Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Көшеде жүру тәртібі.

2. Қоғамдық көлікте өзін өзі ұстау әдебі.

3. Сатушы мен сатып алушы әдебі.

4. Көпшілік арасында өзін ұстау әдебі.

5. Ұжымда ұстамды болудың жолдары.

Тест

Сіз қоғамдық орында қалай сөйлесесіз?

Бұл тест өзіңізді сырттай бақылауға, атап айтқанда қызметкермен, көшеде, асханада қарым - қатынаста қалай сөйлесетініңізді білуге көмектеседі. Барлық 16 сұраққа «Иә», «Жоқ», «Кейде» деп жауап беріңіз.

  1. Сіз маңызды бір шараға қатысқалы тұрсыз. Ол басталғанша қобалжисыз ба?

  2. Сізге жиналыста хабарлама немесе баяндама жасауды тапсырса, қанағаттанбау немесе ұялу сезімі бола ма?

  3. Дәрігерге көрінуді ұзаққа созбайсыз ба?

  4. Сізге бұрын болмаған қалаға баруды ұсынды. Іссапарға барудан бас тартасыз ба?

  5. Кез-келген адаммен уаймыңызды бөлісе аласыз ба?

  6. Көшеде танымайтын адам сізден сұраққа жауап беруді, уақытты айтуды немесе жол көрсетуді сұраса, ашуланасыз ба?

  7. Адамдар арасында түрлі түсініспеушіліктер болады дегенге сенесіз бе?

  8. Бірнеше ай бұрын танысыңызға берген қарызыңызды қайтарып алуға ұяласыз ба?

  9. Кафеде немесе асханада мерзімі өткен асты ұсынса, сіз үнсіз итеріп тастап отыра бересіз бе?

  10. Таныс емес адаммен жалғыз өзіңіз бетпе-бет отырып әңгімелестіңіз. Оның бірінші болып әңгіме бастағанын жақтырасыз ба?

  11. Сіз қайда болса да кезекке тұруды ұната қоймайсыз делік. Сонда кезекке тұрудан бас тартасыз ба, әлде кезектің соңына дейін тұрып ұзақ күтесіз бе?

  12. Жанжалды жағдайды қарайтын комиссияның құрамына кіруге қорқасыз ба?

  13. Сурет, мәдени және әдеби шығармаларда бағалауда жеке пікіріңіз бар. Басқалардың пікірімен санасасыз ба?

  14. Өзіңіздің жүрегіңізге жақын сұрақ бойынша қате пікір естісеңіз, үндемей қаласыз ба, болмаса, қарсы пікір айтасыз ба?

  15. Кейбір адамдардың қызметке байланысты немесе оқу тақырыбын түсінгісі келіп көмек сұрауы сіздің ашу - ызаңызды келтіре ме?

  16. Өз көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде айтқанды ұнатасыз ба?

Жауаптың бағалануы: «Иә»- 2 ұпай, «Кейде» - 1 ұпай, «Жоқ»- 2 ұпай.

Барлық қорытындыларды қосыңыз, қандай категорияға жататыныңызды анықтаңыз.

30 – 32 ұпай. Сіз сөйлесуге шорқақсыз, бұдан сіз ғана емес, жақындарыңыз да қиналады. Басқалармен тіл табысуға тырысыңыз. Өзіңізді бақылауға алыңыз.

25 - 29 ұпай. Тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты қалайсыз, жаңа жұмыс, байланыстардың қажеттілігі сізге ұнамайды. Мінезіңіздің осы ерекшелігін білген соң, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сондықтан осы кемшілікті жою өз қолыңызда.

19 - 24 ұпай. Сіз адамдармен қарым - қатынаста белсендісіз. Бөтен ортада өзіңізді еркін ұстайсыз. Сіздің айтқан сөздеріңізде мысқыл басым келеді. Бірақ бұл кемшілігіңізді түзетуге болады.

