Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Адам - қоғамдық-тарихи процестің, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің субъектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты және ол формалардан еңбек құралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан, түсінікті сөйлей, ойлай алатын, саналы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Ол бірқатар ғылымдардың. Антропология, физиология, және т.б. зерттеу нысаны болып табылады.

  2. Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, кішіпейілділік, адалдық, шыңшылдық та адамгершілікке жатады. Ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада да қолданылады.

  3. Адамгершілік мінез-құлық адамдарға жағымды мінез көрсету, мейірімділік, рахымдылық білдіру.

  4. Адамгершілік сезім – қоғамдық мәнді және жеке көңілкүйге байланысты ар-ұждандылық, достық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілк, ұят және т.б. жатады.

  5. Адамгершілікке жат қарым-қатынас – қоғамдық, тұлғалық, қарым-қатынасқа сыйымсыз іс-әрекет ету.

  6. Адамшылық адамдар арасында бір-бірімен қарым-қатынас барысында жасалатын материалдық және моральдық тұрғыдағы қайырымдылық, қамқорлық.

  7. Ақ жүректілік – таза ой, көңіл тазалығы, күнәсіз адам.

  8. Альтруизм – қара басының ғана қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын моральдық принцип.

  9. Ар-ұят – ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Бұл адамның өзінің қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен туындайды. Ұят ішкі сезіммен байланысты туындап, сыртқы бет әлпет пішіннен көрініс табады.

  10. Аморальдылық – қоғамның моральдық ұстанымдарын қабылдамау, әдептілік нормаларына ингилситикалық қатынас, тұлғаның және әлеуметтік топтың рухани күреуі. Амаральдылықтың шеткі формасы ценизм болып табылады, ол - өз қооғамының мәдениетіне, оның рухани құндылықтарына жақтырмай қарау, идеалдар мен әлеуметтік ұстанымдар менсінбеу.

  11. Апатия – оянулар мен қызығушылықтардың әлсіреуі, қоршаған шынайылықтың жағдайларына деген немқұрайлылық, эмоциялық пассивтілік.

  12. Аутизм – психикалық шеттелудің шеткі формасы, индивидтің қоршған әлеммен байланысынан қашуы, өзіндік реттеу мүмкіндігінің төмендеуі, идеялар мен түсінітердің тар шеңберіне жақындық, эгоцентризм, қоршаған адамдардың мінез-құлқына эмоциялық реакциялардың адекватты еместігі.

  13. Әдемілік – болмыстағы әсемдік. Сұлулық, көріктілік сөздері көбіне адамға байланысты айтылса, ол барлық құбылысқа, затқа қатысты болады.

  14. Әдеп – моральдық категория, адамдар арасындағы қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіреді. Адамгершілік құлық адамдардың қауымдасып, өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Этика – мінез-құлық мөлшері, әдептілік. Этика мінез-құлық туралы ғылым. Адамгершілік мінез-құлқын сақтау.

  15. Әдеп кодексі – қоғамда өмір сүрудің басты нормаларын /адамгершілік, мәдени-рухани, ізеттілік, сыпайылылық, т.б./ белгілейтін құжат.

  16. Әдепсіздік – моральдық ұғым, мораль принциптерін, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасқан нормаларын сақтамаушылық, адамгершілік құлық талаптарымен санаспаушылық. Рухани дамуы кенжелеп қалған, мәдениеттен құралақан адамдарда болады. Психикалық жағынана кемтар, ақыл-есі жетіспейтін адамдардың ұятты қылықтары әдепсіздікке жатпайды.

