Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Қарым-қатынас әдебінің әлеуметтік мәні туралы пікірталасқа

түсудің сызбасын дайындаңыздар.

2. «Мінез құлық әдебі және қоғамдық мәдениет» тақырыбына баяндама жазыңыздар.

3. «Қазіргі жастар және этикет» тақырыбына диспут өткізудің жобасын әзірлеңіздер.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология. Алматы, 2007. -243б.

  2. Кәсіби этика. Ж.Ж.Молдабеков, А.Ә. Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Астана. 2008. 160 б.

  3. Золотая книга этикета. Сост. В.Ф.Андреев. – М., «ВЕЧЕ», 2004. -400с.,

  4. Введенская Л. А. Культура речи : учеб. для сред. проф. образования / Введенская Л. А. . — Ростов н/Д : Феникс, 2002. — 448 с. — (Учебники и учебные пособия). — Библиогр.: с. 411. 

  5. Матвеев В. М. В мире вежливости. О культуре общения людей / В. М. Матвеев, А. Н. Панов. — М. : Искусство и мода, 1991. — 131 с. 

  6. Ночевник М. Н. Человеческое общение / М. Н. Ночевник. - М. : Политиздат, 1988. - 127 с. 

  7. Формановская Н. И. Речевой этикет и культура общения/Н. И. Формановская. - М.: Высшая школа, 1989. -159 с.

2.2 Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік

Жоспар:

1. Тұрмыстық қарым-қатынас: таныстыру, сәлемдесу, қоштасу, өтініш білдіру және келісу және келіспеуді, кешірім сұрау, қолдау-қолдамау және т.б.)

2. Телефонмен байланыс жасау ережелері.

Қарым-қатынастың кез келген түрі этикеттік жағдайларға жатады, тек олардың бір-бірінен айырмашылығы қарым-қатынасқа қатысушылардың әлеуметтік белгілеріне (жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайлар, мәртебесі туысқандық дәрежесі т.б.) байланысты және әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас моделі осы ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Егер осы белгілер есепке алынбаса, болмаса, қарым-қатынастың бағытына әсер етпесе, бұл жағдайлар этикеттің сақталмағаны болып табылады. Осы белгілер көбірек кездескен жағдайда этикеттің көрінісі деп есептеледі. Этикет «ойын ережесін» ортақ тіл табысуды білдіреді.

Этикеттік жағдайлардың түрлері:

Күнделікті этикет- этикеттік жағдайлардың әр түрі, мінез—құлық стилін таңдау нұсқасы қолданылады (танысу, кездесу, әңгімелесу, қоштасу, күнделікті дастархан мәзірі).

Мерекелік этикет – тәртіпті реттеумен қатар, адамдардың мінез-құлық формаларына негізделеді. Ең жоғары жол-жоралғы сипатына ие болады.

Тұрмыстық қарым-қатынас: таныстыру, сәлемдесу, қоштасу, өтініш білдіру және келісу және келіспеуді, кешірім сұрау, қолдау-қолдамау және т.б.)

Қалай таныстыру керек? Әдетте танысу үшін арада жүретін адам керек. Ортақ таныс сондай адам бола алады. Ол қажет болған жағдайда өзі, өз инициативасымен таныстырады. Егер бұны істемесе, одан өзін басқаларға таныстыруды өтінеді. Таныстырушы танысушылардың есімдерін анықта, айқын етіп жылы шыраймен атайды (өз сөздеріне тиісінше ишара қосады). Бұл реттегі негізгі ереже: жасы кішіні үлкеніне, ер адамды әйелге бағынышты адамды бастығына таныстырады. Егер егде ер адамға қызды немесе жас келіншекті таныстыру керек. Таныстырушы әуелі жасы кіші адамның, содан соң үлкен адамның, ер адамды содан соң әйел адамның есімін, әуелі бағынышты адамның содан соң бастығының есімін атайды.

Жас адамды құрметті жасы егде тартқан адамға әдетте, сұраулы форманы қолданып, мысалы: «профессор жолдас, сізді студент Фазыловқа таныструды рұқсат етіңіз» немесе «Министр жолдас, сізге жас мұғалім Қазақбаеваны таныстыруға рұқсат етіңіз» деп таныстырады. Бұл жағдайда таныстырылып отырған адам онсыз да біледі деп профессор мен министрдің есімдерін атамайды.

Бұрын әйелге ер адамды таныстырғанда әйелдердің есімін атамайтын, қазір егде әйелге жас адамды таныстырған жағдайда ғана солай істейді. Ер адамды әйелге алдын ала, одан: «Рымшаш Камешқызы сізге магистр Саипова Мадинаны таныстыруға рұқсат етіңіз» деп рұқсат сұрап алып таныстырады.

Әрқашан және барлық жағдайда әйелге ер адамды таныстырады ма? Жоқ, үнемі олай болмайды. Күйеуі танысына (егер ол әйелінен онша жас болмаса) өзінің әйелін: «Менің әйелім – Ардақ» деп таныстырады. Әдетте, ең алдымен өзінің жақын туысын, содан соң танысын атайды.

Отбасы мүшелерін фамилиясын атамай-ақ, мысалы, «менің әйелім», «менің қарындасым» немесе «менің інім» деп таныстырады. Ал егер таныстырушының тағы да іні-қарындастары болса, айқынырақ «Менің әпкем Алмагүл» немесе «менің інім Қайрат» аты-жөнін қосуға болады. Егер отбасы мүшелерінің фамилиясы басқа болса, оны да атайды. Ата-ана өз балаларын: «менің ұлым Азамат (біздің)» деп таныстырады.

