Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асхат отчет.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
995.33 Кб
Скачать

Тәжірибе барысында туристік қызметтің қай түрлеріне лицензия берілетінін және қандай құжаттар дайындау керектігін үйрендім. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:

  • туроператорлық;

  • турагенттік;

  • экскурсиялық;

  • туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі — лицензиялық алым) төлейді.

Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.

Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

  • білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

  • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

  • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

  • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

  • туристік бағыттардың тізілімі;

  • туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

  • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

  • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

  • білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

  • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

  • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

  • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

  • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

  • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

  • туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі бар екендігін растайтын құжат.

Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;

  • әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

  • денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:

  • туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:

  • лицензияның қайтарып алынуы;

  • азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы;

  • заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

Қазақстан Республикасында туристік фирмалар сапалы, қауіпсіз жұмыстар істейтін болса, туристердің саны көбейіп, ішкі және сыртқы туризм динамикалық тұрғыда дамуын одан әрі жалғастыра берер еді. Сонымен қатар, облыстың туристік саласының үлкен перспективалық дамуына, экономикасының өрлеуіне аса үлесі зор болар еді. [3]

2.2«3D Tour» турагентігінің басқа тур фирмалардан ерекшелігі және ұсыныстар

Артықшылықтар

Ұсыныстар

Тур фирма сайтында мәліметтердің жеткілікті берілуі, тартымды безендірулер

Тек орыс тілінде ғана емес, көптеген (қазақ тілінде, ағылшын тілінде, француз т.б.) тілдерде мәліметтер беру

On – line режимімен жұмыс жасау

Маркетингтегі жарнама жүйесі дұрыс қолға алынса. Мысалы, тур фирма сайтын туристерді қызықтыратын, ерекше түрлі түсті суреттермен безендіру

Ынталандыру сыйлықтарын әр мезгіл сайын ұйымдастыруы

Сақтандыру жағын тағы да нықтап күшейтсе

Үлкен ірі компаниялармен қарым – қатынас жасауы

Қазақстандағы туроператорлардың тур пакеттерін шет елге әдемі етіп жарнамалап, шет ел туристерін тарту

Жылдам, сапалы қызмет көрсетуі

Келісім шарт жасасқан үлкен компаниялармен тәжірибе алмасу, мамандарды бір –бірімен ауыстыру

Жылдан жылға өзге қалаларда филиалдарының ашылуы

Туристерді күтіп алу әдебінің одан да жоғарғы деңгейде болуы

Қазақстандағы өзге тур агенттіктерге үлгі болуы

Тур агенттік қызметшілерінің киім кию үлгісін бірдей, классика үлгісінде киіндіру

Шетелдерге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін еске сақтау ережелерңн ұсынады:

Қазақстан Республликасының ШІМ (МИД) консулдық қызмет департаменті Қазақстан азаматтарына – шетелге шығу кезінде құжаттарды рәсімдеу мен шетелде келесі ережелерді ұстануға ұсынады:

1. Төлқұжатты алу кезінде аты – жөні, туған жылы мен жері, балалар жайлы мәліметтер (егер де олар сізбен жүрсе), төлқұжаттың жарамдылық мерзімінің (латын транскрициясын қоса) дұрыс жазылғандығына көз жеткізу.

2. Егер шет мемлекет территориясына кіруге визалар қажет болатын болса, оны дипломатиялық өкілеттіліктен немесе Қазақстан Республикасындағы сәйкес келетін мемлекеттің консулдық мекемесінен жеке не болмаса өзін жақсы ұсынған туристік агенттік арқылы визаны алуға болады.

3. Шетел мемлекетінің визасын алғаннан кейін, бұндағы мәліметтердің дұрыс жазылғандығын тексеріңіз: төлқұжатыныздың нөмірін, аты – жөнінізді, туған күнінізді, виза категориясын, шетел мемлекетіне не мақсатпен баратынызды, визаның жарамдылық мерзімін.

Визадағы жіберілген қателіктер, сіздің кінәніз болмаса да, бұл қателер шетелге кіру және сол жерде болған мерзімде жағымсыз әсерін тигізеді.

4. Сапар кезінде төлқұжаттың, визаның және де шақыру қағазының (егер де оның берілуіне себеп болса) көшірмесін өзімен бірге алып жүргенініз дұрыс.

5. Кейбір мемлекеттердің заңдылығында (Шенген келісімдей мемлекеттер, Израиль, Финляндия, Эстония) сол мемлекеттерге кіру үшін медициналық сақтандыру полисін көрсеті міндетті талаптары енгізілген.

Сонымен қатар сол территорияға кіру үшін, егулер жасалғаны туралы сертификатты керек ететін елдер тобы бар. Сіз барғыныз келетін мемлекеттің эпидемиялық жағдайымен ертерек танысуыңыз керек.

6. Шетел мемлекетінің шекарасына өткеннен бастап, сол елдің заңына бағынуыныз және қатаң назар аударуынызды, жергілікті жердің әсіресе, Азия және Африка мемлекеттерінде, салт – дәстірін құрметтеу қажет екеніне назар аударуынызды жөн көреміз.

7. Сізді қандай да себептерге байланыссыз ұстап қалса, не болмаса тұтқынға алған жағдайда, Сіздің сол мемлекеттегі Қазақстан Республикасының консулдық мәселесінің қызметкермен кездесуіңіз үшін құқыңыз бар екндігін есте сақтаңыз.

8. Шетелде білім алу, жұмыс істеу немесе сол жерде тұрақты қоныстану мақсатымен келген азаматтар тұрақты жеріңізге жақын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері немесе консулдық мекемелерінде тіркелу қажет.

9. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы екендігін куәландыратын төлқұжат, төл құжаттың берілген күнінен бастап, жарамдалық мерзімі 5 жыл екенін есінізгі саламыз.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдерінде немесе консулдық мекемелерінде жаңа төлқұжатты 1 айдан аз емес мерзімде рәсімдеу жүргізіледі.

10. Халықаралық эксперт мәліметтері бойынша, әр жыл сайын Орта және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерінің мыңдаған азаматтры, әртүрлі мақсаттарымен шетелге шығу нәтижесінде алданып, не болмаса жезөкшелікпен айналысуға, немесе басқа да формадағы қолданысқа күштеп жұмысқа салады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]