Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

15) Меншік экономикалық категория. Көп меншікті экономикалық жүйе.

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды рөл атқарады. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан да, кез-келген үкімет туралы заңдар шығады. Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік өана тән. Меншік категориясының эконормикадағы орны мен рөлін, мәнін түсіну үшін материалдық игіліктерді қндіруге мүмкіндік беретін өндіріс тәсілдеріне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндіріс тәсілінде екі жақты зерттеу жүргізіледі. Атап айтқанда.

Өндіргіш күштер. Ол материалдық игіліктерді өндіруге өолданылатын адам күші мен өндіріс өқұралдарын өамтиды.

Өндірістік өатынастар. Бұл өндіріс процесі кезінде адамдар арасында туындайтын байланыстар.

Экономикалық өатынастардың ішінде шешуші рөлді меншік қатынасы алады.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде кез келген тұлғаның затты пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Меншік объектілері болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектілері ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады. Экономикалық жүйе- бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Қазіргі таңда экономикалық жүйені анықтаудың келесідей бағыттары бары құрылымдық – басқарушылар (Нойбергер, Даффи), технологиялық ; уәжімдемелік, яғни мотевациялық – Бекингей, Ландауэр; институациалды-социологиялық (Гросман, С. Кузнец).

Экономикалық жүйе – бұл өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың өзара бірлігі.

16) Нарықтың пайда болуының экономиканың алғышарттары. Нарық функциялары және құрылылымы.

Нарықтың қалыптасуы еңбектің қоғамдық бөлудің пайда болуымен тікелей байланысты. Еңбекті бөлудің күшеуі, оның дифференсалдануы мен мамандануы тек қана қоғамдық өндірістің өнімділігі мен артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектің өнімдерін міндетті түрде айырбастауға да әкеледі. Мұндай айырбас бірте-,бірте күшейе түсіп, қазіргі таңдағы нарыққа дейін жетілдірілді. Тауар өндірісінің дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түсті. Нарық көпжақты, оны әртүрлі зеттеуге болады. Сондықтанда да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп. Қорыта айтқанда, нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында, өндіру,бөлу,айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Қысқаша айтқанда, нарық дегеніміз сұраныс пен ұсыныс негізінде сату сатып алу процесі жүретін ресми орталық. Кез келген нарық, оның нақтылы түріне қарамастан, үш негізгі элементке негізделіп құралады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе теңдікті дәл осы элементтер анықтайды. Нарықтың белгілі бір құрылымы болады. Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылысы. Ол өзіне тән әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.

1.Экономикалық белгіленуі бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы,өндіріс құралдары нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлінеді.

2.Географиялық орны бойынша жергілікті, ұлттық, аймақтық,әлемдік нарықтар болып бөлінеді.

3.Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша: монополиялық,олигополиялық,еркін, аралас деп аталады.

4.Сату сипаты бойынша бөлшек және көтермн деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]