Өзінің апа-қарындастарын, әйелін, әсіресе әкесі мен шешесін олардан әлдеқайда жас адамдарға таныстырмайды. Жасы кішілерді үлкендерге таныстырады.

Қонақ қабылданғанда үй иесі әйел оларды бір-бірімен таныстырады. әйелінің орнына мұны қожайын да істей алады. Егер қажет кезде ол да болмай қалса, бұл міндетті жақын туысы немесе досы өз мойнына алады. Үй иесі таныстыруды ұмытып кеткен адам мұны олардың өзіне салады немесе ортақ танысынан таныстыруды өтінеді. Тіпті болмағанда өзін-өзі таныстырады.

Егер қонаққа өзінің танысын ертіп келсе (үй иелерімен көріскенде ғана бұлай істеуге болады), танысып ең алдымен үй иелерімен таныстырады.

Көп адам жиналып, олар топ-топқа бөлініп үлгірген жағдайда жаңадан келген адамды тек жақын тұрғандарға ғана таныстырады, ал қалғандарымен оның өзі танысуға тиіс.

Егер қонақ жұрттың бәрі дастархан басына отырып қойған кезде келсе, оны қарсы алуға орнынан тұрған үй иесі жаңадан келген адамды орналастырып отырғызады да, өзгелерді мазаламау үшін (қонақ көп жиналған жағдайда) бір столда отырған көршілерімен ғана танысады. Егер қонақ жас жігітке немесе қызға келсе, олар ата-аналары қонақтардың үстіне кіргенде қонақтарын ата-анасына таныстыруға міндетті.

Таныстырған кезде, әсіресе қонақ қабылданғанда, қонақты сипаттайтын, мысалы: «Қарлығаш тәте, сіз сияқты, Гүлнар да театрға барғанды ұнатады» деген сияқты бірнеше сөз қосу жиі кездеседі. Сөйтіп, таныстырушыларға әңгімелесу үшін алғашқы тақырып тауып береді. Мұндай ұсыныс әсіресе ұялшақ және көп сөйлемейтін адамдарға қажет. Ал үй иесі бұдан кейін жаңадан келген адамдарға немесе басқа қонақтарға көңіл бөле алады.

Сіз өзіңізді өзіңіз таныстырасыз. Арада адам болмаса, танысу әлдеқайда қиын, бұл зор әдептілікті талап етеді. әдепті адам қажет етсе танысуға мүмкіндікті әрқашан табады. Танысу жолын дайындайтын ілтипаттың әртүрлі белгілері көп. Көңіл тапқыштық есік ашудан, жерге түсіп кеткен көтеруден және тағы басталуы мүмкін. Осының өзі-ақ әңгімені бастауға, ал содан соң таныстыққа әкеледі. Егер жұмысқа бара жатқан жолда трамвайда, магазинде немесе мекемеде біреумен жиі кездесіп, тіпті онша елеулі емес бірнеше сөзбен тіл қатысып үлгерсеңіз, сіздің танысуға қақыңыз бар. Қолай келгенде мұндай адаммен амандасуға болаы. Егер сізге салқын жауап қайырса, танысудан бас тартқан жөн.

Осы ғасыр мәнерді қарапайымдандыру жағына қарай аяқ басып келеді. Жақсы сарындағы ескі ережелер бойынша қайсы бір қыздың ер адаммен араға таныс салып таныспайтындығын айтпағанда, әйелдің ер адамға өз есімін атағаны әдепсіздік деп саналатын.

Қазіргі кезде танысқанда ер адам сияқты әйелде өз фамиялын атап: «танысуға рұқсат етіңіз менің фамилиям Аянбаева» немесе жай ғана «Аянбаева» десе жетіп жатыр.

Ер адам өз фамилиясын аздап иіліп, әйел аздап басын иіп атайды. Танысқанда өз есімін атамайды, егер танысушының фамилиясы кең тараған болса, айқынырақ болу үшін ғана есімін атауға болады. Тіпті кішкене балаларды да өз есімінен кейін, фамилиясын атауға үйтеру қажет.

Ер адаммен бірге жүрген әйелдің әуелі серігімен танысып, алмайынша онымен басқа ер адамның танысуына болмайды.

Танысқандағы мінез-құлық. Танысқанда бір-бірінің көзіне қарап тұру керек. Бұл орайда, «өте жақсы» немесе «өте қуаныштымын», «өте жақсы» деген сөздер формальды түрде жиі естіледі. «Маған сіз туралы көп айтқан» немесе «мен сіз туралы естіп алғанмын» деген сияқты сөздерді одан да азырақ айтқан жөн, мұндай түрліше түсіндіріліп, адамды ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Сонымен қатар үндемей тұру да ыңғайсыз. Сондықтан сыпайы танысқандардың бірнеше сөзбен болса да пікір алысуын талап етеді.

Әңгімені әрқашан да жасы үлкен адам бастайды. Егде адамға таныстырылған жасы кіші адам өзімен әңгіме бастағанша күте тұру қажет. Егер әңгіменің бастауы ұзаққа созылса, жас адамда қалыптасқан ыңғайсыз үзілісті бұзып, дер кезінде және әдептілікпен жарасымды бірдене айтуға болады.

Егер сізге өзіңіз танысқыңыз келмейтін біреуді таныстырса, оған мұны сездірмеген дұрыс болады. Тіпті мұндай болған жағдайда сыпайылық таныту қажет.

