Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

1. Бақылауға арналған тест сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік кызметке салық салу

  2. ҚР-ның салық жүйесінің жалпы сипаттамасы.

  3. Салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері.

  4. Арнайы салык режимдері.

  5. Салық тәртібін бұзу үшін салык төлеушілердің жауапкершілігі.

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар

3. Соөж тапсырмалары:

1 СОӨЖ –оқушылық деңейі:

  1. ҚР-ның салық Кодексінің жалпы сипаттамасы.

  2. Салықтардың қалыптасу көздеріі.

СӨЖ арналған тапсырмалары:

  1. ҚР-ның салық жүйесінің шетел тәжірибесі.

  2. Салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері.

ГЛОССАРИЙ

  • Ұлттық байлық – еңбекпен жасалған және жинақталған материалдық игіліктердің, елдегі бар жиынтығы.

  • Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнның өндірістік қорытындысы.

  • Ұлттық пайда – жалпы ұлттық өнімнен және жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материялдар шығынды алын тастаған (амортизациялау шикі зат материялдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады.

  • депозиттік сертификаттары.

  • Ұлттық банк –заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган.

  • Міндетті резервтер-бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнйы шотта несие корреспондентік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

  • Артық резервтер -банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

  • Экономикалық дағдарыс – шаруашылық жүйедегі тепе-теңдіктің мәні бұзылуы.Көп түрлі дағдарыстарды үш әр түрлі негіздермен топтауға болады.

  • Қаржы дағдарысы –мемлекеттік финанстардың терең бұзылуы. Ол бюджет тапшылығынан білінеді.

  • Ақша несие дағдарысы – ақша несие жүйесінің шайқалуы. Коммерциялық және банктік несиенің күрт қысқаруы, жаппай салымдарды алу және банктердің күйреуі, халықтың және кәсіпкерлердің нақты ақшаларға қызығушылығы, акция және облигациялар бағандарының банк пронцентінің нормасының түсуі.

  • Валюта дағдарысы - әлемдік рыноктағы айналыста алтын стандартын жою және жекелеген елдердің валюталарының құнсыздануымен көрінеді.

  • Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеуі, олардың экономикасыны қысқаруы, қор биржасының қызметінің терең құлдырауы.

  • Мерзімдік дағдарыс жүйелі бір уақыт аралығынан кейін қайталанып отырады (басқаша аталуы – циклдік дағдарыс)

  • Салық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын қамтиды және өндірістің құрылымын өзгертеді қалыпты шаруашылық байланыстар бұзылады және т.б.

  • Аграрлық дағдарыс – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін өткізудің күрт тоқтауы. (ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі)

  • Депрессия (лат. depressio – төмендеу, басу)- бұнда өндірістің құлдырауы, сонымен қатар бағаның төмендеуі тоқтайды.

  • Ағымдық жұмыссыздық – бұл нормалы сапаға ие жұмыс күшінің, ой мен дене еңбегінің жұмысшыларының уақытша (жұмыссыз қалуы) қолының бос болуы.

  • Жасырын жұмыссыздық – ауыл шаруашылығында орын алады. Іркілген (тоқырау) жұмыссыздық өте реттелмеген жұмыспен айналысатын адамдарды қамтиды.

  • Функциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік, жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшу, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан функциодық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.

  • Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты.

  • Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезеңінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейеді.

  • Инфляция –жалпы тепе-теңдік бұзылу формасы, жалпы баға деңгейінің жоғарлауы. ры.

  • Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектісінің бір өлшеміне салынған мөлшері.

Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді.

  • Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR = P×Q

  • Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны.

  • Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді

  • Тұрақты шығындар (FС) деп – қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз.

  • Айнымалы шығындар (VС) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.

  • Изокоста дегеніміз-жалпы шығындарының құны бірдей болатын , еңбек пен капиталдың барынша мүмкін боглатын тіркесімін қамтитын сызық..

Пайда дегеніміз- жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма.

Жабық монополия-бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

Табиғи монополия.-белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

Ашық монополия. -берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

56

Ф Е ҰУ 703-02-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]