Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Қосымша әдебиеттер

  1. Назарбаева С.А. Этика жизни. –Алматы, 2001, С. 95.

  2. Назарбаева С.А. Путь к себе. –Алматы, 1999. С.80.

  3. Дорогова Л.Н. Основы мастерства публичных выступлений. М., 1989.

  4. Камычек Я. Вежливость на каждый день. Киев, 1992.

  5. Ночевник М.К. Человеческие общение. М., 1988.

  6. Ж.Ж.Молдабекова, А.Ә.Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Кәсіби этика. Астана, «Фолиант», 2008. 160 б.

2.6 Маманның сыртқы келбеті

Жоспар:

1. Киім кию мәдениетінің басты жағдайлары: таза, қонымды, талғаммен киіне білу.

2. Сыртқы келбеттің қыздар мен жігіттер үшін қажетті кейбір мәдени ережелері: жағдайға байланысты киім кию, киім және оған сәйкес аяқ киімді таңдай алу, түсіне мән беру, аксессуарлар, шаш қою, бетті өңдеу (макияж), парфюмерия және т.б.

1. Киім кию мәдениетінің басты жағдайлары: таза, қонымды, талғаммен киіне білу. Жалпы киім қызметінің барлық жүйесі әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарынан бастау алып, адамның дүниетанымдық болмысында рәміздік белгі ретінде бейнеленді. Әр халықтың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесінде жалғасын тапқан өзiндiк рухани тарихы, тағлымы, ой-пiкiрi, қорытынды түйіні философиялық жүйесі болып көрініс табатыны белгілі. Көне тарихи ұғымдар мен түсініктер көшпелілер мәдениеті мен өнерінде көбінесе өзіндік көркемдік нақышты бейнеде кескінделіп, адамзаттың мәдени-рухани дүниетанымдық құндылығын байытады.

Киімнің өн бойындағы ұлттық нақыштың бейнелі кескінін біртұтастық және пәнаралық тәсілдеріне қарай талдау және жіктеу, қазақ мәдениетіндегі киімнің өмір сүру кезеңдеріндегі тарихи ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын қазіргі өзекті мәселелерде айқындауға мүмкіндік береді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының мазмұны мен мақсатты мәдениеттің, әсіресе соның ішінде өнердің дамуымен айқындалады. Өйткені, мәдениет өздігінен, өзінің сыртқы пішіні арқылы (ал, бұл сәндік-қолданбалы, көркемсурет, ән, би, кино және т.б.) адамның рухани болмысына терең әсер етіп, рәміздік сипатқа ие болады. Ш.Уәлиханов «Мәдениет мазмұнының сипатын айқындау өзіндік мәдениет үшін емес, мәдениет арқылы көрінетін адамның руханилығымен маңызды, себебі, қоғам өзгерсе, адам өзгереді, сонымен қатар мәдениетімізбен бірге санамыз да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Материалдық игіліктерді өндіруден бастап киім кию мәдениетінің алғашқы бастауларында адам мен табиғаттың ажырамас байланысы бар» - деп атап көрсетеді.

Киім қоғамның әлеуметтік мәдени даму жолында жеке адамның рөлі анықтаса, сән киімде жаңа пішін қалыптастырудың демеушісі болып табылады. Демек, қоғамда адам тұлғасын айқындайтын жеке заттардың мәні, белгісі және қандай да бір жеке тұлғаның әрбір ерекше белгісі біртұтастылықта жинақталып көрініс табады. Киімнің пайда болуы мен тарихи дамуы дайындау, тұтыну, қызмет көрсету, оқыту, бағалау және ұғыну секілді әр дәуір кезеңдерімен байланысты бірнеше ірі жіктемелерде қалыптасып отырған.

Адамның сыртқы келбетін оның өзін-өзі ұстау мәнерінен, іс-әрекетінен бөліп қарауға болмайды. Талғаммен киіну үшін стильден қалмау, киімнің түсін дұрыс таңдау және өз тұлғасының өзгешелігін ғана ескеру жеткіліксіз. Бұған қоса қай жерде не кию керек екенін біліп, жас ерекшеліктерімен де санасу қажет.

Жақсы киіне білу де өнер. «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек» деп халық тегін айтпайды. Тіпті әр ұлтты өзгеден айыратын, оның сыртқы сипатын анықтайтын белгілердің бірі – киім.

