Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

2 Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Капитал дегеніміз:

а) өздігінен өсетін құн, ақша;

ә) адамдар арасындағы қоғамдық қатынас;

б) жалдама еңбек, қорланған еңбек;

в) қосымша құн әкелетін құн;

г) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Мына төмендегілердің қайсысы тұрақты капиталға жатады?

а) адамның жұмыс күші;

ә) еңбек бұйымы;

б) еңбек құралы;

в) тұтынушы бұйымдарды алуға ақшаны авансылау;

г) халықтың сұраныс жиынтығын арттыру.

3 Капитал рыногының субъектілеріне жататындар:

а) банктер және олардың клиенттері;

ә) биржалар;

б) мемлекет;

в) корпорациялар және жеке фирмалар;

г) барлық жауаптар дұрыс.

4Негізгі капитал ұғымына қайсылары жатады?

а) станоктар, машиналар, жабдықтар;

ә) дайын өнімдер;

б) шикізат және материалдар;

в) ғимарат пен құбылыстар;

г) еңбекақы;

ғ) жерлер;

д) құнды қағаздар.

5Қандай капитал тозуға тән?

а) айналмалы;

ә) өзгермелі;

б) тұрақты;

в) негізгі;

г) барлық жауаптар дұрыс.

3 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

4 СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1 Негізгі қорлардың өндіріс процесіне қатысу сатыларын кесте түрінде талдап жазу.

5 СӨЖ арналған тапсырмалары:

1 Амортизациялық аударымның кәсіпорын үшін маңыздылығы.

Тақырып 7. Құрылыс мекемесінің материалды техникалық қамтылуы

  1. Айналым қорлаларының экономикалық түсінігі, кұрамы,

  2. Айналым қорлаларының пайда болу көздері.

  3. Айналым қорларының пайдалануының тиімділігі

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір ендірістік кезең аралығында олар үшін үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда Кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жүмсайды. Бүл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі- дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясынан қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл каржылар жаңадан еңбек қүралдарын алуға жүмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірак, айналым корлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нэрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және кайтадан сатып алынады.Нақ осы жардай өндірістің үздіксіздігін, токтаусыздыгын және өндірілген өнімдерді сатуды камтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай- эрбір сатыдағы айналым қаражаттарының түрған уакыты бірдей емес. Ол өнімнің түтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Айналым қаржылардың қүрылымы деп жалпы олардың соммасындағы айналым қаржылардың эр тобының үлестік ара қатысын атайды. Айналым қаржылардың қүрылымы оларды жоспарлаудың әдістемесін жасау кезінде және Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау кезінде пайдаланылады.

Барлық айналым каржылар олардың қажеттіліктерін аныктау тәсілі бойынша мөлшерленген және мөлшерленбегенге бөлінеді. Нормативтер белгіленетін айналым каржылар мөлшерленген айналым қапржылар деп аталады. Мөлшерленбеген айналым қаржыларға Кәсіпорын айналыммында түракты болу міндет емес және қарыз күралдары есебінен өтелетін қүралдардың түрлері жатады. Мөлшерленбеген айналым каржыларға тиелген тауарлар, орындалған жұмыстар, бірақ сатып алушымен төленбеген, акша құралдары, дебиторлармен есептесу кұралдары.

Кәсіпорындардың іс әрекеттерін қаматамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы

Айналым қаражаты

Өндірістік айналым қорлары

Айналыс қорлары

Өндірістік босал-қы қор

Өндіріс про-цесінде

Алдағы кезеңдегі шығындар

Қоймада-ғы дайын өнімдер

Тауар жөнелту ж/е жолдау

Ақша-лай қара-жаттар

Дебиторлық берешек

Нормаланатын айналым қаражаты

Есеп айырысу қаражаты

Банктегі ағымдық есепайырысу

Мұндағы тауар жөнелту және жолдау мен дебиторлық берешек нормаланбайтын айналым қаражатына жатады.

2 Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек заттарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ – Ө – Д - А1.,

мұнда: А – шаруашылық субъектілерін аванстауға ақша қаражаты;

Қ – өндіріс заттарын;

Ө – өндіріс;

Д - дайын өнім;

А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізуде нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражатымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражаттарының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

Қақ

мұнда: Өқ- белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны;

Оқ – сол кездегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.

3 Айналым қаражатын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің қарқынына әкеліп соғады. Осының салдарынан өндіріс көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының жоғарғы мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Қор қайтарымының өсу факторлары

Техникамен қайта жабдықтаудың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру және жаңадан салынатындардың нәтижесінде жабдықтардың өнімділігін арттыру

Жабдықтардың маусымдық жұмыстарындағы коэффициенттердің артуы

Уақыт пен қуатты пай -далануды жақсарту

Жаңадан қатарға қосылатын қуаттарды игеруді жеделдету

Жаңадан қосылатын кәсіпорындардың қуат өлшемінің құнын азайту

Қол еңбегін машинамен алмастыру

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығындарының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, т.б. шаруашылық және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұты нушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажданады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып оның іс әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

- жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медициналық сақтандыруға, жұмыспен қамтуға жұмсалатын аударым;

- ақы төлеудімерзім ішіндегі келіп түспегендегі шот фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

- аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

- салықтардың түрлері бойынша міндетті төлемдері.

