Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Қыздар мен жігіттердің шаш қою үлгілері

Қараторы адамдардың біріңғай сұр түсті, қара түсті киім кигені жарасымды болмайды. Адам түр-түсіне қарай неғұрлым ажарын ашатын түстен киім кигені абзал. Жалпы алғанда, ашық түсті киімдер кез-келген жанға жарасады.

Қазір киімге үйлестіріп әшекей бұйымдар тағу сәнге айналды. Бұл да талғаммен тақса жарасатын нәрсе. Тек, шыршаны түрлі ойыншақтармен безендіргендей ақ-сары, қызыл-жасыл әшекей бұйымдарды қатарынан тағып алмаған жөн. Сырғаңыз алтын болса, алқаңыздың, сақинаңыздың да алтын болғанына назар аударыңыз. Сырғаны күмістен, алқаны алтыннан тағынып алу, алтын алқаның сыртынан інжу алқа тағу қаншалықты үйлесімді?!

Аксессуарлар - сәннің ең соңғы штрихтары – әшекейлер. Оны көйлекке сай етіп таңдамай, көйлекті әшекейге лайықтап іздеу керек. Әшекейлер алдымен құлағыңыздан басталады. Сондықтан, құлағыңызға үлкен сырға тағудан тартынбасаңыз да болады. Бұдан соң білезіктер мәселесіне назар аударыңыз. Қолыңызды шынтағыңызға дейін білезіктермен толтыруыңызға болады, тек олардың бәрі де бірыңғай болсын. Сондай-ақ, сәнге әдемі, үлкен түйреуіштер (брошь) де енді. Мұндай әшекейлер бұрын да сәннен қалмайтын. Сәннің соңғы штрихтарына жататын әдемі брошьтарды көйлегіңізге, костюміңізге, бас киіміңізге түйреп алыңыз, тек біреуден артық тағудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, олардың стиль жағынан сәйкес келуін де қадағалаңыз. Ақшыл-сары, талшын түсті шашты қыздар мен әйелдердің алтын әшекейлер таққаны жөн. Қара шаштылар мен шашына ақ түсе бастағандар үшін күміс әшекейлер әлдеқайда жарасымды болады. Ал қалғандары алтынды да, күмісті де түрліше үйлестіріп таға алады. Ер адамдарға галстук тағу қандай маңызды болса қыздар мен әйелдер үшін сырға тағу да соншалықты маңызды. Оны үнемі тағып жүру керек. Дегенмен сырға таңдағанда шаштың түсін, беттің пішінін ескерген жөн. Қандай да ір ерекше болмасын ешқашан құрбыңыздың не әріптесіңіздің стилін қайталамаңыз. Стильді таңдамас бұрын оның өзіңізге үйлесетініне әбден көз жеткізіп алыңыз.

Аксессуарлар түрлері

Сырғаның пішіні бет әлпетіңізге үйлесуіне назар аударыңыз. Егер сіздің иегіңіз сопақша болса дөңгелек сырға, ал иегіңіз дөңгелек болса ұзынша пішінді сырға таққаныңыз жөн. Сырға көрнекі болғаны дұрыс, бірақ бет әлпетіңізден басым болып кетпеуі керек. Сіздің құлағыңыздың ұшы емес, көзіңіз назарға іліну керек.

Алқа немесе інжу тізбесі киімнің ойығын жаға мен үшкіл орамалға қарағанда әлдеқайда толықтырып тұрады. Мойны ұзын немесе қалыпты қыздарға жағасыз жакетпен жалпақ алқа тақса ерекше сәнді болады. Ал егер мойныңыз қысқа болса, оны аса білдірмейтін, мойныңызды ұзартып көрсететін ұзын алтын алқа не інжу тізбесін таққан жарасады. Ұзын алқа толық мойынды сымбатты етіп көрсетеді. Керісінше жіңішке мойынға аса жалпақ емес қысқа алқа таққан жөн.

