Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асхат отчет.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
995.33 Кб
Скачать

2.3 Маркетиг және нарықты талдау.

1. Дислокацияны таңдау.

Бұл кезеңде құрылтайшыларға олардың қай жерде орналасатының шешу керек және кәсіпорын үшін болашағы бар ауданды таңдауға тырысу керек.

Негіздеме: Аcтана қаласының туристік нарығы бай клиенттерге толы. Осы тұста 3 негізгі фирманы қарастырайық.

2. Бәсекелестікті талдау.

Бұл кезеңде біз, белгіленген ауданда тіркелген фирмалардың сандық статистикасын зерттейміз. Тур қызметтердің шығару көлемін, баға белгілеуді талдаймыз және біздің фирмамен салыстырамыз.

Аты

Орналасқан жері

Нарықтың бөлігі

1

Ел тур

Уәлиханова көшесі, 1

15%

2

Tour

Travel

Бараева, 2а

20%

3

Ақмола турист

Республика даңғылы, 33

25%

4

Басқа фирмалар

40%

Кесте-2. Маркетинг және нарықты талдау

Тур бойынша сұранысты көбейту мүмкіндігін беретін, сенімді және тексерілген операторлармен жұмыс істеуге үйреніп қалғандықтан, бұл көрсетілген 3 фирманың туристук бағыттарының ассортименттері бар, ал біздің фирма одан да үлкен ассортиментті ұсынады.

Қызметтің туристік саласындағы ең қатаң бәсекелестіктің затына (түріне) келесілерді жатқызамыз:

  • баға;

  • фирманың беделі;

  • сапа;

«Ел тур» фирмасы жарнамаға ең ерекше көңіл бөледі ( телетекстерде хабарландыру, баспаларда, теледидардағы жарнамалық бағдарламаларда, визиткаларды тарату, телефон анықтамаларындағы жарнама, кірістегі хабарландыру).

«Tour Travel» (кірістегі хабарландыру, баспалар арқылы хабарландыру, телефон анықтамаларындағы жарнама).

«Ақмола турист» (кірістегі хабарландыру, қаланың стенттеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату).

«Саят» туристік фирмасы осы мәліметтерді талдап қызметтің бірінші кезеңдерінде жарнамаға көп мән (көңіл) беру керек деген шешім қабылдады.

Атап көрсеткен сұрақтар бойынша, салыстырмалы артықшылықтарын бағалау үшін, ақпаратты жүйелендіруге мүмкіндік беретін негізгі бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу әдісін қолдануға болады,бұл ақпаратты келесі кестеде көрсету ыңғайлы

Кесте-3. Бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу

Бәсекеге қабілетті факторлар

Саят

Ақмола турист

Tour

Travel

Ел тур

1

Сыртқы жарнама және ақпарат

10

9

7

7

2

Офистің интерьері

9

9

6

6

3

Менджерлердің сыртқы түрі және қабілеті

10

8

7

7

4

Энтузиазм

10

9

6

7

5

Мамандылық

7

10

10

9

6

Білім бағыты

8

9

8

8

7

Визалық сұранымдағы сақтандыру түсінігі

9

9

9

9

8

Төлем қабілеті

6

6

6

6

9

Компьютерді қолдану

10

10

10

10

10

Каталогтарды қолдану

10

10

10

10

11

Клиенттің сұранысына сәйкес келуі

10

8

7

6

Жалпы ұпай:

99

97

86

85

Бағалау 10 ұпайлық жүйеде жүргізілген. Берілген мәлімет бойынша «Ақмола турист » туристік фирмасы – ең басты бәсекелес екенін көрсетеді. Ең жоғары жалпы ұпай саны – 110, соған ұмтылу арқылы лидерлікке (көшбасшылыққа) жетуге болады.

Сатып алушыларды зерттеу. Тауарды сатып алушыларын табу және сұранысты зерттеу қажет. Біз келесі әдістерді қолданамыз: сұраныс, интервью алу, сұрақ – жауаптар. Барлық өткізілген жұмыстың нәтижелері, сатып алушылардың жеке сегменттерін анықтау мақсатында біріңғай диаграммаға біріктіреді. Біз тек қана адамдардың төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар, олардың демалысқа деген көзқарастарын, яғни, демалыстың қандай болу керектігін зерттейміз.

Туризм әртүрлі түрлер мен формаларға бөлінеді. Біз ішінен тек жақсыларын ғана анықтап, өз жұмысымыздағы мәліметтерден алшақтаймыз.

