Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

46) Мемлекеттің жұмыспен қамту шаралары және оның Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері.

Әлемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған. Жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға, қамқорлықтар жасауға көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың квотасы белгіленген.

47) Инфляция: себептері, типтері.

ҚР-дағы инфляция.Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.Инфляцияның себептері:

Тауардан ақша жиынының асып түсуі

Ақша эмиссиясы

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

Экономиканың милитарландырылуы

Халықтың болжамы

Экономиканың сәйкеспеушілігі

Экономиканың жұмсалса сипаттамасы

Жалақы – баға бұрылымы

Кәсіпорындардың монополизмі

Инфляция типтері: 1) ашық – бағаның тұрақты көтерілуі; басыңқы – тауардың жоғалуы. Басыңқы ифл-да бағаны мемлекет реттейді.Ашық ифл-я 3 белгі б/ша жіктеледі:

бағаның өсу қарқыны;

әр түрлі тауар топтары б/ша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;

инфляцияның күтілуі және алдын – ала болжануы.

1 белгі тұрғысынан 3ке бөлінеді:

- баяу: баға баяу жылына 10 % өзгереді.

- галопирленген: бағаның өсуі жылына 100%.

- гиперинфляция: бағаның өсуі 1000 %-тен жоғары.

2 белгі тұрғысынан 2 түрге ажыратылады:

-тең инф-да әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

-тең емес инф-я.

3 белгі тұрғысынан:

- күтілетін: күтілу факторы инф-я салдарынан білінеді.Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінің білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді ж/е ешкім зардап шекпейді.

- күтілмейтін инф-я: бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

2)Сұраныс инф-я:сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады.Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады.Бұдан жинақталған сұраныс артық болады. Бұл бағаның өсуіне итермелейді.Ұсыныс инф-я: өндіріс шығынының өсуіне б/ты бағаның өсуі. Бұның салдары: жалақының өсуіне ж/е энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 2006 жылғы қаңтар – шілдеде ҚР-да инфляция деңгейі 5,1% болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]