Таныстырғанда сіздің фамилиясын естімей қалуыңыз немесе есте сақтай алмауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда мүмкін болса, таныстарыңның біреуінен білдірмей қайта анықтап сұрап алады немесе жаңа танысыңнан өзінің фамилиясын аты-жөнін қайталап айтуды өтінеді.

Сәлемдесу –достық пейілмен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір күн немесе әңгіме сәлемдесуден басталады. Егер біз жеткілікті дәрежеде аңғарымды болсақ, сәлемдесудің қисапсыз көп формалары бар екенін байлады.

Қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қарау керек, оның үстіне қыр көрсете немесе менменси қарамай, достық пейілмен жылы шырайлы қарайды.

Ер адам сәлемдесумен қоса аздап, иіледі, әйел жайлап бас изейді. Жас адамдар жасы үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда қаттырақ иіледі.

Сыпайы, достық пейілді сәлемдессе нақ солай жауап қайырады, әрине, онша таныс емес адамға қарағанда жақын танысымен немесе досымен неғұрлым ақ жарқын және жылы амандасады.

«Саламатсыз ба?», «Сізге сәлем жолдаймын» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес: «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасады. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту қажет.

Неғұрлым жақын таныстарды оның үстіне есімімен және әкесінің атымен: Саламатсыз ба, «Бағила Алтынқызы» деп атауға болады. «Саламат па Айсұлу» немесе «кездескенше Аян» деп тек достар ғана еркінси амандасады.

Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Тіпті ең жақсы досыңа да қолыңды немесе қалпағыңды бұлғай, көшенің арғы жағынан «Сәлем достым!» деп айқайлауға болмайды. Сәлемдескенде «сәлемдестік», «салют», «саумысың», «чау», «хоп» және т.б. сияқты анайы немесе бұрмаланған қыстырма сөздерді қолданбаған жөн. Әдетте қарсы келе жатқан адаммен қатарласуға бірнеше қадам (3-4 қадам) қалғанда амандасады. Көшеде жүріс-тұрыс көп болғанда бұл қашықтық жағдайға байланысты болады.

Қандай жағдайда орыннан тұрып амандасу қажет? Жастардың тұсынан өтіп бар жатқан әйелмен немесе үлкен жастағы ер адамның амандасқанда орнынан тұрады. Жалпы қарт адам жақындағанда қыз да орыннан тұрады. Жанынан жасы өзінен онша үлкен емес әйел және ер азамат өтіп бара жатқанда тұрмайды. Қыз, әдеттегідей, басын иіп, ал жасы үлкендермен иіліп амандасады.

Егде тартқан ер адам қасынан өтіп бара жатқандармен отырған күйінде иіліп сәлемдеседі. Егер ол әйелмен немесе өзінен жасы едәуір үлкен еркекпен амандасса, орнынан сәл көтеріліп қояды.

Жақындап келген немесе үйге кірген адаммен ерекек орнынан тұрып амандасады. Көпшілік жерде отырғанда ол әйел кірген сайын орнынан тұрып., әйел отырғаннан кейін ғана отырады. Қартаң, құрметті ер адам кірген жағдайда да ол осылай істейді.

Қол алысып амандасқанда (танысқандағы сияқты) ер адам кірген адамның жынысы мен жасына қарамастан орнынан тұрады. Егер жасы өздерінен әдәуір үлкен әйел кірсе, қыздар мен жас келіншектер міндетті түрде орындарынан тұрады. Орнынан тұру дегеніміз құрмет көрсету. Егер әйел өзімен жасы шамалас әйелмен сәлемдескенде орынан тұрса, бұл арқылы ол өзінің оны құрметтетейтінін көрсетеді.

Құрметті, жасы егде тартқан ер адамның алдында отырып қалу ыңғайсыз болатын мүлде жастарды есептемегенде, әйел еркек келгенде орнынан тұрмайды. Қызметте әйел бағынышты болса, еркекті орнынан тұрып қарсы алады.

Орнынан тұру айналасындағыларға мазасыздандыруы мүмкін жерлерде (театрда, кинода, машинада, кафеде т.б.) ер азамат те орнынан тұрмайды, қайта иіліп қолын қысады.

Кімнің бірінші болып амандасуы керек? әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Жас қыз жасы егде тартқан ер адаммен оның өзімен амандасқанын күтпей, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады. Кірген адам қатысып отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады. Кіруші және кетуші жөніндегі ереже болып қоштасады. Кіруші және кетуші жөніндегі ереже әйелдерге де қолданылады. Сөйтіп, үйге кіргенде және одан шықанда әйел ер адаммен сәлемдесіп, қоштасқанын күтпей, мұны бірінші болып істеуге тиіс.

Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңынан амандасады. Ер адам өзінің зайыбымен қалған әйелдердің бәрімен амандасып болғаннан кейін, яғни ер адамның ішінде ерекше құрметті және егде тартқан адам болса, зайыбымен қол алысып амандаспайды, қайта әлгі адамнан бастап, бірден ер адаммен амандаса бастайды. Егер отырғандардың арасында бейтаныс адам болса, онымен де қол алысады.

Қонаққа барғанда ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң қожайынмен, тек содан кейін ғана өзге әйелдермен және ер азаматтармен амандасады. Қонақтармен жынысына да, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретімен амандасуға болады. Қиын жағдайдан тек әдептілік сезімі ғана құтқара алады.

