Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
738
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

5.1 Мейманханада, Демалыс үйінде, Санаторийде.

Басқа қалада ақпаратты анықтама бюросынан немесе басқа бір ресми адамнан сұрау керек. Егер сіз жолдамасыз келген болсаңыз, курортта сіздің тұратын орын табуыңызға курорт бюросы көмектеседі. Мейманханаға келген соң әкіммен сөйлеседі. Шетелде отельдердің көпшілігінде меймандарға арналған кітап болады, оған әрбір келуші өз есімін жазады. Бізде бұл рәсімді әкім атқарады, содан кейін меймандар номерге ертіп апарылады. Егер сіз бұрыннан біреу тұратын қонақ үй нөміріне кірсеңіз, алдымен амандасып, содан соң атыңызды атаңыз. Егер қажет десеңіз көршіңізге қандай қаладан екеніңізді және бұл жерде қандай мәселеге байланысты келгеніңізді айтыңыз. Бірақ көршіден оның өмірбаянын, жұмыстарын және т.б. қадалып сұрастыру дұрыс емес. Егер ванна, душ қабылдау қажет болса, көршіңізге сол мезетте қажеттігі бар ма деп сұрастырыңыз.

Келген адам мейманхананың, демалыс үйінің және санаторийдің қызметші адамдарымен сыпайылық ережелеріне сәйкес сөйлеседі және оларға кірпияздық көрсетпейді. Мейман бөлмеде тәртіп сақтайды, өз заттарын шашып тастамайды, мейманхана мүліктерінің сақталуын қадағалайды.

Бөлмеде жалғыз болсаңыз әрқашан тыныштық сақтаңыз, себебі кез келген қатты дыбыс, шу кез келгеннің жүйкесіне тиеді, сондықтан әрқашан осыны есте ұстағаныңыз жөн. Бөлмеге кірместен бұрын үнемі есікті қағыңыз, алғашында ақырын ғана қағыңыз, естімесе қаттырақ қағыңыз. Есікті бар күшімен тоқылдатуға болмайды. Егер бөлмеде аяқ киім щеткасы, не киім тазалайтын щетка, немесе қажетті бір зат жоқ болса, оны қабаттағы кезекшіден сұрайды. Екі адамға арналған номерде өз көршіңмен санасып, егер ол ұйықтап жатса,жарықты шақырайтып жақпау, есікті сартылдатпау, қатты жаппау керек т.т. Мейманханада қанша тұратындығыңызға қарамастан, ондағы барша адамның құқы бірдей.

Демалыс үйінде немесе санаторийде ондағы күн тәртібін сақтау керек.

Столға кешікпей келеді.Стол басында суға шомылғанда немесе жағажайда киетін костюммен, пижамамен отыруға болмайды.

Мейманхананың ресторанына таңертеңгі және түскі тамаққа күндіз киетін киіммен барады. Үлкен отельдерде еркектер кешкі тамаққа қара костюм немесе тіпті кешкі киімін киіп барады, әйелдер өз серігіне сәйкес киінеді. Көптен бері, мысалы, асханада немесе ресторанда кездесіп жүрген ең жақын көршілермен ресми таныспаған болса да, олармен мейманханадан (демалыс үйінен, санаторийден) тысқары жерлерде сәлемдеседі. Мейманханадан, демалыс үйінен немесе санаторийден сыртқа шыққанда кілтті әкетпей, оны үй сыпырушыға, кезекшіге қалдырады. Нөмірде жылыту құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Бөлмеден шыққанда судың, жарықтың, радио және т.б. өшірілгенін тексереді. Ақша мен бағалы заттарды сейфте сақтауға өткізеді, ал сейф әрбір үлкен мейманханада, санаторий мен демалыс үйінде болады. Басқа жақта жолаушылап жүргенде жергілікті жердің әдет- ғұрпын сақтайды. Егер ол жерде әдепсіздік болып саналатын болса, көшеде шолақ шалбармен жүрмейді. Кез - келген жағдайда өзіңізді басқалармен бірдей ұстауыңыз, бойыңызға дарыған тәлім тәрбие, өнеге, көргенділік сізге көмектеседі.