Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
718
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Жаңа танысқан адамдарыңызбен тез тіл табыса аласыз ба?

Берілген үш түрлі жауаптың көңіліңізден шығатынын таңдаңыз.

1. Сізді қонаққа, отырыстарға, отбасылық мерекелерге, үйлену тойларына, туған күндерге жиі шақыра ма?

а) достарымның, таныстарым мен сыйластарымның кез келген қуанышты тойлары менсіз өтпейді.

ә) көп шақырады, бірақ жиі емес.

б) мені ешкім ешқашанда шақырмайды, өйткені ондай кештер маған ұнамайды.

2. Сіз танымайтын ортада тез тіл табысып, өзіңізді еркін сезінесіз бе?

а) бұл менің өзіме тән ерекшелігім.

ә) кейде, жақсы көңіл күйім болғанда.

б) жоқ, мені мектепте жүргенде-ақ тұйықтығым мен мінезімнің ауырлығынан ешкім ұнатпайтын.

3. Кенет өзіңізге басқалардың назары ауғанын байқадыңыз. Өзіңізді қалай сезінесіз?

а) өте жақсы, бұл сізге ұнайды.

ә) өзіңізді қолайсыз сезінесіз, бірақ қызық көресіз.

б) бәрі маған қарағаны несі деп, жерге кіріп кетердей ұяласыз.

4. Сіз өзіңізге таныс емес аудиторияда сөйлеп тұрсыз. Сіздің сезімдеріңіз.

а) кішкене қобалжисыз.

ә) бірте-бірте қорқуға айналған түсініксіз ұялу сезімі болады.

б) өте салмақтысыз, аздап қолайсыз сезінесіз.

5. Сіз ортаңызды көңілдендіре аласыз ба?

а) жасырмай айтар болсам, иә, ортаны көңілдендіруді жақсы көрем, басқаша болуы мүмкін емес.

ә) қандай ортада болуыма және көңіл күйіме байланысты.

б) біреудің назарын өзіме аударғанды ұнатпаймын.

6. Танымайтын адамға «жол көрсетіп жібер» деп сұрау сізге қиын ба?

а) адасып, жол таба алмайтыныма көзім жетпесе, сұрамаймын,

ә) сұраймын, бірақ өзімді қолайсыз сезінемін.

б) басқа адамнан сұрау маған еш қиындық туғызбайды.

7. Сіз күлкілі жағдайларды, анекдоттар айтуды жақсы көресіз бе?

а) иә, бұл жағдайға адамдар ықыласпен қарайды.

ә) кейде, ыңғайлы жағдай туғанда.

б) өзім айтқанды жек көрем, бірақ басқаларды бар ынтаммен тыңдаймын.

8. Сіз сөз тапқыр, ойшыл адамсыз ба?

а) иә, бұл менің ерекшелігім.

ә) жағдайға байланысты.

б) бұл менің қолымнан келмейді.

9. Сіз танымайтын адамдармен кездесерде өз таныстарыңыздың жаныңзда болғанын қалайсыз ба?

а) әрине, қасыңда, өз адамың болса, өзіңді сенімді сезінесіз.

ә) кейде солай, қажет болады.

б) жоқ, тек кездесу туралы ойлаймын.

10. Сіз әдемі қызбен (жігітпен) таныстыңыз, бірақ, өкінішке орай, ол сізбен кездесуге келмеді, сіз ішіңізден ойлайсыз.

а) кім біліпті, мүмкін басқа адам кездесер.

ә) бұлай да бола береді.

б) енді ешкімді де кездесуге шақырмаспын.

10-нан аспайды. Сіз тез тіл табысып кетеді деп айту қиын. Оның себебі, өз темпераментіңізбен, тұлғаңызбен өзіңізге ғана берілгенсіз. Жалпы алғанда, мұның басқалардың сізді жақсы көріп, сыйлауына еш кедергісі жоқ.

10-12 ұпай. Сіз кейде өте ұялшақ көрінесіз, ал кейде қалай басқалармен тез тіл табысқаныңызға өзіңіз де таңырқайсыз. өкінішке орай, үнемі сіздің ойыңыздағыдай бола бермейді. әр жерде жақсы сезіну үшін өзіңізді әлі де зерттеңіз.

21-30 ұпай. Сізді «әртіссіз» десе болады. өз ортаыңзда, сондай-ақ бейтаныс ортада басқаларды қуантуға тырысып, өзіңізге де риза боласыз. Біл сіздің табиғатыңызда бар нәрсе.

Сізді қалай жеңіл мойындауға болады?

  1. Сіз бірнеше килограммға салмақ жоғалтып арықтағыңыз келді және сіз бірнеше күннен бері қатаң диетада отырсыз. Ал енді сіз күтпеген жерден өзіңіз өте ұнататын мейрамханаға, достарыңыздың үйленген күнінің бір жылдығына шақырту алдыңыз.

А) ойланып - шақыртуды қабылдаймын, себебі диета қайта жалғасады.

Ә) кешке барамын, бірақ күні бойы аузыма тағам алмаймын, кешкі тағамды үй иесінің көңілі үшін аламын.

Б) алғыс айтып, кешке шақыртуды қабыл алмаймын.

2. Сізге келуші жаңа шетелдік бір көйлекті сатқысы келеді. Ал сіз болсаңыз, бұрын мұны армандаған болатынсыз, бірақ жеткілікті дәрежеде ақшаңыз жоқ.Сіз не істейсіз?

А) аздаған ақша беріп, қалғанын жалақыға қалдырасыз;

Ә) келушіге көйлекті сатпауын өтінесіз, жеткілікті ақшаны жинағанша;

Б) өзге біреуден ақша беруін өтінесіз.

