Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

55) Бюджет тапшылығы және оның себептері. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері.

Бюджет- табыс пен шығыстың тепе-теңдігі (смета, баланс). Бюджеттің табысы: кәсіпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа салық, жергілікті салық, сыртқы экономикалық қызметтен табыс, рента төлемдері, салықсыз табыс, табыс салығы, ссуда қорының құралы және т.б.Бюджеттің шығысы экономиканы, қоғамдық – мәдени бағдарламаны, ҒЗҰ және ҒТ бағдарламасын, қорғанысты, басқаруды, мақсатты бағдарламаны қаржыландыру, несие және басқа мемлекеттерге көмек.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығының себебтер:1.Эконмикалык дағдарыс жағдайыында табыстың төмендеуі және ұлттык табыстың өсуінің азаюы2. Мемлекеттік бюджетке тусетін акциз салығының азаюы3.Бюджет шығысының өсуі4.Қаржы –экономикалык саясаттың тұрақсыздығы.Бюджет тапшылығын төмендету шаралары:1.Конверсия.2.Қаржыландырудан несие беруге өту.3.Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою4.Салық салу жүйесін өзгерту .Бюджет тапшылығын жабатын 3 дәстүрлі амал бар:1.Мемлекеттік займ шығару2.Салық салудың қатңдығы;3.Ақша өндірісі немесе «сеньораж» ,яғни ақша басу.Экономикаық теорияда бюджет тапшылығын шешетін бірнеше тәсілдер бар:1.Бюджет жыл сайын балаиста болуы тиіс.Мұндай саясат антициклдық ағымды мәселені мемлекеттің қолын байлайды .Мәселен ,экономикада жұмыссыздық ұзақ жүруде, демек халық табыссы төмендеп, бюджетке салық кірісі де азаяды. Бюджеттің балансы үшін, үкімет салықты көтереді немесе мемлекет шығысты қысқартады, осы екі шараның байланысы қолданылады. Бірақ бұл шаралардың салдары жинақталған сұранысты қысқартады.Келесі мысал: елде инфляция делік . Ақша табысы жоғары және салық кірістері көп. Бюджет артықшылығын жоюүшін үкімет салықтытөмендетеді немесе мемлекеттік шығысты көбейтеді, екі шараның байланысын қолданады. Осының бәрі инфляцияны күшейтеді.

56)Нарықтық эк.Әлеуметтік саясаты.

Нарықтық Экономика[1], рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы. Нарық экономикасының бірінші элементіНарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.Нарық экономикасының екінші элементіНарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.Нарық экономикасының үшінші элементіНарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]