Айналыс қаражатын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

- өндірістің маусымдылығы;

- тауарлы материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;

- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Айналмалы капитал ұғымына жататындар:

а) материал, шикізат;

ә) энергия және ұсақ саймандар;

б) жалақы;

в) қоспа заттар;

г) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Мына төмендегілердің қайсысын ауыспалы капиталға жатқызуға болады?

а) адамның жұмыс қолы;

ә) еңбек бұйымы;

б) тұтынушы бұйымдар;

в) өндіріс құралдары.

  1. Капитал айналымын тездететін және бәсеңдететін проценттерін айтыңыз:

а) машиналар мен жабдықтардың өнімділігінің өсуі;

ә) жаңа технологияларды өндіру;

б) жұмыссыздықтың өсуі;

в) өнім рыногы тауарларды өндіру жөнінен қашықтығын ұлғайту;

г) халықтың сұраныс жиынтығын арттыру.

  1. Қандай капитал өз құнын өндірілген өнімге жай артып отырады?

а) айналмалы;

ә)өзгермелі;

б) тұрақты;

в) негізгі.

  1. Айналмалы өндіріс факторының үлгісі:

а) электроэнергия;

ә) шикізат;

б) а) және ә) жауаптары дұрыс;

в) барлық жауаптар дұрыс емес.

3 Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

4 СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1 Айналым қаражатының айналымдылығын сипаттайтын тәсілдерді талдау.

5 СӨЖ арналған тапсырмалары:

1 Айналым қаражатына кәсіпорынның мұқтаждығының туындау себептері және болдырмау жолдары.

Тақырып 8. Құрылыс мекемесі және шағын құрылыс бизнесің кадрлық саясаты

  1. Шағын кәсіпорынның еңбек ресурстары.

  2. Кәсіпорынның кадрлық саясаты

1. Кәсіпорындағы еңбек ресурстары - шағын кәсіпорынның жетекшілігі жағынан тұракты қадағалаудың нысаны. Жұмыстардың болуы мен олардың арасында міндеттерді бөлу жұмыс орындарының болуында және еңбек бөлінісінің қалыптасқан жүйесінде негізделген. Еңбек бөлінісінің келесі формалары кең таралған:

технологиялық- жұмыстар, кәсіптер, мамандықтар бойынша;

операциялық - технологиялық процесс операцияларының кейбір түрлері бойынша;

- орындалған жұмыстардың міндеттері бойынша- негізгі, көмекші, қосымша;

- біліктілігі бойынша.

Кадрларды таңдау кезінде еңбек келісім немесе контракт өте маңызды . Бұл кәсіпкер мен жұмысқа кіретін адам арасындағы келісім, жалдаудың накты жүйесі. Еңбек келісімінде еңбек міндеті, жұмыс орны, кызметтік міндеттер, жалакының мөлшері және т.б.

Еңбек келісімінен подряд келісімінің айырмашылығы : келісімдегі белгіленген бағаға Кәсіпорын тапсырмасы бойынша жұмыстардың орындалуы. Жалакы соңғы нэтиже бойынша кеткен еңбектің саны мен сапасына тэуелсіз төленеді.

Шағын кәсіпорында жұмыс істейтіндер екі топқа бөлінеді:

- әкімшілік-басқару персоналы;

- жұмысшылар.

Әкімшілік-басқару персоналының тобына жетекшілер, мамандар, кызметкерлер кіреді. Өз кезегінде жұмысшылар негізгі және көмекші жұмысшыларға бөлінеді. Негізгі жұмысшыларға өнім өндірісімен айналысатын жұмысшылар жатады. Көмекші жұмысшыларға элекгриктер, жөндеушілер, сілесірлер жатады. Еңбек ақы формасына байланысты негізгі жұмысшылар кесімді және мерзімді жұмысшыларға бөлінеді. Еңбек акының кесімді формасы өнімнің өндірілген көлеміне қарай төленеді, мерзімді-жұмыс істеген уақыт үшін. Жетекшілер, мамандар, қызметкерлер үшін қызметті окладтардың жүйесі пайдаланылады. Қызметті оклад- қызметіне сәйкес белгіленген жалақының абсолютті мөлшері.

Кәсіпорын, цех, учаскі кадрларының құрылымы жұмыскерлердің жалпы санында олардың әртүрлі категорияларының ара катысымен сипатталады.

