Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_Emtikhan_zhauaptary_2014.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
92.72 Кб
Скачать

33)Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары:тұрақты,айнымалы,орташа.

Тұрақты шығындар FC(Fixed cost)-өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар.Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс.Айнымалы шығындар VC(variable cost)- өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар.Олар шикізатққа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады.Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.Шығындарды шартты түрде тұрақты және айнымалы бөлу талдау жасалып отырған кееңге де байланысты болады.Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады,себебі ұзақ мерзімде барлық құрал-жабдықтар ауыстырылады.Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды TC(total cost).Орташа шығындар фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, фирма пайда алмайды. Егер орташа шығындардан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады.Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең болады: ATC=TC/Q. Орташа тұрақты шығындар, жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне болгенге тең:AFC=TFC/Q. Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындардың өндірілген өнім санына болгенге тең: AVC=TVC/Q.

34)Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары.

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады.Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр:меншік формасы және фирма көлемі.Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,-себебі,үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында.Сонда да,жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бір қатар артықшылыққа ие:түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін;бизнес көлемі шектелмеген;қатаң бағамен шектелмеген. Кәсіпкерлікте де үш түрді бөліп алады:жеке тұлғалар;серіктестік; корпорация. Жеке кәсіпкерлік деп бәр адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шктелмеген және оның капиталы көп емес,жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.Оның артықшылықтары:әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие,кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады.Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады.Корпорация меншігінде құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген,сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар,ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады.

35) Жалақы еңбек бағасы ретінде.

Жалаңыны бөлшектеп (дифферианциалдап) тағайындау. Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. ҚР-ның аралас әлеуметтік бағытталған рыноктың экономикаға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақының мемлеке кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді. Жалақыны диференциалау және оның принциптері.Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ал бес принцпке негізделген: 1)еңбектің күрделігі. Күрделі біліктілікті еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс; 2) еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істегендер жалаұыны көп алуы қажет; 3) еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады; 4) экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты; 5) жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]