Киім - денені ауа-райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыным бұйымы, әрі қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп, эстетикалық қызметін атқарады.

Киім қоғам дамуының әлеуметтік, материалдық және техникалық даму құбылыстарының бейнелік көрінісінде қарастырылып келеді және өркениеттің кез келген дәстүрлі мәдени жүйесінің, тарихи типінің бір бөлшегі болып маңызды орынға ие. Киімнің пайда болуы мен дамуы дәуір тарихымен байланысты, ол сол уақыттың өзіндік феномені ретінде, оның мән-мағынасын адам мен мәдениет дүниетанымын біртұтастықта қабылдап, зерттеп айқындауға мүмкіндік береді.

Адам үшін киген киімі - дараланған тұлға болып көрінудің жұрттың, қатарлас құрбы-құрдастардың назарын өзіне аударудың, ішкі сырын білдірудің бір жолы. Адам киіммен өзінің махаббатын, басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуанышын, басқа түскен қайғысын білдіре алады. Киімді адамдар ара қатынасының бір көрінісі десе болады. Киім, әрине адамгершіліктің, білімділіктің өлшемі емес. Алайда, киген киіміне қарап адамның мәдениетін, талғамын, ұқыптылығын байқауға болады. Олай болса киінген кезде осы жағына да аса назар аударған жөн. Шынында да әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білу мәдениетіне байланысты. Киім адамның мінез-құлқын, сыртқы ортамен қарым-қатынас беделін, кейпін, жан дүниесін айқындайды. Әр адам өзін өзгеге ұқсамаймын деп санайды. Олай болса, ешкімге ұқсағыңыз келмесе, сіздің өз имиджіңіз болуға тиіс. Имиджіңізді қалай қалыптастырасыз? Ол тек өзіңіздің қолыңыздан келетін нәрсе ме?

«Имиджелогия» категориясын ғылымға В.М.Шепель енгізген, оны философиялық-эстетикалық пән ретінде негіздеп, адамтану пәнінің технологиялық қосымшасы деп анықтады. Ресейде XX ғ. 80-ші жылдарының соңында өмірдің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты «имидж» ұғымы қоғамдық сипатқа ие болып, оны көптеген ғалымдар (П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин, В.Д.Попов, В.М.Шепель және т.б.) зерттей бастады. Мәскеуде «Имиджелогия – 2003: қазіргі жағдайы және даму перспективасы» деп аталатын алғашқы халықаралық симпозиум өтті. Шетел ғалымдары Б.Джи, Ф.Девис, Л.Браун, Ж.-П.Бодуан, М.Спиллейн және т.б. еңбектері аударылды.

Іскерлік әдебі мен имидждің өзара байланысы мәселесі философиялық-мәдени және әлеуметтік-психологиялық дискурс туғызды. Оны қоғамның ақпараттық дамуында іскерлік қарым-қатынас пен қазіргі коммуникативті мәдениеттің маңызды құрамды бөлігі және обьективті қажеттілік ретінде қарастырады.

Имидж бен іскерлік әдебі – бұл қазіргі заманғы күрделі коммуникативті құрылым, оның әрқайсысы арнайы талдауды талап етеді. Сонымен бірге іскерлік әдебін имиджді ққалыптастыру құралы және оны көрсетудің формаларының бірі ретінде де қарастыруға болады.

Имидж – адамның өмірде көрінуінің түрлері, адамның өзіндік өмір сүру стилі. Ол киім киістен бастап, көшеде жүріп тұру, өзін-өзі ұстай білуіне дейін мән бергенде ғана қол жеткізуге болатын жетістік. Ол тек қана сыртқы түрі, киім кешегі ғана емес сол адамның жасаған іс-әрекеттерінен байқалады. Имидж ең алдымен адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Ішкі мәдениеті жоғары адам ғана өз имиджін қалыптастыра алады.

Кез келген адамның имиджі киімді дұрыс таңдауынан басталады, ол сол адамның талғамын, жетістігін, өмірлік құндылықтарын көрсететін визитка болып саналады. Сондықтан имидж адамның өмірін өзгертетін күш қуаты мол механизм. Мысалы, іскер адам имиджін «кию» арқылы сіз өзіңізді бизнес ортаға жатқыза аласыз. Адамның имиджі ең алдымен оның іс-әрекет түріне және ішкі рухани әлеміне қарай анықталады.