Көшеде немесе фойеде озып бара жатқан адам өзінің танысымен қатарласқан сәтте әрқашанда бірінші болып амандасады. әйел де солай жасайды. Тұрған адамның жаңынан өтіп бара жатқан адам жасы мен жынысына қарамастан, әрқашанда бірінші болып амандасады. әрние, тұрған адам сәлемдесушімен жүзін бұрады, иығынан қарап амандасу сыпайылылыққа жатпайды. Егер ер адам жалғыз болса, ол әйелдердің жанында тұрған еркекпен әрқашанда бірінші болып амандасады.

Жауап сәлем және бір мезгілде сәлемдесу. Егер сіздің серігіңізбен амандасса, ол адам өзіңізге таныс болмағанның өзінде де, оның сәлеміне жауап қайыруыңыз қажет.

Егер сіздің серігіңіз өз танысымен амандасса, онымен сіз де амандасуға тиістісіз. Егер ол бөтен адам болса, онымен үнсіз, әйелдерге бас изеп, ер азаматтарға иіліп немесе бас киіміңізді алып амандасуға болады. Әйелдің өз серігінің танысы берген сәлемге жауап қайырмауына да болады. Ол сәлемдесу өзіне де қатысты екені әбден айқын жағдайда ғана жауап қайыруға тиіс. Ер адам өзінің қасындағы әйелге немесе ер адамға сәлемдескенде, әрқашанда жауап қайырады.

Егер сізге мүлдем басқа адам сәлемдескен жағдайда жауап қайырып, оған қателескенін аңғартпау керек. Иығын қозғау немесе таңырқағандық білдіру сыпайылық емес.

Танысыңызды күніне бірнеше рет кездестірсеңіз, әрбір ретте амандасуыңыз қажет, ал арада өте аз уақыт өткенде, мысалы, паркте серуендеп жүрген кезде, жаға-жайда, театр фойесімен кездескен жағдайда бұлай етуге болмайды.

Егер жағдай мәжбүр етпесе, таңысыңызды аңғармаған түр көрсету әдептілікке жатпайды.

Кіммен, қай жерде сәлемдесу қажет? Ереже бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Бірақ өзіңіз сөйлесіп те үлгерген болсаңыз, жұмысқа бара жатқан жолда, немесе басқа жерде жиі кездестіретін адамдармен де амандасуға болады. Сіздің ол адаммен таныс екендігіңізді кәміл сенбейтін болуыңыз мүмкін. Сонда да сіз бөтен адаммен амандассаңыз еш қателеспейсіз. Бізде өз үйіңізде тұратын адамдармен тікелей таныс болмасаң да, олармен амандасу қалыптасқан.

Қайсыбір мекеменің баспалдақ алаңшасында тек таныстармен ғана амандасады.

Егер сіз көшеде келе жатып, үйдің терезісінен немесе автомашинадан көріп қалсаңыз, онда амандасу қажет. Бұл орайда, жүргізушілердің назарын аударып, қатты айқайлауға болмайды.

Бір орынға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқанда таныс адаммен үнсіз амандасады. Шығып бара жатқанда да солай қоштасады.

Егер сіз үйінің немесе санаторийдің клубына асханасына немесе қызыл мүйісіне (өте үлкен орындарды есептеменеде) кіріп келе жатсаңыз, онда отырғандармен сіз жалпыға иіліп немесе бас изеп амандасасыз. Егер сіз көп адам отырған столға жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек. Столдағы ең жақын көршіңізбен оның үстіне арнайы бас изеп немесе тіпті қол алысып та амандасуға болады.

Егер кафеде, ресторанда т.б. жерлерде басқа адамдар отырған столға отырғанда олармен амандасады, ал содан үндемей, иіліп қоштасады. Отырғандар сәлемге әрқашан жауап қайыруға тиіс.

Өзіңіз үнемі барып жүретін асханаға, кафеге кіргенде өзіңізге көптен бері қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлерімен амандасуыңыз керек. Егер отырған қонаққа даяшы келсе, онымен даяшының өзі амандасуға тиіс: келген адам бірінші амандасады.

Поездың купесіне, қайсыбір мекеменің қабылдау бөлмесіне кіргенде іштегілермен амандасу керек. Шығарда олармен қоштасады. Таксидің және алыс сапарға шығатын автобустың шоферімен сәлемдеседі.

Бөтен адаммен бір нәрсе сұрамастан бұрын онымен амандасып алу қажет.

Қол алысу. Амандасқанда немесе танысқанда кіші адамға жасы үлкен адам, ер адамға әйел, шәкіртіне мұғалім және жұмыс кезінде бағынышты адамға бастық бірінші болып қолын ұсынады. Қыз немесе жас келіншек өзіне егде ер адамның қашан қол ұсынатынын күтіп тұрады. Егер екі жұп (ерлі-зайыптылар) кездессе, әуелі ер азаматтар бір-бірімен амандасады, содан соң әйелдер ер азаматтармен амандасады. Бұл орайда қол айқастырып жатпайды.

Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруге тиіс. Бірақ екінші адамның қолын ауыртпайтындай қатты қыспау қажет. Тым болбыр қол алысу сияқты, тым қатты және ұзақ жібермей қол алысу да орынсыз.

Стол үстінен қол ұсынбайды. Қол алысу үшін ұсынылған қолды алмау – қорлағандық. Егер қандай бір себептермен сіз қолыңызды белгілі себептермен бере алмайтын болсаңыз, мұны айтып, сыпайылылықпен кешірім ұстауымыз керек. Жұқпалы ауру кезінде қол бермейтінтіні өзінен-өзі түсінікті.

