Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
738
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

II. Сәлемдесу

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Сәлеметсіз бе!

Көп қолданыстағы лебіз

Қайырлы күн (таң, кеш)!

Тәулік уақыттарына байланысты «Сәлеметсіз бе?» орнына жүреді

Сәлем!

Жастар арасында қолданылатын амандасу лебізі

Біз (сізбен) көрістік!

Егер тәулік ішінде көріссеңіз

Мен (сіздерді) (...атынан) ...!

Сіздермен амандасуға рұқсат етіңіздер!

Сіздермен сәлемдескеніме қауныштымын!

Ресми амандасу.

Сонымен қатар аудиторияға айтылатын кезде қолданылады.

СӘЛЕМДЕСУ БАРЫСЫНДА АЙТЫЛАТЫН ЛЕБІЗДЕР

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Сізді (сені) көргеніме өте қуаныштымын!

Сізді (сені) кездестіргенім қандай жақсы болды!

Кездесу барысында қуанышын білдіру

Қалай тұрып жатырсыз (жатырсың)

Жағдайыңыз (жағдайың) қалай?

Қалайсың?

Таныс адамдар туралы хабардар болу кезінде жиі қолданылады

Денсаулығың(ыз)қалай?

Көңіл-күйіңіз қалай?

Бұрын ауырған, ауырып жүрген немесе қарт адамға денсаулығы туралы хабардар болу үшін айтылатын лебіздер

Қалың қалай? Не жағдай? Қандай жетістіктерің бар? Халің қалай? Не жаңалық?

Жақсы таныс адамдарға, достарға айтылатын достық лебіздер

Аман-есенсіздер ме? Ртбасы, бала-шаға аман ба?

Үлкен жастағы адамдар арасындағы қолданылатын сөздер

ӨМІР, ДЕНСАУЛЫҚ, ЖҰМЫС ЖАЙЛЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕРГЕ ЖАУАПТАР

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Егер ісіңіз алға басса

Жақсы. Керемет. Тамаша. Өте жақсы. Бәрі орнында. Жаман емес.

Көп қолданыстағы

Шүкір. Шүкіршілік, тәуба. Шағымдануға болмайды. Жайлап жүріп жатырмыз. Бәрі жақсы.

Үлкендер арасында жиі қолданылады

Бірқалыпты .

Достық лебізде

Егер ісіңіз жақсы да, жаман да емес болса

Әшейін. Болады.

Жақсы да, жаман да емес. Қалай айтсам екен?

Не айтарымды да білмеймін. Жақсы (жаман емес) сияқты. Керемет деп айта алмаймын.

Көп қолданыстағы

Бәрі де сол қалпы. Бәрі баяғыша. Ерекше жаңалық жоқ.

«Қандай жаңалық?» сұрағына

Егер ісіңіз онша жақсы емес болса

Жаман емес. Нашар. Көңіл аударарлық емес.

Көп қолданыстағы

Сұрамағаның жақсы болар еді ғой.

Жағдай мәз емес. Қиналып отырмын.

Еркін түрдегі

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУЛЕР КЕЗІНДЕ АЙТЫЛАТЫН ЛЕБІЗДЕР

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Қандай тосын кездесу!

Қандай жақсы кездесу! Біз сізбен (сенімен) көріспегелі көп болды.

Көп қолданыстағы

Кездеспегенімізге көп болыпты ғой (сізді, сені)!

Көптен бері кездеспеп едік. Көріспегелі көп жылдар өтті (сені, сізді)!

Еркін түрдегі

Кімді көріп тұрмын. Қандай кездесу. Кездесу деп осыны айт.

Таңқаларлық белгісі бар еркін түрдегі лебіздер

Сізді (сені) кездестірем деп ойламаппын.

Сені көрем деп ойламаппын.

Сізді (сені) бұл жерден көрем деп ойламаппын.

Сіз (сен) бұл жерде қайдан жүрсің (із)?

Сөйлесуші кездестірген адамын нақты сол жерде жолықтыратынын күтпеген кезде

Сізді (сені) бұл жерден кездестіремін деп кім ойлаған?

Сізді (сені) кездестіремін деп ойламаппын. Дәл, сені осы жерден көрем (кездестірем) деп ойламаппын.

Қайдан жүрсің?

Сіз (сен) көп болды көрінбей кеттіңіз(ің).

Еркін түрде

Қайда жоғалып кеттің?

Достық, фамилиялы, әңгімелесушіні көптен көрмеген кезде айтылады

Не болып қалды? Неге келдіңіз?

Сіз неге сонша ерте келдіңіз?

Уайымдау реңкі бар

Кімді айтсаң сол келеді.

Фамилиялы, достық лебіздегі таныс адамдар арасында әңгімелеген адам сол мезетте келген жағдайда

Қандай бұйымтаймен келіп отырсыз?

Сізге қандай қызмет көрсете аламын?

Ресми

ЖОСПАРЛАНҒАН КЕЗДЕСУ КЕЗІНДЕГІ АЙТЫЛАТЫН ЛЕБІЗДЕР

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Келгеніңіз (келгенің) жақсы болды

Мақұлдағандық белгісі бар сәлемдескеннен кейін айтылатын сөз.

Келгеніңізге (келгеніңе) қуаныштымын.

Мақұлдағандық белгісі бар сәлемдескеннен кейін айтылатын сөз

Мінекей, мен де келдім!

Еркін мағынада. Келушінің күтіп отырғанын білген кезде айтылады.

Мінекей, (сіз) сен де келдің(із).

Келдің-ау, әйтеуір!

Еркін мағынада. Күтіп отырған адам айтады.

Ештен кеш жақсы!

Кешіккен жағдайда; күтіп отырған адамның ренішін білдіру кезінде, ал кейде келген адамның өзін ақтауы үшін