Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

26)Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы. Өндіріс факторларының өнімділік кему шегінің заңдылығы.

Еркін нарықты жақтаушылардың бірі – Жан Батист Сэй (1767-1823жж.) “Саяси экономия трактаты” (1803ж.) еңбегінде “Өндірістің үш факторы” теориясын ұсынды. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Ал маржинализдер осы үш факторға кәсіпкерлік қабілеттілікті қосқан. Осы факторлардың қызметін пайдаланғаны үшін жалақы, пайда, рента төлем жүзеге асады. Өндірістік функция дегеніміз - өндіріске енгізілген факторлар мен өнімнің шығарылуы арасындағы өзара тәуелділік.Q=f (L, K),мұндағы L-еңбек (жұмыс күші); K-капитал; Q-өнім. Әдетте, факторлар шамасы өзгермей, тұрақты болады. Яғни барлық факторлар бір мезгілде өзгереді н/е тек олардың біреуі өзгереді. Бұл жағдайда табыстылыққа шектеулі әсер етеді, ол төмендейді.

27) Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар.

Өндіріс шығыны – бұл өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынған) ресурстардың құнын айтады. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

28) Нарықтық экономикадағы фирманың мақсаттары мен қыметтері.

Фирма- бір немесе бірнеше кәсіпорвындары бар және пайда алу мақсатында тауар және қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұғым. Батыс экон.қ әдебиетіәнде фирма теориясының бірқатары бар, олардың әрқайсысында оған жетудің мақсаттары мен құралдары әр түрлі анықталады. 1. Дәстүрлі 2. Менеджерлік.қысқа мерзімде егер өндіріс көлемін ұлғайту керек болса, фирма оған айнымалы факторларды өзгерту арқылы ғана жете алады. Ұзақ мерзімде, фирма мінез-құлқы басқаша әрдайым өзгеріп тұратын өндіріс деңгейңне жауап ретінде оның барлық факторларды өзгертуге мүмкіндігі бар.

29) Бугалтерлік,қалыпты және экон.Қ пайда. Экон.Қ пайданың қалыптасу шарттары.

Пайда жеке кәсіпорынның,саланың тұтас ұлттық шаруашылықтың қызметінің экономикалық нәтижелерін бейнелейтін экономикалық категория. Бухгалтерлік пайда дегеніміз өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен жалпы түсім мен аталмыш сыртқы шығындар, яғни жабдықтаушылар ресурстарына төлемдерінің арасындағы айырым. Экономикалық пайда жалпы түсімнен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі, соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да жатады) алып тастағанға тең. Қалыпты пайда бұл кәсіпкерлік қызметті орындағаны үшін сыйақы; ішкі рентамен және ішкі жалақымен қатар ішкі шығындардың элементі болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерлік ресурстарды қызметтің белгілі бір саласында ұстап тұруға мүмкіндік береді.

30)Пайданы жалпы және шекті көрсеткіштерді пайдалану арқылы максималдау шарттары.

Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экон-қ ұғымдарды енгіземіз: жалпы өнім, орташа ж/е шекті өнім. Жалпы өнім (ТР) – бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде ж/е басқада өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі. Шекті өнім (МР) – бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады: н/е; Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Оның мән-мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]