  17. Әдептану – философияның мораль, адамгершілік құлық проблемаларын зерттейтін саласы, оны сондықтан «практикалық философия» деп те атайды. Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, оның мүшелерінің – адамдардың мінез-құлық, мүдде, тілек тағы басқа жақтан бір-бірімен санасуға туар келген анық. Бұл қажеттілік ары қарай адамдардың отбасылық, қоғамдық, діни және салт-саналық, парыз, міндеттерін орындаумен ұштасқан. Біздің бүгінде әдеп нормалары деп жүргеніміз сайып келгенде, адамдар арасыдағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылқ, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық басқа да айтқанда адамгершілік, имандылық тұоғыдан реттеудің шартты қағидалар болып табылады. Осыларды тұтас күйінде атайтын әдеп ұғымы келе философия ғылымының адамгершілік, құлық «Нравственность» жөніндегі саласы. Әдептанудың «этиканың» арнайы зерттейтін пәніне арналды. Қазақ тіліндегі әдептану термині халықаралық терминологиядағы этика сөзінің сөзінің баламасы ретінде қолданылды. Ал «Этика» ежелгі грекше «этос» сөзінен шыққан. әуелде этос үйреншікті қоныс, үй, баспа, аңдардың апаны, құстың ұясы мағынасында қолданылған. Бертінде көбінесе қандай бір құбылыстың тұрақты табиғаты, салт-құлық, мінез дегенді білдіретін болған. Аристотель «этос» сөзінің мінез-мағынасынан өзі этикалық ізгілік деп атаған адамдық қасиеттердің ерекше бір түрін атау үшін «этикалық» сөзін жасаған. Этикалық ізгіліктер адам мінезінің темпераментінің сипаттары болып табылады. Оларды соларды жан қасиеттері деп те атайды. Аристотель /б.с.д 448-322/ білімінің ерекше пәнді саласы ретіндегі этикалық ізгіліктердің жиынтығын атау үшін және сол білімінің өзін ерекше ғылым ретінде бөліп шығару үшін «Этика» әдептану – терминін ендірген. Этикалық деп аталған аристотельдік ұғымды герек тілінен латын тіліне дәл аудар үшін Цицерон «моралис» «моральдық» терминін жасады. Ол мұны «мос» сөзінен мінез, темперамент, сән, киім үлгісі, салт дегенді біліректін грекше «этос» сөзінің латынша баламасын жасаған. Цицерон моральдық философия туралы да айтады. Ол мұны Арситотель этика деп атаған білім саласы деп түсінеді. Ал 4 ғасырда латын тілінде «этика» деген грекше терминнің тікелей баламасы болып табылатын «moralitas» мораль термині пайда болды. Бірі грек, екіншісі латын тілінен шыққан бұл екі сөзде Европалық тілден енген. Бірқатар тілдер де «этика», «мораль» терминдеріне қоса, олардың мағынасын білдіретін өз сөздері пайда болды. Мысалы орыс тіліндегі «нравственность» көпшілік түрік тілдеріндегі ақылақ, қазақ тіліндегі әдеп сияқты. Бастапқы мәні жағынан «этика, мораль», орыс тіліндегі «нарвственность» әртүрлі сөздер болғанымен, бір-ақ термин ретінде қолданылады. Білім саласы ретінде этиканың өзіндік ерекшеліктерінің ашыла түсіуіне қарай, әртүрлі сөздердің білдіретін мағыналары да әртүрлі бола бастайды. Этика, негізінен білімнің тиісті тармағын, ғылым дегенді, мораль оның зерттейтін пәнін білдіреді. Қазіргі қазақ терминалогиясында «мораль» сөзі «мораль», «этика» сөзі - әдеп болып алынған. Мораль сөзінің орнына «адамгершілік құлық» сөзі қолданыла береді.

  18. Әдепті сөз - әдептілікті білдіретін, мәдениеттілікті көрсететін сөздер. әдепті сөздер жеке тұлғаны құрметтеу, ардақтау, бағалау ретінде айтылады.

  19. Әдет – жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.

  20. Әдет-ғұрып – игі әдет арқылы қалыптасып, өмір қолданысына айналған мәдени іс-әрекеттің ұлттық көрінісі. әдет-ғұрыптың ұлттық мәдениеттегі көрінісі - әдеп болады.

  21. Әдеттегі сана - әлеуметтік қауымдағы баым эмпирикалық білім және түсініктердің жиынтығы.

  22. Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игерунің нәтижесі.

  23. Әлеуметтік бейімделу – индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына үйренуі. әлеуметтік бейімделудің типтері: 1. ортаға белсенді әсер етуі; 2. әлеуметтік топтық құндылық бағдарлары мен мақсаттарын пассивті конформды қабылдауы. әлеуметтік бейімделу индивидтің өзінің және өз әлеуметтік байланыстарының бейнесіне адекватты әр түрлі әлеуметтік рөлдерді қабылдауымен байланысты. әлеуметтік бейімделудің бұзылуы әлеуметтік емес мінез-құлық, маргиналдылық, алкоголизм мен нашақорлық болып табылады.

