Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асхат отчет.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
995.33 Кб
Скачать

2. Астана қаласындағы практикалық кезең анализі

Астана қаласында орналасқан «3D Tour» туристік агенттіктің еліміздегі, Астана қаласындағы жақсы қызмет үлгісін ұсынтын тур агенттіктердің бірі.

Астана – жаңа елорда ретінде Қазақстанның басқа қалаларына ұқсамайтын өзінің тартымдылығы жағынан әлемдегі озық астаналармен тең түсетін, қайталанбас келбеті бар қала. Астана қ. архитектурасы мен қала құрылысы тұжырымының өзіндік ерекшелігі осындай. Таяу шетелмен ақпараттық біте қайнасып жатқан шақта Астананың өзіндік бейнесі Жаңа Қазақстанның серпінді дамуы мен өмір салтын көз алдыға келтіреді. Елдің әлемдік аренадағы белсенді саяси рөлі астананың аса жоғары деңгейдегі халықаралық форумдарды қабылдау және өткізу мүмкіндігін арттырып отыр. Сол арқылы Астана халықаралық жаңа деңгейге көтерілді. Алайда астананың қазіргі кезде қолға алып отырған іскерлік туризмі сұранысты түгел шеше алмайды, қазіргі кезде экологиялық туризмді дамыту ерекше назарға ілігуде. Экологиялық туризм көзқарасымен алғанда – Астана нағыз қолайлы өңірде, Қазақстанның солтүстік орта бөлігінде орналасқан. Бұл өлке табиғат байлығы, орман-тоғайлы көлдермен ерекшеленеді. Алайда турфирмалар арасында бір кездердегі жаппай сыртқа саяхат жасау деген ұғым саябырлап, астана бойынша саяхат өзінің алуан түрлі бағдарламасымен қонақтарды тарту жағынан басымдық танытуға бет бұрып отыр. Туристік фирмалар қазіргі кезде фототуризм, аңшылық, жертану, археологиялық қазба, тарихи ескерткіш орындарына саяхат, «Байқоңыр» космодромында болу секілді, т.б. туристік қызмет көрсету бағыттарын ұсынады. Экологиялық туризм алуан түрлі қорлар мен жергілікті қоғамдастықтардың бірлескен жобаларының арқауы болуда. 2006 жылдың мамыр айынан Еуразия қорының қолдауымен экотуризм бағдарламасы қолға алынды. Экотуризм танымдық табиғат турларымен тығыз байланысты, міне, осы сегментке мектеп каникулы туризмін тартуға мол мүмкіндік бар. Астана кейінгі үш жыл ішінде Қазақстанның өз аймақтары және көршілес республикалар оқушыларына арналған ішкі туризмді дамытып, оны астана маңайында орналасқан қорықтармен таныстыру турларына ұластыру жағын қолға алып отыр. Тейджерлік туризмнің әлемдік тәжірибесі, нақ осы мектеп жасында баланың санасы жергілікті табиғат байлықтарынан өшпес әсер алып, рухани байи түседі екен. Қаланың балалары, өз отанының нақты табиғи бастауымен қауышады, олар демалыс кезіндегі инфрақұрылымға да жоғары талап қойып жатпайды. Солай бола тұрғанмен, экологиялық туризм кезінде бір нәрсені естен шығармаған жөн, табиғат ауқымындағы демалыс орындарының адамға қызмет ету қабілеті шексіз емес. Бұған бұрыннан келе жатқан «Ақмолатурист» туристік фирмасының іс-тәжірибесі мысал бола алады. Олар Сарыобаны қолға алып, аялап, қайтадан жан кіргізу ісімен шұғылдануда. «3D Tour» турагентігі де Астанадағы ірі турфирма санатына жатады.

«3D Tour»турагенттігі Цесна корпорациясы негізінде 1993 жылы негізі қаланды. Келесі жұмысы болып мемлекет аралық чартерлік рейстерді ұйымдастыру болып есептелді. Бұл бағыт басты болды. Алғашқы рейс Астана-Стамбұл аралығында 02.02.1995жылы ұйымдастылрылды. Сол кезден бастап фирма жылына 300-ден астам чартерлік рейстерді ұйымдастырады. Алғашқы кезеңде Узбекские Авиалинии, Аэрофлот, Трансаэро, Сибирьсекілді агенттіктермен келісім шарт орнатса, ал кейінгі кезеңде көптеген ірі компаниялармен бірігіп жұмыс жасай бастады. Атап айтқанда, Эйр Астана, Узбекские Авиалинии, Аэрофлот, Трансаэро, Сибирь, Красноярские Авиалинии, Люфтганза, КЛМ, Бритиш Эйрвейз, Турецкие Авиалинии, Пулковские Авиалинии, Домодедовские Авиалинии, Азербайжанские Авиалинии,  СКАТ, Атырау Ауе Жолы, Кокшетавские Авиалинии және тағы да баскалары.