Имиджбен қатар амплуа ұғымы кездеседі, олар мағынасы жағынан жақын. Амплуа́ (фр.emploi - рөлі, қызметі, орны, ісі) актердің сыртқы және ішкі ерекшелігіне сай белгілі бір рөлі. Классикалық жүйеде амплуа әрқайсысына тән белгілі бір сыртқы мәліметтердің жиынтығы (бойы, сымбаты, бет пішіні, тембр). Ол адамның шын мәнінде қандай екендігін көрсетеді, кейде сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, жігіттің қара шалбар, қызыл көйлек, ақ пиджак, сары галстук тағып алғаны қаншалықты үйлесімді? Немесе аяғына қызыл түсті туфли, үстіне ақ кофта, қара юбка киіп алатын қыздарда талғам бар деуге бола ма?

Алдымен киім киістен бастайық. Киім де мамандық, кәсіп таңдайды. Әркім өзінің қызметіне сай киінгені дұрыс. Мәселен, студент жинақы, ұқыпты киінуге тырысу керек. Жалпы көшеде киетін киім мен қызмет бабындағы киімді, қонақ киімін ажырата білген жөн.

Заманның талабына сәйкес киімнің ыңғайлылығы әрі тиімділігімен қатар оның эстетикалық және мәдени қасиеттерін де меңгеру маңызды. Киімді әр адам өз талғамы бойынша таңдайды, әрі таңдау барысында сән ( мода) ағымына сүйенеді.

Талғам - бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б). Ол эстетикалық сананың саласы, өмірдегі сұлулықты, табиғат көріністерін, еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастағы, жеке адам бойындағы әсемдік көріністерді бағалай әрі қабылдай білу қасиеті. Сонымен бірге ол адамның дүниеге, қоршаған ортаға деген көзқарасын білдіреді.

Талғаммен киіну - қымбат бағалы киім кию емес, бойға қонымды, келбетті ашатын, әркімнің өзіне жарасатынын кию. Киімді таңдауда адамның талғамы жоғары болуы керек. Әр адам өз жас ерешелігіне қарай киінсе, орнын тапқан саналылықтың, мәдениеттіліктің белгісі.

Жалпы алғанда, адамдарды киім киюінде жас ерекшелігіне байланысты 4 топқа бөліп көрсетуге болады:

  • жастар тобы (18-29 жас аралығы);

  • орта жастағылар тобы (30-44 жас аралығы);

  • егде адамдар тобы (45- тен жоғары);

  • қарт адамдар тобы ( 65-тен жоғары).

Киім жасқа қарай да өзгеше болып келеді. Мәселен, жастар көбінесе ашық түсті, қимыл-қозғалысқа, балғын бойға қонымды жеңіл киінсе, жұмыс киімі ыңғайлы, бойға шақ әрі әдемі болып келеді. Қартаң кісілер классикалық үлгілерді ұнатады.

Жақсы киіну үшін сол киімді күте білу де қажет. Әр киімді аяқ асты тастамай, оны өз орнына ұқыптылықпен қою керек. Киімді үнемі тазалап, таза қалпында киген жөн. Киімнің қонымдылығы мен тазалығы оны келісті етіп көрсетіп қана қоймайды, айналадағы адамдарды сыйлайтынын да көрсетеді, олармен қарым-қатынасына ұнамдылық дарытады.

Қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтардың пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Ол таңдау идеясымен және еркіндігімен, яғни әр түрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, алуан түрлі реңділігімен ерекшеленеді.

Кез келген адамның гардеробы оның өмір сүру салтына, мінез-құлқына және тұлғалық ұстанымына байланысты. Ең маңыздысы киімнің маусымға, дене сымбатына, киетін орнына (іскерлік, үй, кешке, демалуға, т.б.), шашы мен көзінің түсіне және имиджіне сәйкес келгені жөн.

Жігіттер мен қыздар гардеробында нейтралды түсті 2-3 жақсы костюмдер, 4-5 жейде (рубашка), кеудеше (блузка) болғаны абзал. Жігіттер рубашкаға сай келетін галстуктар мен запонкаларды таңдап алғаны жөн. Қыздардың іскерлік костюмі юбка мен жакет, шалбар мен жакет, кардиган және басқаны құрайды.

Кеудешенің (блузка) алдының ойығы қолтығыңыздың деңгейінен төмен болмауы керек, әрі іскерлік кездесу кезінде үнемі жакетпен жабылып тұрғаны жөн.