Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Тақырыпты оқып зерделегеннен кейін негізгі ұғымдардың анықтамасын беріңіз (глоссарий).

  2. СОӨЖ сұрақтарына және тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз. Тестіні орындаңыз.

  3. Берілген әдебиеттер бойынша қосымша оқу материалдарын зерттеңіз.

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар

3. Соөж тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

Нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала білу;

Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

СӨЖ арналған тапсырмалары:

Мекемеде есеп пен аудитті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Такырып 12. Кәсіпкерлік қызметке салық салу

  1. Кәсіпкерлік кызметке салық салу

  2. ҚР-ның салық жүйесінің жалпы сипаттамасы.

  3. Салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері.

  4. Арнайы салык режимдері.

  5. Салық тәртібін бұзу үшін салык төлеушілердің жауапкершілігі.

Салықтар- нарықтык қатынастар жағдайындағы мемлекеттің айырылмас бөлігі. Кәсіпкерлер қандай салықтарды төлеуге, қанша және қашан білу керек. 14 жылдык кызметінің мерзімі ішінде Қазақстанның салық жүйесі маңызды өзгерістерден өтті, бірақ оның атқаратын міндеттері өзгермеген. Фискальды міндеті: кәсіпкерлерден және жеке азаматтардан оларға қатысты құнның бөлігін мемлекеттің қазынасына алу. Реттейтін міндеті: салықтар ұдайы өндіріске маңызды әсер етеді, оның карқындарын ынталандырады және токтатады, капиталдың жиналуын күшейтеді және элсіздейді, төлемге жарамды сұранысты кеңейтеді және азайтады. Реттейтін міндеті салык ставкалары, жеңілдіктері, санкциялар- кұралдардың жинағы кіретін, салык салуды баскарудың ұйымдық-кұқықтык нормалары мен эдістерінің жинағын білдіретін салык механизмі арқылы анықталады. Бюджетке және бюджеттен тыс корларға міндетті аударылатын төлемдердің жинағы, оларды құрастыру тэсілдері мен әдістері салык жұйесін құрайды.

Қазіргі уақытта салык қызметінің органдары облыстар, Астана және Алматы калалары, аудандар және баска калалар бойынша салык комитеттерімен көрсетіледі. Салық органдар тігінен салық қызметінің тиісті жоғары туратын органына тэуелді және жергілікті орындаушы органдарға жатпайды.

ҚР-дағы салыктың түрлері: корпоративті табыс салығы, косымша құнға салық, акциздер, жер астындағы қазбаларды пайдаланушылардың салыктары мен арнайы төлемдері, элеуметтік салык, жер салығы, көлік кұралдарына салық, мүлікке салынатын салық.

Осыдан басқа жинаулардың эр түрлері колданылады: аукциондардан жинаулар, жылжымайтын мүлікке кұкықтарды тіркеу үшін жинаулар, кызметтің кейбір түрлерімен айналысу кұкығы үшін және т.б. Жер және су ресурстарын пайдалану үшін төлемдер, қоршаған ортаны ластау үшін төлемдер болады. Мемлекеттік және кеден төлемдері. Шағын Кәсіпорындардың барлык салықтары бекітілген ставкалар бойынша алынады. Мысалы, ҚҚС- 15 %, корпоративті салык - 30 %.

Шағын бизнеске арнайы салык режимін қолданады; бір реттік талонның, патенттің және жеңілдетілген декларацияның режимі. Арнайы салық режимі жеке тұлғаларға колданылады. Талонның құны төлем көзіндерінде ұстап калынады.

Патент- арнайы салык режимінің кұқығын куэлендіретін және салыктар соммаларының бюджетке төлеу фактісін растайтын кұжат. Патент бойынша арнайы салык режимін жалдама еңбекті пайдаланбайтын кэсіпкерлер колданады. Олардың жылдық табысы 2,0 млн. тг аспайды. Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салык режимін 25 адамға дейін жалдама еңбекті пайдаланатын және 10,0 млн. тг шеңберіндегі табысымен жеке кэсіпкерлер және 50 адамға дейін жалдама еңбекті пайдаланатын және табысы 25,0 млн.тг кұрайтын заңдық тұлғалар іске асырады. Жеңілдетілген декларацияның негізінде салықтарды есептеу шағын бизнестің субъектісімен есепті салық мерзімі ішіндегі дербес салық салу нысанына салықтардың тиісті ставкаларын қолдану аркылы жүргізіледі.

Салык төлемдерді бұзған жағдайда банк шоттарында жаткан ақша, қолдағы акша, мүлікті өткізу есебінен салық қарызын мәжбүрлі алу қолданылады.

Бақылау сұрактары

-Салыктардың элеуметтік-экономикалык мэні және олардың міндеттері? --ҚР-ның салык жүйесінің айырмашылық ерекшеліктерін атаңыздар;

-Салыктардың және бюджетке баска төлемдердің түрлерін атаңыздар;

-Кәсіпкерлік кызметті козғайтын негізгі салыктарды сипаттаңыздар;

-Бір реттік талонның негізіндегі арнайы салык режимі;

-Патент негізіндегі арнайы салык режимі;

-Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салык режимі;

- Салык төлемдерін бұзған үшін санкциялар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]