Туризмнің келесі түрлерін анықтауға болады:

  • ішкі туризм;

  • сыртқы туризм;

  • қысқа мерзімді туризм;

  • ұзақ мерзімді туризм;

Сапардың орташа мерзімі 7 – 14 күнге дейін. Демалыс үшін 10 күн оптималды мерзім, бірақ сапардың мерзімі, оның мақсатына байланысты.

- интенсивтілігі бойынша.

Астанада туризм маусымдық сипатта болады. Жаздық (60% сатылым), қыстық (14 – 22%), маусым аралық (23 – 25%), өлі (4%).

  • саяхат мақсаты бойынша.

Курортты сауықтыру, спорттық, көңіл – көтеру, танымды – істік, экологиядық, шоп – турлар, білім беру, экзотикалық, діни және тағы басқа.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде, адамдар туризмнің келесі түрлерін таңдайды:

  • шетелге шығу;

  • қысқа мерзімді;

  • жаз немесе қыз маусымында;

  • көңіл – көтеру мақсатында.

Әрі қарай сауалнаманы ұсынамын.

Сауалнама

  1. Жасы ______________________________________________________

  2. Жұмысы ( оқиды немесе жұмыс істейді) ________________________

_____________________________________________________________

  1. Жынысы __________________________________________________

  2. Жылдық табысы ____________________________________________

  3. Тұрмыстық жағдайы ________________________________________

  4. Ұлты _____________________________________________________

  5. Тұрғылықты жері __________________________________________

  6. Сізде 18 жастан төмен қанша баланыз бар (жасын көрсетіңіз)

____________________________________________________________

  1. Білімі ____________________________________________________

  2. Сіз демалысқа көбіне қанша ақша жұмсайсыз ____________________

  3. Туристік сапарларға барған негізгі мақсаттарынынызды атаныз

_____________________________________________________________

12. Қандай тасымал қызметтерін қолданасыз (әуе-, көлік-, темір жол-,

_____________________________________________________________

13. Сіз Қайда барғанды қалайсыз (керегін сызыңыз)

А) Қазақстан Республикасы

В) Шетел

14. Сіз ҚР-да әлде, шетелде тұрғанды қалайсыз ____________________

15. Сіздің ең ұнаған саяхатыныз (қызмет керсетуін көрсетіңіз)

_____________________________________________________________

Қолда бар мәліметтердің қолдануын талдау. Туристік фирма болып табылатын «Саят» туристік фирмасы, өзі үшін келесідей қызметтің келесідей түрлерін таңдады:

  • халықаралық туризм;

  • ішкі туризм;

  • Қазақстан бойынша сапарлар;

  • экскурсиялық туризм.

Бізде бар, материалдық базаны ескере отырып, оны пайдалану мүмкіндігіне талдау жүргіземіз. Сол арқылы тек қана туристік фирма қызметінің негізгі түрінің, яғни, туристік жолдамаларды өткізудің нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар, өзінің мүлігін қолданудан алатын табысты талдай аламыз. Бұған материалдық немесе материалдық еместігіне байланыссыз кез келген жеке меншіктен табыс алуға мүмкіндігін беретін, Қазақстан Республикасының «жеке меншік туралы» заңы негіз бола алады.

Ғимаратты жалға алу. Материалдық – техникалық база.

Туристік фирманы құру барысында, оның құрылтайшылары туристік фирманың жарғылық капиталына үлес ретінде қосатын, белгілі бір меншіктің иелері болып табылады.

Кіргізілетін меншік болып келесілер болып табылады:

  • Pentium 4 маркалы жеке компьтер (бағалау құны 200000 теңге (екі жүз мың теңге));

  • HP Laser Jet 6L принтері (бағалау құны 20000 теңге (жиырма мың теңге));

  • EPSON 3L ксероксі (бағалау құны 30000 теңге (отыз мың теңге));

  • PANASONIC телефаксі (бағалау құны 40000 теңге (қырық мың теңге));.

Өз ғимаратымыз болмағандықтан, біз жеке иеленушінің 57 кв.м – лі, офистік жиһазбен жабдықталған, ортақ коридор мен санитарлық узелі бар пәтерді жалға аламыз.

«Саят» туристік фирмасы Қазақстан Республикасының азаматтарымен негізделген қоғам болып табылады. Олар құрылиайшылар және туристік фирма қызметкерлері болып табылады. Тәжірбие жүзінде анықталған жаңа құрылған туристік фирма ретінде «Саят» туристік фирмасында екі негізгі менеджер және бухгалтер қызмет атқарады (сурет-3).