Ерекше құрмет көрсеткісі келген адамына биялаймен қол ұсынбайды. Биялайды шешіп қол ұсыну – адамды құрметтегендіктің белгісі. Бұған қарамастан жас қыз бала өзінен едәуір үлкен адамға қолынан биялайын шешпей ұсынбайды. Егде тартқан, құрметті адаммен амандасқанда жас келіншекте биялайын шешеді. Ер адам қолғабын шешіп барып ұсынады. Ол тек өзінің жақын досымен немесе жас өспіріммен ғана қолғабын шешпей амандаса алады.

Сәлемдескендегі бас киім туралы. Сәлемдескенде бас киімді /телпекті, фуражканы, малақайды, т.б./ қайта киюге қиын болатын басқа да бас киімдерді шешпейді. Мұндай бас киім киген ер адам аздап еңкейіп, оған қоса бас киіміне қолын тигізуіне болады. Бірақ өзімен қатар немесе неғұрлым жас адаммен амандасқан жағдайда ғана осылай істеледі.

Қалпақ пен фуражканы сәл көтеру қажет. Амандасқанда қалпақты алдыңғы төбе жағынан, ал фуражканы алдымен күнқағарынан ұстап шешеді. Бас киімді асықпай шешу қажет.

Әдетте қарсы келе жатқан адам сіздің сол жағыңыздан өтеді, бұл жағдайда ол қалпағын оң қолымен көтереді. Егер қарсы келе жатқан адам сіздің оң жағыңыздан өтетін жағдайда, сәлемдескен адамнан бетінді көлекейлемеу үшін қалпақты сол қолмен шешу керек. Егер сіздің оң жағыңызда әйел немесе егде, құрметті ер адам келе жатса, бас киімді серігіңді мазаламау үшін тағы да сол қолмен шешуіңіз қажет. Егер сіз ауыр зат көтеріп келе жатсаңыз, бос қолыңызбен амандасыңыз. Егер екі қолыңызда бос болмаса, әлбетте, тек бас иіп қана қою керек.

Жерлеу рәсімінің жанынан өткенде, ер адам табытқа және марқұмның ең жақын туыстарына қатарласа бергенде бас киімін алады. Бұл арқылы марқұмға соңғы құрмет көрсетіліп, оның туыстарына көңіл айтылады.

Бас киімді шешіп сәлемдесу әдеп-ғұрып, бірақ дегенмен де мынадай сұрақ туады: егер өз денсаулығына зиян келуі қаупі барда (ауа райы нашар кезде, өзіңді нашар сезінгенде) да осылай істеу қажет пе? Формальды жағынан алғанда, қалпағын басынан сәл көтеріп қана қойған адам көргенсіз адам деп есептеледі. Бірақ көргенділік қалпақтың қаншалықты көтерілгендігі арқылы емес, қайта адамның бүкіл мінез-құлқы арқылы атап айтқанда, оның амандасқан кезіндегі бет әлпетінің кескіні арқылы да анықталады. Бас киімді алмай-ақ сыпайы амандасуға болады.

Әлбетте, ер адам жабық орында бас иімін шешеді. Қалпақтың ішкі жағын қолға өзіне қаратып ұстайды. Ер адамның бас киімімен жүре рұқсат етілетін орындар бар. Бұлар мекемелердің баспалдақтары, магазиндер, вокзалда т.б.

Бейтаныс адамдарды таныстыру. Таныстыру жаңа танысқан адаммен қарым-қатынас жасауға ресми құқық береді. Егер сіздің біреумен танысқыңыз келсе, мұны әдептілік сезімі талап еткен жағдайда таныстыру қажет, оның өзі танысуға өзіңіздің танысыңыз ұсына ма, әлде өзіңіз танысуды ұсынасыз ба? Осыған байланысты. Таныстыру мен таныстықтың жекеленген формалары танысушылардың жасына, жынысына, танысатын жерге байланысты болады.

Қай жерде және қашан таныстыру қажет? Ең алдымен өзіңіз жағдайға байланысты алдағы уақытта жиі қатысуыңызға тура келетін адамға таныстырады немесе өзін таныстыруды өтінеді. Жаңа жұмыс орнына келгенде жаңа қызметтестермен танысу немесе біреудің таныстыруы қажет. Қызметкерлер саны көп мекемелерде әрине, жұрттың бәрімен танысу ақылға сыймайды.

Қызмет кезінде өз міндеттерін орындау үстінде өз мекесінің атынан танысады. Бұл жағдайда өз есіміңді атау міндетті емес.

Көшеде де танысу ережелерін ұстанады. Қысқа уақытқа қана кездескенде өз серігіңді таныстырып жатудың қажеті жоқ. Оның алысырақ барып, күтіп тұрғаны жөн. Егер әңгіме ұзаққа созылса, оған серігіңді де тартып, таныс емес адамдарды бір-бірімен таныстыру керек. Егер сіздің бұлай істегіңіз келмесе, өзіңді көп күтіп қалмау үшін әңгімені мүмкіндігінше тезірек аяқтаңыз.

Жол үстінде (поезда, самолетте, пароходта т.б.) серіктеріңмен танысу міндетті емес. Онда бейтаныс адамдады бір-бірімен әңгімелесе береді. әңгімеде жалпы таныстар ауызға алынып, ортақ мүдделер пайда болатын және т.б. жағдайларда танысып алу қажет.

