Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кикілжің ұғымы және оның элементтері.

  2. Кикілжің және оның шешімін табу әдебі.

  3. Кикілжіңнің түрлері.

  4. Кикілжіңді жағдаяттар, одан шығудың жолдары.

  5. Кикілжің жағдайындағы мінез-құлықтың негізгі ережелері.

  6. Кикілжіңдік жағдаяттарға көңіл бөлу стилдері.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндық хронологиялық кестесін жасаңыз.

2. Кикілжің тудыратын жағдаяттарға мысал келтіре отырып, талдау жасаңыз.

3. Кикілжің жағдаятында қандай стилді таңдайсыз? Кесте түрінде көрсетіңіз.

  1. Нақтылы жағдаяттар негізінде кикілжіңді шешудің жолын көрсетіңіз.

  2. «Отбасылық кикілжің», оны дұрыс шешудің жолын көрсетіңіз.

  3. Қазіргі заманғы би өнері.

Әдебиеттер

1.Азбука поведения. Алма-Ата, 1990.

2. Андреев В.И. Конфликтология. –М., 1995.

3. Скотт Д.Г. Конфликты и пути их преодоления. – Киев, 1991.

4. Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. – М., 2000.

5. Ж.Ж.Молдабекова, А.Ә.Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Кәсіби этика. Астана, «Фолиант», 2008. 160 б.

Тест «Кикілжіңді ұнататын тұлғасыз ба?»

Төмендегі тестті пайдалана отырып, бір жауапты таңдау арқылы кикілжіңге қалай қарайтыныңызды анықтауға болады.

1. Қоғамдық көлікте жоғары екпінмен талас (дау, егес, ұрыс-керіс) басталды. Сіздің әрекетіңіз (жауабыңыз)?

а) қатыспаймын;

б) дұрыс жақты қолдаймын;

в) белсенді түрде араласамын.

2. Жиналыстарда басшылыққа сын айтып сөйлейсіз бе?

а) жоқ;

б) егер оған дәлелім болса;

в) кез келген нәрсеге, басшылыққа ғана емес, оны қорғаушыларға да.

3. Достарыңызбен жиі ерегісесіз бе?

а) егер ол адамдар өкпелегіш болмаса;

б) тек кейбір сұрақтар бойынша;

в) ерегесу – мен үшін стихия.

4. Түскі асқа тұзы кем ас берді. Сіздің пікіріңіз?

а) түкке тұрмайтын нәрсеге ұрыс шығармаймын;

б) үндемей барып тұз сауытты аламын;

в) ескерту жасаймын.

5. Егер далада, көлікте аяғыңызды басып кетті:

а) ол адамға жақтырмай қараймын;

б) жай ғана ескерту жасаймын;

в) ұялмай өзімнің пікірімді айтамын.

6. Егер жақындарыңыз зат сатып алды, сізге ұнаған жоқ:

а) үндемеймін;

б) қысқаша әдепті түрде айтумен шектелемін;

в) ұрыс шығарамын.

7. Лотереяда жолыңыз болмады. Оған қалай қарайсыз?

а) немқұрайлы қарауға тырысамын, бірақ өзіме ешқашан оған қатыспауға уәде беремін;

б) оны жасырмаймын, әзілдеп болашақта ұтуға уәде беремін (реванш);

в) ұтылып қалу біраз уақыт көңіл-күйімді бұзады.

Нәтижелердің бағасы:

Әрбір жауап: а — 4 балл; б — 2 балл; в — 0 балл.

20-28 балл. Сіз әдептісіз және бейбітшілікті жақсы көресіз, жұмыста және үйде кикілжің мен ерегістен сақтанасыз. Сондықтан сізді қабілетті деп атайды.

10-18 балл. Сіз кикілжіңді ұнататын адаммен бірігіп кетесіз, бірақ басқа жолы қалмаған жағдайда ғана ұрсасыз. Сондықтан шектен шықпай, өз пікіріңізді дәлелдеуіңіз керек. Мұның барлығы сізді сыйлауға көмектеседі.

8 балл. Кикілжің мен ерегісу — сіздің стихияңыз. Басқаны сынауды ұнатасыз, бірақ өзіңізге шаң жуытпайсыз. Сіздің дөрекілігіңіз мен өзіңізді ұстай алмауыңыз адамдарды өзіңізден алшақтатады. Сіз үшін жұмыста да және үйде де қиын. Өзіңіздің мінезіңізді өзгертуге тура келеді.