  24. Әлеуметтік топ – жалпы қызығушылықтары, мақсаттары, құндылық бағыттары біріккен әлеуметтік топтық бақылау жағдайында және әлеуметтік нормалар негізінде біріккен адамдар тобы. әлеуметтік топ түрлері: үлкен, кіші, ресми, ресми емес, референтті, нақты, шартты, ұйымдасқан, диффузиялы (аралас).

  25. Волютивтік әдеп – ерікке негізделген әдеп. өз еркі өзіңде, ықтияры, тәуелсіз болу.

  26. Гуманизм - дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұрасныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкіліікті мақсаты деген мұрат жатады.

  27. Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.

  28. Жанжал – (лат.conflicts – қақтығысу) - әлеуметтік қайшылықтардың жоғары дәрежеде дамуы, қарамақарсы пікірлердің, көзқарастардың, күштердің өткір қақтығысуы. Іскерлік қатынастарда негізінен әріптестер арасында жекелік қарым-қатынаста туындайды. Жанжалдың объективті және субъективті жақтары болады. Алғашқысы жанжалды туғызған объективтік жағдайларды, екіншісі жанжалға қатысушылардың санасы мен еркін көрсетеді. Жанжалдың әр түрі және оны шешудің жолдары бар.

  29. Жаргон – бұралқы мағынаға ие болған, қалың көпшілікке жете түсініксіз сөз шамалары мен сөйленіс машықтары. Қолданыс аясы шектеулі жасанды тілдердің әуел баста пайда болу себептері әртүрлі мақсатпен қауымдасқан топтар мен тобырлардың өз сырын өзгеге білдіртпей, өзара ауызекі қарым-қатынас жасау ниетіне орайласады.

  30. Зиялылық – адамның мәдениетке, парасатқа, түсінуге ден қоюшылығынан, әмдениеттің құндылығы мен қажеттілігін түйсінуінен көрінетін қасиет.

  31. Игілік – ізгі іс-әрекет пен жақсы жұмыстың мәнді нәтижесі. Игі әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады да, оның нәтижесі – игілік деп аталады.

  32. Идеал – бір нәрсенің негізгі сипатын абстракты елестету, аңсаған, армандаған мақсатқа жету жақындау.

  33. Имандылық – ар—ұятты, сенімді мәдениетті әрекеттің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізеттілік, ізгілік-имандылықтың белгісі. Имансыз адам ізгілікжасай алмайды.

  34. Инабаттылық - әдептанудың негізгі категорияларының бір. әдептілік, тәртіптілік, ізеттілік мағыналарында қолданылады.

  35. Инстинкт – мінез-құлықтың туа берілген жүйесінің жиынтығы. Негізгі тітіркендіргіштердің әсерінен белсенділенеді.

  36. Интеллект – ақылой қабілетінің тұрақты құрылымы.

  37. Интуиция – танымдық жандандыру, ойдың жүйелі ашылуы негізінде ақиқатты тез арада алдын-ала талқыламай байқап қалу, белгіл бір бағыттағы танымдық іс-әрекет тәсілдерінің жоғары жалпылау нәтижесі.

  38. Кең пейілділік – адамның жалпы адамзатқа деген ізгі ниеттілігі, ілтипаты, жақсылық тілеуі ретінде көрініс беретін психологиялық құбылыс. Екі бөліктен: 1. қарым-қатынас жасаған адамды сөзбен, жылы көңілмен рухани қолдау. 2. нақты іспен қолдау.

  39. Көзқарас – адамның әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның айналада болып жатқан процестерге және құбылстарға қатынасын айқындайтын дүниетанымдық категория.

  40. Көңіл-күй – индективтік психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.

  41. Кішіпейілдік – адамгершілікті көрсететін мінез-құлық: улкенге айналасындағы адамдарға, иманжүзділік сыйласым көрсетудің үлгісі.