Інжу тізбесі мен сырға

Сәнді киімге аяқ киім сәйкес келуі тиіс. Кешкі қонаққа, мерекелік балға, театрға табиғи былғарыдан, замштан немесе қолтырауын, жылан терісі түстес жасанды былғарыдан тігілген, алтын, күміс түсті ашық аяқ киімдерді кие аласыз (әрине, үстіңіздегі киіміңізге үйлессе ғана). Егер жүрісіңіз орнықты болса, биік тақалы, тартпалардан ғана тұратын өте ашық аяқ киімді батыл кие беруіңізге болады. Ал қол сөмкеңіздің мүмкіндігінше ықшам болғаны дұрыс. Ал үлгісі әртүрлі бола беруі мүмкін. Оған тек аса қажетті опа, далап, қол орамал, тарақ, ұялы телефон сияқты заттар ғана салынады. Егер аяқ киіміңіз бен сөмкеңіз бірдей материалдан болса, ол сіздің киіміңізге ерекше сән беріп тұрады. Аяқ киім қалған киіміңізді толықтырып тұрады. Оған қойылатын ең басты талап - ыңғайлылығы. Егер аяқ киіміңіз тым тар немесе кең болса, қаншалықты әдемі аяқ киім болса да барлық көңіл-күйіңіз бен жүрісіңізді бұзары сөзсіз. Оның үстіне тар аяқ киім башпайыңыздың қисаюына әкелуі мүмкін. Егер сіздің жүрісіңіз орнықсыз болса, биік тақалы аяқ киім кимеңіз ол сіздің жүрісіңізді одан сайын бүлдіреді. Одан күнделікті ыңғайлы төмен тақалы немесе тіпті тақасыз, ал салтанатты жағдайларда орнықты орташа тақалы аяқ киім киіңіз. Егер биік тақалы аяқ киімдер сәнде болса, сіз тақасы емес, түрі сәнді туфли алыңыз. Аяқ киімнің түсі де маңызды рөл атқарады. Ол қалған киіміңіздің түсімен үйлесуі керек. Егер аяқ киіміңіз көп болмаса, олардың бейтарап түсті болғаны жөн. Мысалы: қара, қоңыр, сұр, ақ. Дұрысы бірнеше пар туфлиіңіздің болғаны жөн. Олар әртүрлі стильде болып, кез-келген киіммен мінсіз үйлесуі тиіс.

Жұмысқа киетін аяқ киім алғанда мына ережені естен шығармаңыз: туфлидегі түрлі-түсті әшекейден аулақ болыңыз (олар тек би кешіне жарасады); жаздың күні сәнге айналатын «металл» түсті аяқ киімді көптеген мекемелерде киюге болмайды; жалпақ тақалы немесе өте жабық туфли тек шалбармен ғана киюге қолайлы, ал көйлек, костюм, белдемшемен киюге жарамайды; туфлиіңіздегі әшекейдің мүмкіндігінше аз болғаны дұрыс; қыста қою көк, қара, қоңыр түсті, ал жазда киіміңіздің түсіне сәйкесіп тұрғаны жөн, алайда жазғы аяқ киімнің кең таралған түсі ашық сұр мен қою қызыл не қан қызыл; іскерлік әдеп бойынша жұмысқа өкшесінің биіктігі 2,5 - 7,5 см болатын аяқ киім кию қажет.

Сөмке барлық киімді толықтыра алады. Оларсыз жүру мүмкін де емес. Жақсы мәнер сөмкелерге де киімге қойғандай талап қояды. Олардың қарапайым, ыңғайлы, түсі мен түрі жағынан киіміңізге сәйкес болғаны немесе оған контраст бергені жөн. Сөмкені түрлі материалдан таза былғары мен замштан, синтетикалық материалдар мен матадан, т.б. жасайды. Сөмке таңдағанда оның материалына ғана емес, түсі мен түріне де назар аударыңыз. Өйткені әрқайсының тиісті қолданатын орны бар екенін естен шығармаңыз. Мысалы: жұмысқа, шаруашылыққа, театр мен жағажайға, т.б. Әдетте жұмыс жасайтын қыздар өзімен бірге керекті, керексіз көп нәрсені алып жүруге әуес. Бұдан аулақ болыңыз. Жұмысқа қажетті қағаздар мен құжатты папкіде, ал жеке заттарыңызды: опа, далап, тарақ, т.б. шағын бояу салғыш сөмкеде жазба кітапшаңыз бен кілтпен бірге портфельде, дипломатта ұстаған жөн. Ал ақшаны әмиян ғана сиятын ұзын баулы кішкентай сөмкеде ұстау керек. Сөмке сатып алғанда ең жақсысын, мүмкіндігінше былғарыдан жасалғанын алыңыз.

Жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып, киіміңе үйлесіп тұратындай бояна білу де керек. Соңғы кездері визажистер кабинеттері пайда бола бастады. «Визаж» француз тілінен аударғанда «бет» дегенді білдіреді. Шеберлікпен жасалған макияж әйел бетін қасқағым сәтте қайта жаңартып, оны еске сақтайтындай әдемі ете алады. Макияж күндізгі, кешкі, іскерлік (қызметтік), мерекелік және карнавалдық бөліп бөлінеді. Бояулар өзіңді күтіп, дұрыс ұйықтап, ас ішуде мөлшер сақтап, таза ауада сейілдеп, күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап жүрсең ғана, қажетті әсер бере алады. Мұнда бояу түсін таңдаудың да үлкен мәні бар. Ең алдымен бет пішіннің ерекшелігін ескеру қажет. Дұрыс жағылған бояу адамның келбетін ашып, шашы мен сырт пішінді қайталанбастай етіп көрсетеді.

Бояуды өз орнымен, мөлшермен пайдаланса, адамның ажарын ашып, таза балғын етіп көрсетеді, ал талғамсыз баттастырып пайдаланса, бет пішінін бұзып, ажарын түсіреді, табиғи жарасылымдылық аясынан шықпаса, шырайға шырай қосып, жараса түседі, тіпті символдық сұлулық сипатқа айналады.

Қыздар мен жігіттерге арналған парфюмерия

Есіңізде болсын! Таңдаған киімім қаншалықты қымбат болса, соншалықты сәнді көрінемін десеңіз, қателесесіз. Киім қанша қымбат тұрса да, пішініңізге сай келмеуі мүмкін. Ал керісінше, бағасы арзан болып, өңіңізді келтіріп тұрса, киім таңдау сынағынан сүрінбей өттіңіз деген сөз. Яғни бұл киім сізді сырт көзге миллионер қылып көрсетсе, таңғалмаңыз. Денеңізге құйып қойғандай жарасатын киім кигіңіз келсе, төмендегі кеңестер сіз үшін:

Бойыңыз ұзын болса:

1. Киімдеріңіз сызықты болмасын.

2. Алды ұзын әрі үшкір аяқ киімдер кимеңіз.

3. Тік, көлденең және диагональ төртбұрыштарға толы костюмдерді жалпы қыдырғанда ғана қолданыңыз.

4. Көйлегіңіздің жағалары үшкір не ұзын болмасын.

6. 3 түсті сәйкестендіріп киініңіз. Костюм-шалбарыңызға көйлегіңіздің түсі сәйкес келіп тұруы керек.

Бойыңыз қысқа болса:

1. Денеңізге жіңішке сызықты киімдер киіңіз.

2. Тік қою түсті киімдер қолданылуы керек.

3. Костюм 2 немесе 3 түймелі болып, оның тік бұрышты иығы болуы керек. Костюм беліңізге дейін түсіп тұрса жетеді, ұзын костюмдерден сақ болыңыз.

4. Жағасы жіңішке сызықты көйлектер таңдалуы қажет.

5. Шалбарыңыздың ауы тар болмасын.

Ірі денелі жігіттерге:

1. Қою түсті киімдер мен бойыңыздың ұзындығына байланысты сызықты киімдер таңдаңыз.

2. Қалың маталардан тігілген әртүрлі киімдерден аулақ болыңыз.

3. Белдіктің орнына иыққа ілгіштерді кигеніңіз анағұрлым үйлесімді көрінеді.

Арық денелі жігіттерге:

1. Костюміңіздің қолдары ұзын болмасын.

2. Кең свитер мен көйлектерден алыс болыңыз.

3. Беліңіздің көлеміне келетін костюм киіңіз.

4. Шалбарыңыздың ауы тар болсын.

5. Көйлегіңіздің жағасы кең болуы қажет.

6. Галстугыңызда көп суреттер қолданылмасын.

Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы адамның киіне білуіне байланысты. Киімдердің өз ретімен кимесе, жарасым болмайды. Талғамсыз, жарасымсыз сан күллі жұрттың орны болса, ол аяқ асты жатып қор болмайды. Киімін таппай күйініп, тапса үстіне қалай-солай іле салатын адам салауатты азамат бола алмайды.

Адам болған соң алдына мақсат қоймаса, оның адамдығы қайсы? Бүгінгі ісіңді белгілеп, оны орында да, ертеңгі ісіңе қамдан. Ол үшін уақыт деген құдіреттің әрбір минутын есепте: қанша уақыт ұйықтайсың, жаттығасың, еңбек етесің, тынығасың-бәрін есепте, соған уақыт бөл. Әрбір тірліктің өз уақыты бар, оған қиянат жасасаң өмір ырғағы, тіршілік тынысы бұзылады. Сондықтан уақытты дұрыс пайдалануды үйрен.