Сурет-3. «BSB TRAVEL» агенттіктің құрылымы

Қорытынды :

Әлемнің көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы бизнес ретінде туризм әлеуметтік-экономикалық дамуда маңызды роль атқарады. Туризм бизнесі экономиканың тұрақты дамушы секторы болып табылады және саяхаттау кезеңінде туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында туристік тауарларды сату және туристік қызмет көрсету кешенін ұсыну туристік қызмет кәсіпорындарын құрау.

Туристік кәсіпкерліктің шетел тәжірибесін зерттеу және оның Қазақстандағы жағдайы, сонымен қатар дамыту бойынша мемлекет қабылдаған іс-шаралар Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туғызды. Туристік сапар шегу құрылымында сыртқа шығу туризмі үстем, 2005-2010 жж. үш есеге өсті. Сыртқа шығу туризмінде туристер ағыны негізінен ТМД елдерінен сырт елдер үлесінде, оның ішінде алыс шетел мемлекеттерінен Түркия (30%), Қытай (23,1%), Германия (11,3%) елдерінің үлесі жоғары. Туристік кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын зерттеу бай туристік ресурстардың және ішкі туристік нарықтың мүмкіндігі толық көлемде қолданылмайтындығын; және туризм индустриясы және инфрақұрылым тиімді құрылмағандығы; қосымша жұмыс орындарын құру факторлары өз деңгейінде ынталандырылмайтындығын көрсетті. Әлеуметтік туризм жүйесі өз деңгейінде дамымаған және туризм экономиканың тартымды инвестициялық саласы ретінде әлі қалыптасқан жоқ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикада туризм индустриясын дамытуды Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізудің маңызды стратегиясы ретінде айқындаған.

Баратын елді таңдағанда туристерді ең алдымен табиғи ландшафты, географиялық ерекшеліктері, мәдени мұрасы, дамыған инфрақұрылымы және қауіпсіздігі қызықтыратыны белгілі. Бұл жағдайда Қазақстанның қолайлы туристік имиджі бар елдердің арасында лайықты орын алуға толық мүмкіндігі бар.

Біздің мемлекетіміз Еуразия жүрегінде, Азия мен Еуропа тәрізді ірі елдерді қосатын жолдар торабында орналасқан. Бұл тиімді географиялық орналасу халықаралық туристік байланыстардың дамуынан көрінеді.

Қазақстанның туристік әлеуеті теңдессіз және көп қырлы болып келеді. Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктері зор[3].

Кез-келген өндірісті тиімді жүзеге асыру үшін сол саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін біліп, талдау жүргізу маңызды мәселе болып табылады. Туристік саланың да мүмкіндіктерін жүзеге асыру, қауіптерін болдырмау оны барынша тиімді жүргізуге септігін тигізеді.

Туристік фирмалардың экономикалық стратегиясы келесі негізделген сұрақтармен қорытындыланады: жақын болашақта, мысалы келесі жылы қызмет көрсету қанша көлемде ұсынылады: сапаны және қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиетін жоғарылату немесе олардың өзіндік құнын төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы іс–шараларды жүргізуге болады ма: қызмет көрсетуді жақсарту бағытында кандай іс–шаралар жүргізуге болады; нарыққа қызмет көрсетуді қандай бағамен шығаруға болады? Фирманың осы не басқа варианттағы стратегиясының тиімділігін бағалау үшін критериилерді анықтау қажет. Фирманың критерийлері ретінде жылдық пайда, шығындардың рентабельділігі және шығындар рентабельділігінің индексі болуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. В.А. Квартальнов, «ТУРИЗМ», М., «Финансы и статистика», 2002.

2. http://www.sayat-travel.kz

3. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

4. www.travel.newsru.com

5. Дурович А.П., Компанев АС. Маркетинг в туризме: Учебное пособие. - Минск: Новое знание, 2001

6. Ильина Е. Н. Туропрейтинг: организация деятельности. – М: Финансы и статистика, 2001

7. Морозова Е. Я., Тихонова Э. Д. Экономика и организация предприятий социально-культурной сферы: Учебн. пособие. – СПб: Издательство Михайлова В. А., 2002. – 318 с.

8. Сенин В.С. Организация международного туризма: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2001.

9.   Сухов Р.И. Организация работы туристического агентства: Учебное пособие. – М.: ИКЦ “Март”, 2005.

10.   Тимохина Т. Л. Организация приема и обслуживания туристов. – М: Книгодел, 2004.

24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]