Сонымен қатар «3D Tour» тур агенттігі дүниежүзілік көрмелердің жыл сайынғы қатысушысы. Оған дәлел ретінде 2005 жылы Лондонда «Эра Качества» алтын белгісін алған. Астана мен Алматы қалаларында өтетін көрмелердің қатысушысы.

Саят турфирмасы Еуропалық KUONI компаниясы арқылы жұмыс жасап клиенттерге арзан және қауіпсіз қызметтерін ұсынады.

Турфирманы жеке жеке авиа агенттігі бар. 2005 жылы ИАТАға мүше болған.

2.1«3D Tour» турагенттігіне зерттеу жұмыстарын жүргізу

«3D Tour»турагенттігінің негізгі мақсаты туристерге жақсы, жайлы, қауіпсіз демалыс сыйлай білу. Сонымен қатар, туристердің сұранысына сай сапарда (саяхатты) ұсына білу.

Сонымен қатар, басқа міндеттерін төмендегі сызбадан көре аламыз.

Кесте-1. Туристерді тарту құралдары

«3D Tour»агенттігі арқылы  Турция (Анталия, Бодрум, Мармарис, Кушадасы, Стамбул), ОАЭ, Египет, Малайзия, Таиланд, Египет, Тунис, Чехия, Греция, Испания, Ресей, Қытай, Болгария, Кипр, Италия, Иссык -Куль, Крым, Украина секілді атақты, қызыққа толы елдерге саяхат жасауға жасауға болады.

Экскурсиялық программалар: Байқоңыр, Ташкент, Түркістан, Арыстан баб, Арал теңізі ( кемелер зираты).  

Визалық көмектер: Шенген, Қытай.

«3D Tour» агенттікте туристерге қызмет көрсету үшін, оларға үнемді, ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, билеттерді авиа агенттікке барып сатып алудан басқа, мұнда Оn – line режимінде де жұмыс жасайды. Тур агенттіктің жеке сайты edu-travelbsb@mail.ru

Сол секілді «3D Tour» тур агенттігі де жеңілдіктер жасап тұрады.  Жаздың жайма шуақ күндеріне арнап 01.09.2013 жыл -11.09.2013 жыл кезең аралығында төмендегі орналастыру орындары туристерге арнап «Ыстық тур» ұйымдастыруды және бағаны төмендетіп, жеңілдіктер жасайтындығын жоспарлады.Өндірістік тәжірибеден өту барысында виза рәсімдеулерді көрдім. Виза ашу процессі – бұл әр мемлекетте, әр ұлтқа әр түрлі құжаттар мен әр түрлі құрылымдар болады. Қазақстан Республикасында туристер бір ай болатын болса, онда виза ашу міндетті емес, ал одан көп уақытқа болатын болса онда міндетті түрде виза ашу керек. Виза үш айға, алты айға, тоғыз айға одан да ұзағырақ берілуі мүмкін. Ол туристің қалауы бойынша. Визаны ашу үшін біз туристің құратын және өтінішін шетелдік істер министірлігіне (МИД) тапсырамыз, ол жерде сол турист жайлы, не мақсатпен келетіні туралы, қанша уақытқа келетіні туралы, Қазақстан Республикасына заңына сәйкес барлығы қарастырылып, соңында шешім қабылданады. Жоғарғы дәрежелі турагент маманы виза жасау үшін қандай құжаттар керек екенін маған үнемі айтып, меңгертті. Ол үшін турист өзімен бірге мына құжаттарды даярлауы қажет екен:

  • азаматтық төлқұжат,

  • қызметтiк төлқұжат,

  • дипломатиялық паспорт,

  • азамат жеке басының куәлiгi,

  • азамат уақытша жеке басының куәлiгi,

  • туу туралы куәлiк,

  • ҚР-на қайтуға куәлiк,

  • теңiзшiнiң төлқұжаты,

  • әуе кеменi экипаж мүшесiнiң (куәлiк ) ұшқыштар куәлiгi,

  • көлiкт қызметкер жеке басының куәлiгi,

  • әскери қызметкер жеке басының куәлiгi,

  • әскери қызметкердiң билетi әскери адам,

  • мемлекетаралық фельдъегерь байланысын қызметкер жеке басының куәлiгi.

Туристерге арнаулы кезеңдерде жеңілдіктер, көңіл жұбатарлық мерекелік сыйлықтар ұйымдастырылады.

  • Мүшелтойға

  • Үйлену тойы саяхаты

  • Әлем аруы

  • Жемiстi әрiптестiк

  • Ардагерлерге арналған

  • Қалаулы қоштасуға...

  • Романтиялық саяхат

  • (Әсiресе жағымды) жайдан-жай деген секілді ерекше сәттерге арналған сертефикаттар ұйымдастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]