Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асхат отчет.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
995.33 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе

  1. Қазақстан туристік фирмаларының жалпы сипаттамасы..........................4

  2. Астана қаласындағы практикалық кезең анализі.......................................6

    1. Турагентке зерттеу жұмыстарын жүргізу..........................................8

2.2 «3D Tour» туристік фирмасының басқа тур фирмалардан ерекшелігі және ұсыныста...................................................................................14

2.3Маркетиг және нарықты талдау............................................................16

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан үшін пайдалы, әрі перспективасы зор, маңызды салалардың бірі болып туризм табылады. Бүгінгі күні туристтік компаниялардың қызметтерін жаңғырту үшін Қазақстанда бәсекелестік стратегияны жүзеге асыруды дамытудың оптималды жолдарын іздестіру жұмыстары еліміз үшін дұрыс шешім болып отыр. Әрине, туристтік кешен қызметтер сферасына жатқызылады, сол себепті сфераны дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде есептілікті қажет ететін бірнеше даму мәселелері мен ерекшеліктері туындайды. Сондай-ақ, отандық және шетел зерттеу жұмыстары кезінде орын алған теориялық сипаттағы сұрақтар да бар.   

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Көптеген авторлар туризмге анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Қазір «туризм» терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Туризм анықтамасы екі бағытта берілуі тиіс: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік – аумақтық кешенділік қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс пен ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

           Туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтаманы сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа көлік, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызметі жатады.

           Туризм – рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі туристік іс-әрекеттер жиынтығымен байланысты адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып, оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларды атауға болады.

           Сондықтанда қазіргі кезде туризм – экономика, шаруашылық саласы, бизнес, кәсіпкершілік, таным спорт және демалыс деп атау орынды. Туристік іс-әрекеттер көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар көліктік қызметті, тамақтану, туристерді орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде. Туризм факторларын анықтап болғаннан соң туризм индустриясын бастау қажет.

           Туризм индустриясы – бұл табиғаттың рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.

           «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сыйымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері: туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдық және циклды мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.

Туризм индустриясының оң жақтарына:

1.       ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі.

2.       Аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.

3.       Туризм сферасында жұмыс істейтіндердің көбеюі.

4.       Экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы.

5.       Аудандардың білім және ғылым әлеуетінің өсуі.

6.       Агломерацияға антропогенді әсердің азаюы.

Туризм индустриясының теріс жақтарына:

1.     Өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының экономикалық бағыныштығы;

2.     ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;

3.     Туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;

4.     Игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді әсердің артуы.

Бұл аталып өтілген туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

  Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа ұйымдастырушылық – құқықтық формаларға тез бейімделетін және қысқа уақыт мерзімінде ұлттық экономиканың катализаторы бола алатын жаңа салаларды дамыту қажеттілігі туындады. Осындай салалардың бірі – туризм саласы болып табылады.

Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.

Туризм индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін сала, қаржы салудың берік сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл саланың дамуы елдің валюталық жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік – мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.

Туризмнің тиімді дамуы маркетинг жүйесін ендіру арқылы ғана мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстанда туристік қызметте маркетинг элементтерін қолдану кең өріс алуда. Алайда, туристік маркетингті ендіру жүйелілік және мақсаттылық сипатқа ие болмай, туристік фирма басшысының эпизодты инициативасы ғана болып табылады.

Сондықтан туристік қызметтің экономикалық тиімділігі мен бәсекеқабілеттілігін жоғарлату үшін, туризмде маркетингтің бүтіндей концепциясын қолдану қажеттілігі туындап тұр. Туристік фирмалар бәсекелестік артықшылықтарға ғана жету мақсатын көздеп қоймай, сонымен қатар қызметінің әрбір кезеңінде маркетингтік орта өзгерістеріне бейімделуге және нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Туризмде бәсекелестік артықшылыққа жету оңай емес, бірақ бірнеше артықшылықтарды иемденіп, белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтың үлесін алу мүмкіндігі бар. Бәсекеқабілеттігін жоғарлату Қазақстанның туристік фирмаларының даму стратегиясына айналуы керек, сонда ғана туристік фирмалар нарықта қызмет етіп қана қоймай, өз қызметтерін кеңейтуге, нарықтағы үлесін арттыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда бұл сұрақ өте актуалды болып табылады, сондықтан берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалынып алынған.

Туристік маркетингтің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер туристік сала спецификасымен және бұл саланың аз зерттелгендігімен сипатталады. Қазақстанда туризмнің әр түрінің дамуына қолайлы табиғи – рекреациондық ресурстар мен қалыптасқан тарихи жағдайлар баршылық. Туристік маркетингті қолдану туризмнің алдыңғы қатарлы салалардың біріне айналуына және Қазақстан экономикасының катализаторы болуына өз септігін тигізеді.

1. Қазақстан туристік фирмаларының жалпы сипаттамасы

Туристердің жайлы, сапалы демалуы тікелей туристік фирмалардың арқасы. Тур пакеттерді дайындап, оны туристерге ұсынып, қауіпсіздігіне кепілдік беріп, құжаттарын дайындауға көмектесіп жататын тур фирмалардың атқаратын қызметі тым күрделі. Қазақстандағы алғашқы туристік фирмалар туралы айтатын болсақ, 2010 жылы республикада 1490 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 15 мың адам, оның ішінде 2500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

Ал енді еліміздегі туристік фирмалардың қазіргі жағдайына тоқталу үшін статистикалық мәліметтерге жүгінейік. 2012 жылы елде 1715 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2012 жылға 486,5 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі – 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі – 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2012 жылғы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады.

     

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте елде 1 950 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 494,1 мың адамға қызмет көрсетті, бұл 2011 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 10,6 % (446,5 мың адам) артық. Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 18,6 %-ды, кіру туризмі – 31,4 %-ды, шығу туризмі – 50 %-ды құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмнің 43,7 %-дан 50 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 28 %-дан 18,6 %-ға азаюы байқалады. [1]

Туристік бизнесті ұйымдастыру және жүргізудің халықаралық тәжірибесін жинақтау мен пайдалану үшін, сонымен қатар туризмді қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруда. Бағдарламада еліміздегі қалалардың "KITF", сондай-ақ Берлин, Мәскеу, Мадрид, Лондон қалаларындағы халықаралық туристік көрмелерге қатысу қарастырылған.

Туризм саласының 2013 жылға арналған міндеттері:

- Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрі іске асыру;

- Туризм саласында заңнамалық базаларды, туристік саланың дамуына бағытталған заңға тәуелді нормативтік және құқықтық актілерді жетілдіру, қауіпсіздік шараларын, туристік қызмет сапасымен сервисін қамсыздандыру және отандық, туристік нарықтағы субъектілерді мемлекеттік қолдау;

Қазақстандағы жоғары дәрежеде қызмет көрсетіп жүрген бірнеше туристік фирмаларды мақтанышпен атап өтсек болады:

  • Саят тур

  • Тез тур

  • Алиф тур

  • Алтын сити

  • Димал тур

  • Каспиан тур

Қазақстанда қызмет көрсету сапасын, туристік фирмалар санын арттырып, елге туристерді тартатындай жарнамалар жасап халықаралық стандарт талаптарына сай елдің туристік кешенін қалыптастыруымыз қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]