Кәсіпорындағы кадрлардың жағдайы кадрлардың шығу, жылжу, қабылдау коэффициенттерімен анықталады.

Кәсіпорындағы еңбек ресурстардың пайдалану тиімділігі кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін көрсететін еңбек өнімділігінің өзгеруінде көрсетіледі. Ол көрсеткіште кәсіпорын жұмысының жақсы жақтары мен кемшіліктері көрсетіледі. Еңбек өнімділігі өндірілген өнім көлемінің жұмыскерлер санына қатынасымен анықталады. Тәжірибеде еңбек өнімділігін өлшеудің үш негізгі әдісін қолданады : натуралды, құндық, еңбектік.

Шағын кәсіпорынның кадрлық саясатының негізгі аспектілері:

  1. кадрларды іріктеп таңдау және жылжуы;

  2. кадрларды дайындау және олардың үздіксіз оқуы;

  3. жұмыскерлер құрамының тұрақтылығы мен икемділігі;

  4. жұмыскерлер еңбегінің материалды және моральды бағалауын жетілдіру.

  5. Кадрларды іріктеп тандаудың және жылжудың екі басты критерийлері бар:

  6. жоғары кәсіби біліктілік және окуға қабілеттілік;

  7. араласу тәжірибесі және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Өндірістік еңбек ресурстары:

а) өндіріске бөлінетін ақша қаражаты;

ә) қолдан жасалған бұйымдар; б) табиғаттан алынған игіліктер;

в) өндірісті ұйымдастырушы кәсіпкерлер.

  1. Материалдық ресурстар факторлары:

а) капитал; ә) жер; б) кәсіпкер; в) еңбек.

  1. Экономикалық ресурстардың өндіріс факторларынан айырмасын атаңыз:

а) экономикалық ресурстар өндіріс факторы сияқты;

ә) өндіріс факторына еңбек ресурстары кірмейді;

б) экономикалық ресурстарға кәсіпкерлік қызмет қосылмайды;

в) өндіріс факторы – бұл экономикалық ресурстарды өндіріс процесіне тарту.

  1. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы экономикалық ресурстар ұғымын көрсетеді?

а) өндіріс құралы; ә) процент; в) пайда; г) барлық жауаптар дұрыс.

  1. Кәсіпорында өндірістік ресурстардың көлемі көбейсе:

а) тауарларды өндіру көбейеді:

ә) елімізде тауарларды мол өндірудің мүмкіншілігі болады;

б) өндірістің технологиясы жақсарады;

в) халықтың тіршілік деңгейі көтеріледі;

г) барлық жауаптар дұрыс.

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

3. СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

Еңбек ресурстарды сақтау саясатының мақсатын кесте түрінде талдап жазу.

Кәсіпорынның кадрлық саясаты.

СӨЖ арналған тапсырмалары:

1. ҚР да еңбек ресурстарды сақтау саясатының бағыттары.

2. Персонал және шағын бизнес кәсіпорынынын кадрлық саясаты

Тақырып 9. Құрылыстағы жобалық-сметалық құжаттама

  1. Програмалық өнімдерді қолдана сметалық құжаттарды жасау.

  2. Локальдік, объектілік сметалар (сметалык есептер).

  3. Жиынтык смета.

1. Жаңа технологиялык тұрғыдан кайта жарактанатын объектілердің және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен құрылыстардың сметалык кұнын аныктау нарык катынастарын куәландыратын қосымша талптарды ескере отырып, кәсіпорындар, үйлер мен кұрылыстарды салуға жобалық-сметалык кұжаттаманың кұрамы, эзіпленуі мен келісу тәртібі туралы нұсқау айкындайтын жобалар мен сметаларды эзірлеудің қолданылып жүрген тәртібі аркылы жүзеге асырылады.

Сметалык құжаттаманың кұрамына мыналар кіреді: локальдік сметалар және локальдік сметалық есептер, объектілік сметалар мен сметалық есептер, жиынтык сметалық есептер. Сметалар мен сметалык есептердің айырмашылығы келесіде: жұмыс көлемі тұралы нақты мэліметтер болмай жұмысшы құжаттама толтырылатын кезінде өзгерілетін болса (жұмыстың кұны УСН дер бойынша анықталады), онда сметалык есептер жасалады. Ал егер де жұмыс көлемінің керсеткіштері накты болып өзгеріске ұшырамайтын болса - онда сметалар жасалады.

2. Локальдік сметалар жұмыстар көлемі ведомосі негізінде эр бір жұмыс түріне бөлек-бөлек жасалады. Локальдік сметаларда сол жұмыс түрінің сметалык кұны, нормативтік еңбек сиымдылығы, сметалық еңбекақы көлемі анықталады.

