Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
722
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Өзiн өзi бақылау сұрақтары

1.«Болашақ маманның сымбатты дене бітімі мен қимыл қозғалыс әдебі»

ұғымын қалай түсінесіздер? Оған мысал келтіріңіздер?

2. Неліктен «әдепті» адамның қарым-қатынасын реттейтін мінез-құлық

нормасының жиынтығы деп атайды? Талдау жасаңыз?

3. Қазақ билерін зерттеп жүрген қандай ғалымдарды білесіздер?

4.Болашақ маман имиджі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Талдау жасаңыз?

Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. «Қимыл», «жүріс» және «қимыл-қозғалыс этикасы» ұғымдарына берілген анықтамаларды талдай отырып, бұл ұғымдардың арақатынасы мен өзіндік айырмашылықтарын неден көруге болады?

2. .«Болашақ маманның сымбатты дене бітімі мен қимыл қозғалыс әдебі» туралы фотоальбом дайындаңыз.

3. Сымбатты дене бітімі туралы пікірталас жүргізіңіздер.

4. Ұлттық өнердің ішіндегі би өнерінің алатын орнын дәлелдеңіз.

Әдебиеттер

  1. Йина Аасамаа. Әдептен озбайық. /Орыс тілінен аударған З.Қариев. –Алматы: Рауан, 1990. -191б.

  2. Золотая книга Этикета. Сост.В.Ф. Андреев. 2004. 381 с.

  3. Алексеев А.А., Громова Л.А. Поймите меня правильно (как найти свой стиль мышления, обрести взаимопонимание с людьми). СПб., 1993.

  4. Ж.Ж.Молдабекова, А.Ә.Маханбетова, А.Ш.Оралбаева. Кәсіби этика. Астана, «Фолиант», 2008. 160 б.

  5. Кругляница Т.Ф. Этика и этикет. М., 1995.

  6. Ү.Уайдин Әдеп әлемі. – А.: Ана тілі, 2008. – 168б.

  7. «Қазақтар» энциклопедиясы . Алматы, 1998 ж.

3.2. Сыйлық беру әдебі

Сыйлық беру және алу бала кезден білуге тиісті әдет-ғұрпымыз.Адамның әрі жақсы, әрі осал бір мінезі бар. Ол өзін басқалардың материалдық ынталандыруын, түрлі мерекелер мен мерейтойларында сый-сияпатқа ие болуды жақсы көруі. Иә, адамдар жаратылысынан мал-мүлік пен дүниеге құмар. Олардың ішінде мол байлыққа жету үшін бәріне де баратындар, сол жолда «қажетті» жандарға сыйлығын аямайтындар да көп. Алайда адал ниетпен ұсынылатын сыйлық пен қаншама «сый-сияпат» деп бүркемелегенімен параға жататын «сыйлықтың» айырмашылығы жер мен көктей. Сыйлық беру – қай халықта да ізгі әдет-ғұрып. Бұл өмірде адамдардың ақ ниетпен бір-біріне сый-сияпат көрсетуі олардың арасында өзара мейірім, құрмет, махаббат, түсіністік сезімін оятады

Сыйлық берілетін қуаныштар

Кез-келген адамның ғұмырында бақытты кездері аз болмайды. Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, атақ, дәреже, мемлекеттік наградалар алу, жаңа үйге кіру, қымбат автокөлік міну және тағы да басқа оқиғалар мен мерекелер, мерейтойлар. Мұндай кездері адамдар өздерінің қуаныш-қызықтарын жақын туған-туыс, дос, жолдас, көршілерімен ақ дастарқан басында, ән-күй құшағында бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар түрлі сыйлықтар әкеледі. Сыйлықты бұлардан басқа жәй күндері де ізгі құрмет белгісі ретінде ұсынуға болады. Әдейі жіберілген сыйлық, мейлі гүл шоғы, ашық хат болсын, бағасы қымбат болмаса да, ол адамға қуаныш сыйлайды, көңіл күйін сергітеді, достық, туыстық қарым-қатынасты нығайтады. Сыйлық алған адам өзгенің өзіне деген ілтипатын, қамқорлығын сезінеді, рухани шабытқа бөленеді. Сол себепті әрбір ата-ана баласына жақсы көретін жақындарына сыйлық ұсынудың әдебі мен рәсімін жас кезінен-ақ үйрете бастағаны - нағыз өнегелілік.