3. Сізде кішкене көлік бар деп ойлаңыз,көптеген жылдар бойы жинап әрі оған әрдайым қамқор боласыз.Бір күні сізден дос қызыңыз туыстарына барып қайту үшін көлігіңізді сұрап өтінді. Қандай шешім шығарасыз?

А) ешкімге ешқашан ештеңе бермеуге ант ішкеніңіздің шындығын айтасыз ;

Ә) көлік бұзылып қалатындығын, бұл мүмкін еместігін түсіндіресіз;

Б) өзіңізге ашуланып, қинала бересіз.

4. Сіз анаңызбен бірге дүкенге баруға уәде бердіңіз, алайда күннің жартысында досыңыз телефон соғып, ерекше ұсыныс айтты.Сіз не істер едіңіз?

А) анаңызға телефон соғып айтасыз, кеш келетіндігіңізді, шұғыл шаруаны бітірген соң;

Ә) анаңызға берген уәдеңізді орындайсыз;

Б) анаңыздан бұл шаруаны өзі реттей алатынын сұрайсыз.

5. Музейдің ашылу көрмесінде сіз көркем бір жігітпен таныстыңыз. Сізге әңгімелесу қиын бола тұрса да, ол көшенің басқа жағындағы үйіне шай ішуге ұсыныс жасады.Сіз не істейсіз?

А) сіз таңданып, тамаша ұсыныс деп келісесіз;

Ә) ертең кафеде кездесуге ұсыныс жасайсыз;

Б) суық қоштасасыз.

6. Ең негізі жүлдемен бір конкурста жеңімпаз атандым деп ойлаңыз. Нені таңдар едіңіз?

А) тау курортында екі апталық демалыс;

Ә) қолма қол ақшалай жүлде;

Б) заттай сыйлық: құлаққап, электр чайнигі.

7. Көшеге қай уақытты таңдайсыз?

А) таңертеңгі;

Ә) түстен кейінгі;

Б) кешкі.

8. Актерға қай гүлді таңдайсыз?

А) роза;

Ә)фиалка;

Б) қызғалдақ,

9. Сіз орталыққа сауда саттық үшін бардыңыз, алайда сатып алу сәтінде ақшаңыздың әмиянда жоқ екенін байқадыңыз, үйге бару үшін автобус- экспресс қажет. Не істейсіз?

А) «қоян» сияқты кете барамын;

Ә) жаяу кетемін;

Б) бейтаныс адамнан ақша сұрап алуға тырысамын.

10. Сіз қаладағы сәншаштаразына барып, сәнді шаш үлгісін жасаттыңыз.Сіздің ең жақын досыңыз, ол шаш үлгісін сізді қартайтып көрсетеді деген пікір білдірді. Сіз не істейсіз?

А) шаш үлгісін жедел түрде өзгертемін;

Ә) бұл сынға назар аудармаймын;

Б) басқалардың пікірін сұраймын.

Кесте көмегімен ұпай санын белгілеп, ұпайды есептеңіз. Қай жерде қауіптілік бар екендігін анықтаңыз.

Сұрақтар

А

Ә

Б

1

3

2

1

2

2

1

3

3

1

2

3

4

2

1

3

5

3

2

1

6

3

1

2

7

2

1

3

8

3

2

1

9

2

1

3

10

3

1

2

12 - 19 ұпай - Сіз не қалайтыныңызды ғана емес, қалауыңызды білетін жансыз. Сіз де қатаң принцип бар, өзіңізді жібермей тұрған. Бір жағынан жақсы, себебі қателік жібермеуге тырысасыз. Бір жағынан қиын, өзіңізді қатаң ұстайсыз. Сіз өмірдің қуанышында күтпеген сыйлықтарға тап боласыз.Уақытыңызды сезімге, мейірімге бөліңіз. Қауіптілік туралы ойланбаңыз.

20 - 28 ұпай - Сіз тыныш қалыптасыз, алайда сізден күтуге болмайтын темпераментке иесіз. Егер сізге сезіммен келсе, сіз ақылға жүгінесіз.Өзіңізді бақылаудан кетесіз.Сізбен қарым қатынас жасауда шыдамдылық күш қуат қажет. Сізге сенуге де сенбеуге де болады.

39 - 36 ұпай - Өмірге ойын сияқты қарайсыз. Егер бұл ойында сізге қол ұсынса, сіз оны әп сәтте жаралайсыз.Егер сіздің өміріңіздің сезім жағын айтар болсақ «жеті қат көкте».

Өзіңізге сұрақ қоя біліңіз, жауабын іздестіріп көріңіз.

А) Бойжеткен бозбаламен бірге кафеге келді. Гардеробшы қызға оның пальтосын шешуін өтінді. Қыз бен оның серігіне қандай ұсыныстар айтар едіңіз.

Ә) Көшеде жас жігіт қызыңызбен бірге сіздің алдыңызды орады. Сіз бұл жағдайда: оларды байқамаған боласыз ба? Танысып, бірінші амандасасыз ба? Жаңа таныс өзін таныстырғанша күтесіз бе?

Б) Сіздің алдыңызға суыған тағамды сіз сұраныс бермесеңіз де әкелді. Сіз даяшыға дауыс көтересіз бе? Тағамнан бас тартасыз ба? Тағамның түріне қарап ары қарай жеуді жалғастырасыз ба?

В) Қонақ үйде болғаныңызда қонақ үй қызметшісі сіздің затыңызды ұрлады. Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Қонақ үй басшысына дер кезінде жеткізесіз бе? Қандай шара қолданар едіңіз?