Локальдік сметалық есептер де (локальдік сметалар сияқты) эр бір жұмыс түріне бөлек-бөлек дасалады. Объектілік сметалар. Объектілік сметалар Кәсіпорынның кезектің немесе іске косу кешенінің құрамына кіретін әрбір жекелеген үй және кұрылыста, жекелеген кұрылма үй және элементтер мен жұмыс түрлеріне локальдық сметалар негізінде эзірленеді. Объектілік сметаларга жалпы кұрылыстык, санитарлық-техникалык, арнайы кұрылыстық, монтаждык жұмыстардың, құрал-жабдык, жиьаз, инвентарь және баскаларының бүкіл кешенінің өндірісіне жұмсалатын шығындар; сметалык жалакы, қалыптық еңбек сыйымдылығы мен жеке кұнның көрсеткіштері енеді.

3. Жинақтық смета он екі тарау бойынша жіктеледі.

1.«Құрылыс аумагын даярлау» .

2.«Құрылыстыц негізгі объектілері»

3.«Қосалқы және қызмепг көрсету міндетіндегі объектілер».

4.«Энергенетикалық шаруашылық объектілері»

5.«Көлік шаруашылықтары мен байланыс объектілері»

6.«Сумен жабдықтау, канализация, жылумен және газбен жабдықтау сыртқы тораптары мен қүрылыстары»

7.«Аумақты көркейту және көгалдандыру» і.

8.«Уақытша үйлер мен құрылыстар».

9.«Басқа жүмыстар мен шыгындар»

Ю.«Дерекцияны устау (техникалық қадагалау) және авторлық қадагалау»

11.«Пайдаланылатын кадрларды даярлау» 12.«Жобалау жзне іздестіру жүмыстары».

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Жобалық - сметалық құжаттаманың негізі.

  2. Локальдік сметалар.

  3. Локальдіксметалықесептер

  4. Смета мен сметалык есептердің айырмашалағы.

  5. Объектілік сметалар

  6. Жиынтык смета.

  7. Жиынтык сметаның тараулары.

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

3. СОӨЖ тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1. Жобалык - сметалық құжаттама.

Локальдік сметалар (сметалык есептер).

Объектілік сметалар (сметалық есептер).

Жиынтык смета.

4. СӨЖ арналған тапсырмалары:

1. Құрылыстағы жобалық-сметалық құжаттама.

Такырып 10. Кәсіпорын қызметінін соңғы нәтижелері - табыс және рентабельділік

денгейі.

  1. Табыстың экономикалык мәні, маңызы

  2. Кәсіпорын табысының қалыптасу бағыттары, өсу жолдары

  3. Мекеменің рентабельділік деңгейі.

1. Табыс - төтенше таралған, кең түрде кабылданылатын, сонымен қатар түрліше маңызды колданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында акшалай құнына ие болуды кез келген акша каражатының түсімі немесе материалдық кұндылықты алуды көрсетеді. Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне экелетін міндеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы мемлекетке (улттык табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс) ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып колданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және кызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, аткарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорын табысының басты көзі кызметін атқаратын пайда, кез-келген ұйымдастыру кұқыктык формада жоғарлайды.

Жалпы түрде пайда,- тауар бағасындағы өндіріс шығындары немесе өзіндік кұнның үстіндегі артыгы.

Бұған пайданың тауарды сатудан түскен түсім мен өндіріс шығындарының айырмасы ретінде аныкталынатындығы байғалады.

Т= Б - ӨҚ, тенге

Мұнда, Б - өнімнің сату бағасы; ӨҚ - өнімді өндіруге кеткен шығындар, өзіндік кұм.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалык теорияда табыс деп тұракты және нарыктык субъектілердіңкарамағына заңды түрде тікелей түсетін акша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл коғамның пайдалы кызметі. Бұл сұраныстың кажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

Жалпы табыс (ЖТ) - бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен акшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең

-Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)

ОТ=ЖТ/К

-Шекті табыс (ШТ) - бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

ШТ =

Шекті табыс шығрған әрбір косымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік кұнмен ұштаса отырып, Кәсіпорындарды ұлғайту мүмкіндігіне кұндық бағдарлар кьізмет етеді.

Пайданы үлестіру объектісі Кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру зандылығы - салық жәңе басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін .бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның карауында калатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорыңның кұзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы кызметі алынған пайданы шаруашылык субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

Мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес, Салықтың кұрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;

• Салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және каржы кызметінің жақсаруына оның мүдделігі кемімеуі керек;

Кәсіпорынның қарауында калатын пайда әуелі кәсіпорынның одан эрі дамуын камтамасыз ететін корланымға бағытталады, ал калған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлык пайда екі бөлікке бөлінеді. Бірінішісі - кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне катысады. Екіншісі - тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлык пайданы толык пайдаланудың қажеті жок. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шыгын,дарды каржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның каржы көздерінің бар болуын дэлелдейді.

Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп койылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]