14-18 ұпай. Сіз жақсы сөйлесе аласыз, көп нәрсені білгіңіз келіп тұрады. Әңгімелесушіні ықыласпен тыңдайсыз, басқалармен сөйлескенде өз көзқарасыңызда тұрасыз. Шулы басқосуларды ұнатпайсыз, көп сөйлегендер ашуыңызды тудырады.

9-13 ұпай. Сіз сөйлесе аласыз, көп нәрсені білгіңіз келіп тұрады, әңгімені жақсы айтасыз, әр түрлі сауалдарға пікір білдіргенді ұнатасыз. Жаңа адамдармен ықыласпен танысасыз, көзге түскенді қалайсыз. Кейде орындай алмайтыныңызға қарамастан басқалардың өтінішін жерге қалдырмайсыз. Қиын жағдайларға тап келгенде, сізге жетіспей жататыны - ерлік, тұрақтылық, шыдамдылық. Шын ниеттенсеңіз, алынбайтын қамал жоқ.

Тест: Сіздің жүйке жүйеңіз қандай жағдайда?

Сізге он сұрақ беріледі. Әрбір сұрақтың үш жауабы ішінен сізге ең жақынын таңдап алыңыз. Ойланып, жауап беріңіз.

  1. Кезекке тұрар ма едіңіз?

А) оған уақыт кетіру қажет емес;

Ә) қажет затты сатып алу керек болғандықтан кезекке тұрудан басқа амал жоқ;

Б) қашық болса да мүмкіндік болса өзге дүкенге баруға тура келеді.

2. Телефон шылдырынан шошынасыз ба?

А) сіздің оған үйренгеніңіз соншалық, дыбысты елемейсіз;

Ә) иә;

Б) жоқ;

3. Егер сіз өзге қалаға жол жүретін болсаңыз вокзалға поезд жүруден қанша уақыт бұрын келесіз?

А) поезд жүруден бір сағат бұрын;

Ә)он бес минут бұрын;

Б)жарты сағат қалғанда.

4. Егер сіз сабаққа немесе жиналысқа кешігіп қалсаңыз, өзіңізді қалай сезінесіз?

А) өзгелер де кешігеді деп ойлайсыз;

Ә) мұндай жағдайда дұрысы көзге түспеген

Б)әрине, өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз.

5. Сіздің жұмысыңыз қай жағдайда қарқынмен алға жылжиды, атқаратын түрлі істер көбейген кезде ме, әлде, керісінше, олар аз болған жағдайда ма?

А) атқаратын іс көбейген жағдайда сізге қанат біткен сияқты оларды бірінен соң бірін тындыра бересіз;

Ә) жұмыстың көптігі сіздің еңсеңізді басады, сондықтан оларды атқару сізге оңайға түспейді.

Б) сіз қашанда бір қарқынмен жұмыс істейсіз.

6. Сіз көпшілікті ұнатасыз ба?

А) кейде- иә, кейде – жоқ;

Ә) ұнатпайсыз, тіпті жүйкеңіз қозады;

Б) олардың сізге ешқандай кедергісі жоқ.

7. Көлікпен үлкен жылдамдықпен жүруге қорқасыз ба?

А) иә;

Ә) жоқ;

Б) кейде.

8. Ой құшағында тұрып, аялдамаңыздан өтіп кеткен кезіңіз болды ма?

А) жиі байқалады;

Ә) ешқашан;

Б) жоқ.

9.Киноға жиі барасыз ба, әсіресе махаббат туралы көркем фильмдерге?

А) жиі;

Ә) жоқ;

Б) кейде.

10.Қолыңызға газет, журнал алсаңыз алдымен қарап шығасыз ба, әлде дереу оқуға кірісесіз бе?

А) қарап шығамын

Ә) тез оқимын

Б) назар аудармаймын.