Жатақханада, санаторийде, демалыс үйінде және ұзақ уақыт тұратын басқа да сізді басқалармен өздеріңіздің ортақ таныстарыңыз таныстыруға немесе сіздің өзіңіз танысуға тиіссіз.

Ақ уақытта мейрамханада аялдап, онда жалпы стол басында кездескенде танысу міндетті емес. Мұнда дастархандастармен аздап иіліп сәлемдесумен шектеледі. Ресторанда немесе басқа да қоғамдық орындарда берге түскі тамақ кезінде сізді таныстыруға міндеттемейді. Тағы да көршілер жаққа бас иіюмен (әйелдер бас изеумен ) шектеледі де столға отырады.

Ал егер танысыңмен амандасу үшін столға келсе, оны өзгелерге таныстыруға тиіс. Егер оның өзі орнынан тұрып келген адаммен сәл алысыраққа барып әңгімелескен жағдайда ол оны таныстырмайды. Егер келген адамға отыруды ұсынып, бұл орайда бірге отырғандарға таныстыруды ұмытып кетсе, оның өзі еске салуға тиіс.

Көп адам қатысқан банкеттерде мысалы: (ресми қабылауды) қонақ қабылдаушы олардың бәрін бір-бірімен таныстыра алмайды. Мұндай жағдайда меймандар бір-бірімен өздері танысады немесе таныстарымен сөйлеседі.

Жеке адамды топтағы адамдарға таныстырады. Конференцияның көпшілікке өнер көрсететін артисті таныстырғаны сияқты әрқашанда аудиторияға дәріскерді , сыныпқа жаңа мұғалімді, жиналыста онда сөз сөйлеушіні таныстыру қажет. Дәріскерді дәріс ұйымдастырушы, мұғалімді мектеп директоры, немесе сынып жетекшісі, жиналыста сөз сөйлеушіні жиналыс басқарушысы таныстырады.

Сөз мәдениеті және әңгімелесу. Егер сұхбаттасуда анайы сөздер көп болса, егер сөздің екпіні және айтылуы интонациясы құлаққа түрпідей тисе ең мазмұнды әңгіменің өзі мәнінен айрылады. Дауыс көтермей айқын байсалды және ұстамды сөйлеуге тырысу қажет. Тым тез сөйлегенде ұғу қиын. Тым баяу сөйлеу де сұхбаттасыңды жалықтырып жібереді. Әрбір айтылған сөз буын мен дыбыс айқынырақ болуы тиіс. Бәлденіп сөйлеу мысалы: «шетелдіктерше» дауысты дыбыстарды созып айту, сөзді мұрыннан айту және т.б. манер жағынан әдемі естілмейді.

Сөздің табиғи кемшіліктерге байланысы жоқ кінәраттарының (ал кейде сондайлардың өзінде) бәрін ыждағатты жаттығу арқылы түзетуге болды.

Сөйлескенде сұхбаттастың тіпті дөрекі сөздері айтапағанның өзінде «ұқтың ба?», «жаңағы», «айтпақшы» сияқты бос сөзді үнемі қолдану жүйкеге тиеді. Өз көзқарасыңды «аха», «ықым», «ымм», «охо» т.б. сияқты одағайлар арқылы білдіру ыпайылылық болмайды.

Тамақты «ішу» дегеннің орнына «соғу», «ұйықтау» дегеннің орнына қорылдау т.б. сияқты «жаңғыртылған» сөздер толып жүретін тіл жұпыны көрінеді. Өзінің ана тілін сүйетін адам оны бұрмаламайды.

Шетелдік сөздерге келетін болсақ, оларды дұрыс мәні мен айтылуын білгенде ғана қолдануға болады, өзгелердің қатесіне күлмейді.

Әңгіменің сарыны. Тілдің лексикалық қорымен грамматикалық құрылым әңгіменің сипатын әлі айқындай қоймайды. Сондай-ақ оның сарыны мен инттонациясы да маңызды. Әңгіменің сарынан сезім-ерік ықпалының ренктері сезіліп тұрады. Сөйлесу сарынына қарап, біз тіпті адамның көңіл күйін де аңғара алмаймыз. Сөйлеу сарыны белгілі бір дәрежеде адамның мінез-құлқында бейнелейді. Қалай болғанда да біздің кіммен тәрбиелі немесе тәрбиесіз адаммен сөйлесіп отырғанымызды көрсетеді. Қимыл әрекет манерінде ишара мен түрдің қандай маңызы болса, әңгімелескенде сөйлеу сарынының нақ сондай маңызы бар. Белгілі бір сөз немесе сөйлем қандай сарынмен айтылғанына қарай түрліше әсер ете алады. Көбінесе сөздің өзі емес оның айтылу сарыны жәбірлі болады. Ту сыртыңыздан: «ілгері жүріңіз!», деген өзіңізді селк еткізетін және жаныңа шаншу қадалатын дерлік қарлығыңқы, дөрекі, өктем сөйлеген дауыс естіледі. Ал жеке өзін алғанда бұл сөздердің талап қою ғана емес, сонымен қатар өтінішті ақыл-кеңесті сақтандыруды білдіре де алады ғой.

Жұмысты қоғамдық жағдайды бастан кешірген жағдайды денсаулық жағдайының нашарлығы да айналадағыларға дөрекілік көрсетуге құқық бермейді. Тіпті бұйрықтың өзінде сыпайы сарында байсалды, іскерлік пен жұмсақ, үзілді-кесілді түрде беруге болады.

