала (құрылыс) экономикасы курсын терең және ойластырылып зерттеуін қажетті етеді.

1. Құрылыс экономикасы жалпы экономикалық ғылымның бөлігі ретінде барлық экономикалық категорияларды толығымен қолданады. Еңбек өнімділігі, қор қайтарылуы, пайда, құрылыс өнімінің өзіндік құны және т.б. түсініктер сияқты.

2. Басқа жағынан құрылыс саласының спецификасына байланысты факторлар, резервтер, еңбек өнімділігінің арту жолдары, пайда, өндіріс рентабелдігі және т.б. әр түрлі болады. Осы экономикалық категориялар көрсеткіштерінің мағынасы деңгейі әрі динамикасы бойынша әр түрлі болады. Олар құрылыс саласының спецификасымен анықталады.

Сала атқаратын экономикалық аспектілер құрылыс саласындағы экономика және менеджментті зерттеу пәні болып табылады. Бұл ең алдымен, берілген саланың спецификалық жағдайындағы өндіріс қатынастары мен өндіріс күштердің даму заңдылығы.

Құрылыс саласындағы экономика және менеджменттің зерттеу объектісі ұлттық экономиканың, халық шаруашылық кешеннің маңызды буыны ретіндегі - құрылыс болып табылады.

Құрылыстағы экономика және менеджментті зерттеу мақсаты — ресурстық және ұжымдық мінез-құлық факторларын және резервтерін ашу және оларды іске асыру жолдарын ойластыру негізінде күрделі құрылыстың атқару тиімділігін арттыру.

Курс мақсаты, пәні және объектісі ғылыми пән ретіндегі құрылыстағы экономика және менеджменттің міндеттері мен мазмұнын анықтайды.

Құрылыстағы экономика және менеджменттің міндеттерін кысқаша келесідей баяндауға болады:

1. Нақты экономикалық ғылымдар мен пәндерінің категориялық және түсінік аппаратының циклін берік меңгеру.

2. Бұл қиын экономикалық категориялар мен түсініктердің және саланың техника-технологиялық параметрлер есебімен нақты экономикалық көрсеткіштер корреспонденциясының экономикалық логикалық өзара байланысына ие болу.

3. Техника-экономикалық көрсеткіштер мағыналарының жиынтығы бойынша құрылыстағы экономика және менеджмент жайында белгілі көлемдегі ақпаратты алу, мысалы, өндіріс көлемі, пайда мөлшері, еңбек өнімділігі, өндірістің өзіндік құны, қор қайтарымы, сырт құралдарының айналымдылығы, т.б. және алынған ақпаратты алдыңғы оқытулар мен кәсіпшілік қызметінде екпінді қолдану.

4. Саланың атқаратын шарттарын және мінез-құлығын,оның экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын анықтайтын құрылыстағы экономика және менеджмент курсының спецификасын зерттеу.

Студент құрылыстағы экономика және менеджмент курсын зерттеу кезінде аталғандарға ие болуы тиіс.

Курстың мақсаты мен міндеттері құрылыстағы экономика және менеджменттің мазмұнын қалыптастырады. Курс келесідей логикалық жүйеден тұрады:

құрылыс саласының мінез-құлығы және қалыптасуы (сала және салалық құрылым түсінігі, құрылымдық саясат, сала мінездемесі және оның халық шаруашылық кешенінде алатын орны, негізгі кезеңдер және саланың ары қарай дамуындағы экономикалық алғы шарттар, оның рөлі, мағынасы және ұлттық экономика мен халық шаруашылық кешенінде алатын орны);

құрылыс салаларының ресурстары (негізгі қорлар, айналым қорлары, қызметкерлер және т.б.);

ресурстарды қолдану нәтижесі (өнімнің өзіндік құны, өндіріс шығындары, сату мен өндірістің көлемі);

сала ішіндегі өндірістің тиімділігі (пайда, өндіріс рентабелділігі);

сала атқарылуы және тиімділігінің арту факторлары (қоғамдық өндіріс ұйымдарының қалыптары — концентрация, мамандандыру, кооперациялау және өндірісті қиыстыру, сала кәсіпорындарын орналастыру, ғылыми техникалық прогресс).

Осының бәрі курс мазмұнын анықтайды.

Курстың нақты объектісі — күрделі құрылыс (капитальное строительство).

Курсты зерттеу әдістемесі — құрылыс саласының спецификасы есебімен жүйелі, диалектті жақындау.

Құрылыстағы экономика және менеджмент барлық жалпы экономикалық және нақты экономикалық пәндермен тығыз байланысты. Ол жалпы экономикалық теорияны көптеген курсты құрайтындар бойынша теоретикалық фундамент ретінде қолданады, ал өзі басқа нақты экономикалық пәндерге қатысы бойынша теоретикалық база ретінде болады және де сол мезетте ұлттық экономика, халық шаруашылық кешеннің маңызды әрі дербес буыны— осы саланың экономикалық аспектілерін зерттеу қызметін дербес орындайды .

Бірақ та құрылыстағы экономика және менеджментінде өзінің пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері және мазмұны бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]