  42. Конфликт – субъектілердің өзара қарама-қарсы мақсаттары, мүдделері, өмірлік ұстанымдарының қақтығыстары. Конфликт инциденттен басталады (кейде бір жақ екінші жақтың мүдделерін кемітуге әрекеттенгенде). Конфликт мемлекетаралық, этностық, әлеуметтік, топаралық түрлерге бөлінеді. Алайда конфликт конструктивтік түрде болуы мүмкін. Мәселені нәтижелі шешу жолын қарастырады.

  43. Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.

  44. Қылық – Мінез-құлықтың күрделі «бірлігін» белгілеу үшін Генри Мюррей енгізген термин. Қылықтарға адамдар арасындағы немес адамдар мен объектілер арасындағы өзара әрекеттестік жатады.

  45. Мәтінсөздік /глоссарий/ - мәтіндегі бимәлімдеу көне сөздерге түсінік беретін сөздік. Педагогикада жеке оқу пәні немес бүкіл білімдік наққалыпты қамти бастады.

  46. Мораль – мораль латын тілінен аударғанда «адамгершілік» ұғымын білдіреді, адамның қоғамға және өзінен басқа кісілерге қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінң жиынтығы. Қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны. Адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль қоғамдағы адам әрекетін бағалаушы аспектілердің негіздерінің бірі, қоғамдық сана мен қоғамдық іс-әрекеттің ерекше формасы. Адамдардың мінез-құлықтарын, әрекеттерін үйлестіре реттеу қызметін атқаратын қоғамдық сапаның түрі, әлеуметтік институт. өзінің қызметін құқықтық межелер, әдеп-ғұрыптар және дәстүрлер сияқты мінезқұлықтарды үйлсетіріп реттеушілермен қатар атқарады. Мораль ең алдымен жеке адамдардың, адамдар тобының қылықтарын белгілейтін адамгершілік құлықтарды қамтиды. Мораль адам мінез-құлқын және оның себептерін, қылықтар жөнінде пікірлік бағаларды, адамдар арасындағы қатынастарды, бұл қатынастардың санаға қатысты жағын қамтиды.

  47. Моральдық норма – белгілі бір қылық түрлеріне тыйым салу немесе бұйыру жүйесі түрінде қызмет атқарады. Мысалы: «үлкенді сыйла», «темекі тартпа» т.б.

  48. Моральдық баға - бұл әлеуметтік іс-әрекеттердің алуан құбылыстарының белгілі бір моральдық талапқа сай келуіне немесе келмеуіне байланысты қолдау немесе сөгу.

  49. Моральдық құқық - әр адамның қоғамдық қатынастардағы кездесетін келеңсіз жағдайларға қарсы тұра білуі, өзінің заңды талаптарын қадағалай білу.

  50. Моральдық сезім – қоғамдық өмірдік талабына сәйкес көрінетін адам сезімдерінің бір тобы. Бұлардың мазмұны да құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жаупкершілік, ұят. Ұлттық мақтаныш т.б. жытыды.

  51. Моральдық тәрбие – адамгершілік сана-сезім, мінезқұлықтарды қалыптастыратын тәрбие. Адамгершілік сана, адамгершілік қағидаларымен, мінез-құлық нормаларын білуді қамтамасыз етеді. Адамгершілк сезім – адамның өзінің және айналасындағылардың іс-әрекетінің адамгершілік тұрғысынан қалай бағытталатынын сезінуі. Адамгершілік мінез-құлық – адамгершілік нормаларымен қағидаларының іс жүзіндегі көрінісі.

  52. Мінез-құлық – адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған іске қалай қарайтынынан байқалады. Ол оның бүкіл тәртібіне әсер етеді.

  53. Мейірімділік – адамның жоғары құндылықтарды мойындауына негізделген көзқарастар жиынтығы, адамның ар-ожданы мен құқығын, тұлға бостандығы мен жан-жақты дамуын қорғайтын ілім.

  54. Нақыл - өнеге-өсиет; көркем сөз, тақпақ, жыр түрінде айтылған нақышты жүйелі сөз. Халықтың ұлы адамдардың нақыл сөздері жастардың жадында сақталып, зор тәрбиелік рөл атқарады.

  55. Обал-сауап – халықтың ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін , ұлағатты ұғымы. Ұрпақты жақсы нәрсенің қадірін білуге үйретеді.

  56. Өзіндік сана сезім – адамдардың өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі. Жеке тұлға, яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және мінез-құлығын ретінде ұғынуы және бағалауы.

