Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

20)Бәсеке әдістері. Адал емес бәсеке.

1.баға бәсекесі-басқа бәсекелестікке қарағанда төмен бағамен тауар сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. 2. Баға емес бәсеке- нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар, пайдалану мерзімі ұзақ, көп ассортиментті тауар ұсынады. 3. Арсыз бәсекелестік- бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу, демпинг, нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет т.б.

Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.

Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар: 1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану. 2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру. 3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу; 4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату. 5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру. 6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.

21-24)Нарық үлгілері: таза бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке.

Таза бәсеке – кезкелген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан турады. Бірде- бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, рынокқа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды рыноктық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектіктк ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады. Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. Oligos - аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл бринцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

25)Экономиканың монополизациялануы және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Антимонополиялық реттеу.

Монополяның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу . Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамассыз ететін монополиялық баға құрлымын ұсынады. Монополия рынота үстемдік етеді және монополды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар бәсеке жоқ жағдайда монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарлату ынтасын жоғалтады. Антимонополиялық зандар 1880 ж АҚШ- та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар 2 бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосыуын бақылайды. Қазақстанда 1996 ж “Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.” Бірақ заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]