Қаратпа сөз. Бізде қаратпа сөздің екі түрі: «сіз» және «сен» пайдаланылады. Англияда қаратпа сөздің тек қана бір түрі, Румынияда тіпті үш түрі болған, Швеция мен Польшада бөтен адамға, әсіресе немесе бастықтарға «сіз» деп сөйлеу жеткіліксіз деп саналады. Бұл үшін үшінші жақ түрі мысалы: «доктордың маған көмектескісі келмес пе екен», «ханымды шығарып салуға болмас па екен» т.б. түрі қолданылады.

Орыс тілінде барынша сыпайылық көрсеті үшін «сіз» есімдігіне фамилиясы, әкесінің аты, лауазымы қосылады. Мысалы: «профессор сізді ректордың қабылдауына шақырып жатыр» немесе «марқабат етіңіз, сізді күтіп отыр» немесе «Алексей Петрович сіз маған көмектесе алмас па екенсіз?».

«Жолдас немесе құрметті жолдас» деген сөздердің кімге арналғаны белгісіз және жеткілікті дәрежеде құрметтегендікті білдіре бермейді. Оларды өзіңіз есімін білмейтін бөтен адамға ғана мысалы: поезда, магазинде т.б. жерлерде қолдануға болады.

Фамилиядан кейін «жолдас» деген сөзді әрқашан қолдану керек. Неғұрлым жақын қарым-қатынаста болған жағдайда адамды өз есімімен немесе есіміне әскесінің атын қосып айтады. Олардың алдында жолдас деген сөз айтылмайды.

Жалпы таныстыру этикетінің үш негізгі түрі бар:

  1. Арнайы – азамат, мырза;

  2. Достық лебізбен – құрметті әріптестер, қымбатты достым және т.б.;

  3. Аты-жөнін атау – апашым, апатайым, және т.б. тек жақын адамдар арасындағы әдептілік.

2. Телефонмен байланыс жасау ережелері. Телефон арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетінің басты талабы – тек ойлауға ғана емес, ойды баяндауда да мейлінше қысқалық, жинақылық, нақтылық әрі айқындылықты сақтау. Телефонмен сөйлесу ұзақ кідірістерсіз, басы артық сөз, сондай-ақ артық ауыс эмоцияның қатысынсыз өткені жөн.

Телефон арқылы байланысты жұмыс барысында жиі қолданушыларға өзге де бірқатар талаптарды ескеруге тура келеді. Себебі сізбен телефон арқылы сөйлесуші адам осы дидарласу сәтіне толық сипаттама белерліктей сіздің қандай орында (ғимаратта, бөлмеде), қандай жағдаятта сөйлесіп тұрғаныңызды білуге мүмкіндігі жоқ. Десек те, телефон арқылы байланыс сәтіне белгілі бір дәрежеде манипуляция жасауға септесер бейвербалды стимулдар да жоқ емес. Бұларға кідіріс (пауза) жасауға таңдалған мезет және оның ұзақтылығы; бірер сәт үндемей қалу; энтузиазм, келісу не келіспеу реякциясын аңғартарлықтай интонация (дауыс екпіні, тоны) жатады. Адамның телефон тұтқасын тез көтеруінің де көп мәні бар. Бұл қарсы жақ сөйлеушіңіздің қаншалықты дәрежеде уақытының қат екендігін, қаншалықты дәрежеде өзгенің звондауына қызуғышылық танытатындығын аңғартады.

Адамды көрмей білмей жатып, телефонда сөйлесу манеріне қарай оның қаншалықты әдепті, мәдениетті екендігін бағалауға болады. Телефонмен сөйлесудің өз заңдылығы барын көп ретте мойындағысы келмейтіндер бар. Соның кесірінен дөрекі жауап алып жататыны жасырын емес.

Тәжірибеге сүйенсек, телефонмен сөйлесе білу этикасының бірден-бір маңызды қағидаттарының бірқатары төмендегіше:

  • сіз біреуге телефон шалғанда міндетті түрде алдымен амандасып, өзіңізді таныстыруыңыз керек. Сосын барып, керек адамыңызды шақырып жіберуін өтінген жөн;

  • телефон тұтқасын көтере сала «маған пәленшені шақыршы» деп айту мәдениетсіздікті танытады;

  • телефоныңыз шырылдағанда тұтқаны көтере сала бұл кім? (деуге болмайды);

  • телефон нөмерін дұрыс тергеніңізге күмәніңіз болса, «мен қайда звондадым екен?» немесе «бұл қай жер екен?» деп сұрау әбестік болып саналады. Мұндай жағдайда өзіңізге қажетті нөмірді атап, мысалы «бұл 525252 ма екен» деп сұраған жөн;

  • телефон байланысында ақау пайда болса, немесе Сіздің шұғыл шаруаңыз шыға қалса, «қазір сәл күте тұрыңызшы» деп тұтқаны тастай салуға болмайды. «Мен өзім кейінірек қайта хабарласамын» деп барып тұтқаны қою керек, әрі міндетті түрде сәлден соң қайта хабарласқан дұрыс;

  • әріптестеріңізге звондап алып, «бұл кім, тауып көрші» немесе «мен кіммін» деп телефонның тұтқасында жұмбақтасып ойнап тұру мәдениетсіздік;