  57. Өзіндік тәртіп – адамның өзінің мінез-құлқын бақылауы, өзін-өзі бақылаудың синонимі. Кейде «өзіндік жаза» мағынасында қолданылады.

  58. Рәміз – этностық белгі, жоралғы, айшық, өрнек. Ел ұраны, ел белгісі, қасиетті туымыз ұлттық рәміз.

  59. Сәлем – адамдық, саулық, тілеу. Жүздескенде қуану белгісі; біреудің біреуге жеткіз, айт деген аманаты, ауызша хабар тілектестігі.

  60. Сәлемдеме – алыстағы туысқа, досқа, жолдасқа біреу арқылы беріп жіберілген сыйлық.

  61. Сән – киімге, үй жасауына, қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде қайсібір талғамның үстем болуы. Алайда сән киім кию, шаш қою, үй жасауы стилімен шектелмейді, өмірдің өнер әдебиет, техникалық өндіріс секілді, көптеген салаларын қамтып, ауқымды кеңейтіп, жағдайлар жиі болады. «Сәнге айналған стиль» деген терминнің өзі қазіргі қауырт өзгеріп жатқан қоғамның бір нышаны. Сән тұлғаның белгілі бір топқа ену әдісі. Осы арқылы ол әсіресе жастар топтың қаракетіне жедел ортақтасады. Тұтынушылық бедел феноминінде, яғни қажетке жарайтыны пайдалылығы себепті емес. өзінің әлауқаттылығын паш етуге бола қымбат дүниелер алушылық та осы сәнмен байланысты.

  62. Сөзбен үйрету / вербальды/ - нақты заттық әрекетсіз білім, тәжірибені сөз әсері /нұсқау, түсінік, жад, т.б./ арқылы үйрету.

  63. Сөйлеу – адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесіне тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл арқыл болатын қарым-қатынас нысаны.

  64. Сымбат – жеке тұлғаның дене бітімінің әсемдігі, сұлулығы, мүсінділігі, адамның сымбатты болуы, өзін-өзі күтуі мен денесін шынықтыра білуіне байланысты.

  65. Аксессуар – сахна жихаздары ; оқиға көрінісін бейнелейтін заттар.

  66. Амплуа – жүргізушінің өз бойындағы табиғи ерекшеліктеріне қарай әр түрлі рөлдерге бейімделуі.

  67. Биязылық - адамның сыртқы ортамен байланыс жасайтын қарым- қатынастарының ішіндегі сыпайыгершілік, әдептілік жиынтығы. Мінез бітісінің бір сипаты.

  68. Имандылық - ар ұятты, тағылымды әрекеттің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік,ізгілік имандылықтың белгісі.

  69. Инабаттылық- әдептанудың негізгі категорияларының бірі.Әдептілік, тәртіптілік, ізеттілік мағыналарында қолданылады.

  70. Ізет- қарым қатынас нышаны.

  71. Ізгілік- адамдар арасындағы қарым қатынас мәнері.

  72. Қарым - қатынас біріккен іс- әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.

  73. Тұлға - рухани деңгейде дамыған адам.

  74. Тыйым - тұрмыс тіршіліктегі қарым - қатынас өлшемі.

  75. Табиғилық - өзің қандай болсаң, сондай болу деген сөз. Бұл үшін адалдық пен сыншылдық қажет.

  76. Ұят- жауапкершілікті сезіну.

  77. Парасат - ақыл - ой өрісінің тереңдігі.

  78. Диафильм – суреті көрсетіліп, төменгі жағына түсініктеме жазылған шағын фильм.

  79. Дене қимылы - ым, ыңғай қол сермеу, қол бұлғау, бас изеу, бас шайқау.

  80. Этикет - адамның өзара қарым-қатынасын реттейтін мінез-құлық нормаларының жиынтығы (айналасындағылармен тіл табысу және амандасу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, әдеппен киіне білу т.б).

ҚОСЫМША

Тілдік қарым-қатынастың қай-қайсысы да сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты аңғартады. Демек, сөз сөйлеушінің міндеті – адамды өзіне қарату. Міне, осы себептен де сөйлеуге даярлануды бастамас бұрын, сөйлеу этикетін зерттеп алудың маңыздылығы өте зор.