Жауаптарға сәйкес ұпайлар

Сұрақ -жауап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

0

6

3

8

8

6

8

6

9

6

Ә

6

0

9

0

5

1

0

0

1

1

Б

3

8

0

6

1

9

6

10

6

0

Нәтижелер:

35-ұпайдан аз болса сіз сезімтал адамсыз, жүйке жүйеңіз қалпында, кейде қиналатындығыңыз сондықтан. Аса секемшілсіз, өзіңізге сеніміңіз аз,күрделі жағдайларда жиі абыржисыз.

36-65 ұпайға дейін. Сіз байыпты,сабырлы жане байқампазсыз.Көңіл-күйіңіз шектен шықпайды. Іс- әрекеттеріңізді сезім емес, ниетіңіз анықтайды. Сізді негізсіз қалыпты жағдайдан шығару мүмкін емес. Байыптылығыңыздың арқасында заттардың мәнін дұрыс бағалайсыз. Күтпеген жағдайға тап болғанда оған жүйкеңізді шаршатып әуре болмайсыз, бірден мәселені шешуге тырысасыз.

66-ұпайдан жоғары. Сіздің жүйкеңіз мықты. Тіпті сіздің аса сабырлылығыңыз айналадағылардың шыдамын тауысады. Жағымсыз болса да сіз өзіңізге қатысты оқиға.

Тест: Көлікте

Көршіні адам таңдамайды. Дегенмен, онымен келісуге тура келеді. Тест сұрақтарынан өзіңізге жақын жауаптың бірін таңдаңыз.

  1. Автобуста көршіңізбен тілдесесіз бе?

А) жиі (1)

Ә) кейде(3)

Б) ешқашан(5)

2. Егер көршіңіздің ұлы көлікте сізге еркелесе...

А) дауыс көтересіз (1)

Ә) ата-анасына шағымданасыз (3)

Б) кешіріммен қарайсыз, өйткені бұл бала (5)

3. Көршіңізбен өзге жайында пікір айтуға қалай қарайсыз?

А) иә (1)

Ә) кейде (3)

Б) жоқ (5)

4. Көршіңіз сізге ескерту жасады

А) кешірім сұрайсыз (5)

Ә) өз үйіңізде өзіңізге ығайлы деп жауап бересіз (1)

Б) келісім табуға тырысасыз (3)

5. Сіз кондуктордың жолаушыға жасаған әділетсіздігін көріп тұрсыз.

А) екеуін татуластыруға тырысасыз (5)

Ә) бұл сізді қызықтырмайды (3)

Б) кондукторға дауыс көтересіз (1)

6. Қарт кісі сізге орын берді.

А) қамқорлығына алғыс айтасыз (5)

Ә) өз сезіміңізді жасырасыз(1)

Б) бас тартасыз (3)

Тест нәтижесі

  1. 20-30 ұпай. Сіз көршіңізге кез-келген уақытта көмектесуге дайынсыз. Оған әрдайым қызығушылық танытасыз.

  2. 10-19 ұпай. Көршіңізге қажет болған жағдайда көмек бере аласыз.Оның өміріне сақтықпен қызығушылық танытасыз.

  3. 10 ұпайдан төмен. Өзіңізбен өзіңіз тұйық қалған жансыз. Көршілер сіздің мазаңызды қашырады.

Әдебиеттер:

1. Асылов Ұ., Нұсқабаев Ж. Әдеп. Алматы, Рауан, 2000ж.

2. Апресян Р. Г. Идея морали и основные нормативно этические программы. М., 1995.

3. Әл – Фараби. Бақыт жолын сілтеу. – Кітапта:Әл -Фараби.Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы., «Ғылым», 1975.

4. Бейсенбаев Ж. Әдептілік әлемі.- Алматы. «Жалын,» 1982.

5. Ж.Базарбаев, Ж.Нұсқабаев, Қ. Даулетова, Ұ. Әбілдәұлы. Инабат. Әдеп тану оқу құралы. Алматы, «Рауан» 1995, -384б.