  • таңысыңызға қоңырау соға сала «сенбі күн түс қайта не істейсің?» дегеннен гөрі, (сенбі күні қолың тие ме, менде мынандай ұсыныс бар еді, қалай қарайсың) деген дұрыс;

  • егер Сіз бір мекеменің, фирманың хатшысы болсаңыз, телефон тұтқасын көтере сала «Алло» деу әбестік. Оның орнына «бұл Сұңқар» фирмасы, сізді тыңдап тұрмын» деу керек;

  • телефонда ұзақ сөйлесу әдепсіздік. Телефон әсіресе жұмыс орнында тек қызметтік байланыстарға арналғанын ұмытпаңыз. Сондықтан да шауаңызды анықтаған соң тұтқаны орнына қоюға асыққан жөн;

  • кіммен, қандай тақырыпта әңгімелессеңізде де, телефон тұтасын қоярда «Сау болыңыз» деуді ұмытпаған жөн;

  • сіздің хабарласқан адамыңызға тезірек жалғастыру үшін, сөйлескіңіз келетін бұрын танымайтын адамыңыздың досы ретінде өтінуіңіз этикет нормасын бұзу болып есептеледі;

  • сіздің телефон соғуыңызды күтіп отырған жағдайда звондамай қалу өрескел қателік болар еді. Мүмкіндік туған мезетте-ақ қоңырау шалу орынды;

  • сізге телефон арқылы хабарласуды өтінген адамға звондамаған жағдайда ол жұмыс орнында болмаса не телефонға келу мүмкіндігі болмай жатса, өзіңіздің қоңырау шалғаныңызды айту жөн. Кейін қайтара телефон соғу не өзіңізді қашан және қайдан оңай табуға боларын айту да орынды болар еді. Ал бүгінгі кезеңдегі іскерлік саласындағы ұялы телефонның орны бір бөлек, әрине. Десек те, ұялы телефонмен сөйлесу де бұл орайдағы ортақ этикеттен аспағанға не жетсін;

  • егер де әңгіме ұзаққа созылар болса, онда дидарласушыларыңыздың асықпай сөйлесе алар уақыт мезгіліне орай өзара хабарласуға келіскен дұрыс;

  • аузыңызды тағамға толтырып алып ешқашан сөйлеспеу. Сөйлесу сәтінде бір нәрсені сораптау не шайнаңдап тұру орынсыз;

Егер де сіз бір телефонмен сөйлесіп жатқан тұста екінші телефон шырылдап жатса, ең дұрысы алғашқы әңгімені мүмкіндігінше аяғына жеткізе тәмамдау, содан кейін ғана екінші қоңырау шалушыңызбен хабарласу дұрыс. Бұндай жағдаятта, мүмкіндігіне қарай, екінші дидарласушыңызға қандай номерге қайта хабарласуға боларын, кімді шақыру қажеттігін білу артық емес.

Қазіргі таңда ұялы телефонды күнделікті қолдану өмірдің талабы болып отыр. Бірақ жеке мобильді телефонды пайдалану аймағы - жеке өмір ғана емес. Осы жайт әр ұялы байланыс пайдаланушысы моральді-этникалық принциптерді меңгеру қажеттілігі, оларды сақтау - мобильді байланысты дамытудың негізгі факторларының бірі. Әр адам  басқа адамдардың жекебас құқықтарын шектемей, өзінің жеке мобильді телефонымен еркін пайдалануға құқықты.

Ұялы телефонды қолдану этикеті:

  1. Радиобайланыс басқа адамдардың өмірлеріне қауіп төндіретін (ұшатын аппараттар, операциялық медициналық кешендерде және т.с.с.) кезде жеке мобильді телефонды сөзсіз өшіру керек. 

  2. Спектакльдер, киносеанстар, концерттерде, мұражайларда, көрме залдарында, рәсімдеу уақытында жеке мобильді телефонды сөндіру немесе дауыссыз режимге қою керек.

  3. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбауға тырысу керек.

  4. Іскерлік кездесу мен әңгімелесулерде басқа келісім болмаса, мобильді телефонды сөндіру немесе дауыссыз режимге қою керек.

  5. Қоғамдық жерлерде (кафе, мейрамхана, дүкендер, қоғамдық көлікте) мобильді телефонды мүмкін болғанша төмен сигнал мен дауыс қаттылығын пайдалану керек және қоршаған ортаға сыйласымдылықпен қарау керек.

  6. Қоршаған ортаның намысына тиетін немесе алаңдататын (балағат сөздер, дөрекі сөйлемдер мен дыбыстар) дауыстық сигналдарды пайдаланбаған жөн.

  7. Басқа адамдардың телефонын пайдаланып, үшінші тұлғаларға олардың рұқсатынсыз нөмірлерінен хабарламалар жіберуге болмайды.

  8. Мобильді байланыс операторлары абоненттердің орналасу жерлері, олардың нөмірлеріне анықтамалық ақпаратпен әртүрлі форматтағы хабарламаларды өздерінің абоненттерінің келісімімен жүзеге асырады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Тұрмыстық қарым-қатынастың түрлерін атап айтыңыздар

  2. Таныстыру рәсіміне қандай талаптар қойылады?

  3. Сәлемдесу мен қоштасудың қарым қатынастағы маңызы неде?

  4. Өтініш білдіру ,келісу және келіспеуді, кешірім сұрау, қолдау-қолдамау сияқты әдеп қағидаларны орындаудың қандай шарттары бар?

  5. Телефонмен байланыс жасау ережелері туралы не айтар едіңіздер?