Сыйлықты қашан береді?

Туған күнге, кәмелеттік аттестат, диплом алуына сыйлықты сол күні берген дұрыс. Мұндай сыйлықтарды алдын-ала беріп қоюдың қажеті жоқ. Халық дәстүрінде туған күнін, мерейтойын алдынала тойламайды. Ерлі-зайыптылардың күміс, алтын, гауһар тойларында да сыйлықты қуаныш үстінде ұсынған жарасымды. Кейбір отбасыларда оның мүшелеріне Жаңа Жыл қарсаңында сыйлық беру дәстүрі бар. Оның ешқандай айыбы жоқ, ол теріс іс болып саналмайды. Әйелдерге 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні, ерлерге 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнінде, адамдарға өз кәсібінің төл мерекесінде сыйлықтар беріледі.

Сапардан сыйлық әкелу

Саяхаттап, іс-сапарға шығып, қыдырып басқа жаққа барып қайтқан адамдар үй ішіне әртүрлі сувенир тәрізді әсем заттарды ескерткіш белгі ретінде әкеліп береді. Басқа жақта тұратын туыстарына, дос, жолдастарына барған адамдар да сол отбасына сыйлықтар апарады. Сыйлық-құрмет белгісі болғандықтан, оны алған адам берілген сыйлықты арзан, қымбат, үлкен, кіші деп бөлмеуге, оны менсінбей ренжуге тиісті емес. Кейде әйелдер алыста тұратын туған-туыстарына барғанында алма, алмұрт, апельсин, мандарин тәрізді жеміс-жидектерді де ала салады. Жасыратыны жоқ, оны кейбіреулердің місе тұтпай, «Мен жеміс-жидек жемей жүр ме екенмін. Әкелген көйлегі, шапаны, сыбағасы қайда?!», - деп ренжіп те жатады. Бұл – сыйластықты білмеу, есептесу, мастанушылық.

Сыйлық таңдау талғамы

Сыйлықтың қымбат, пайдалы, зәру зат болуы міндетті емес. Бірақта алған сыйлығың ол арналған адамның талғамына сай болғаны абзал. Және де сыйлық таң- дағаныңда ол сенің де талғамыңды танытып тұратын болсын. Сыйлықтың пайдалысы да, пайдасызы да бар. Сенің жақсы көрген сыйлығыңның басқа адамға ұнамауы да, керексіз, пайдасыз болуы да мүмкін. Мысалы, сыйлаған сумка, портфельіңнің түрі, түсі арналған адамға қолайсыз, жараспайтын, ұнамайтын, сыйлаған киіміңнің тар, қысқа болуы құрмет көрсеткен адамыңды қуанышқа бөлемейтіні есіңде болсын. Эстетикалық талап, талғамға сай келмейтін заттар да сыйлыққа жарамайды. Қымбат сыйлық беру адамның материалдық жағдайына байланысты. Мұндай сыйлықтарды бірнеше адамның бірігіп алғаны дұрыс. Олардың қатарына теледидар, кілем, тоңазытқыш, кір жуатын машина, ас үй, қонақ бөлмесі жиһаздары, құндыз ішік, тондар тағы да басқа заттар жатады. Досына, туысына, қатты құрметтейтін кісісіне арнап шығарылған өлең, ән, күйден, салынған суреттен артық қымбат сыйлық жоқ. Шын жүректен, талантты адамның шығармашылық шабытынан дүниеге келген мұндай өнер туындыларын сатып алуға болмайды, сатылмайды да. Адамның өткен өмірінің ерекше бір кезеңін, тарихи оқиғасын еске түсіретін және оның естелік белгісі болып саналатын құжаттар да, фотосуреттер де, бейнетаспалар да, ата-бабасынан қалған заттар да қымбат сыйлық болып саналады. Кейбір отбасылар ұлы атасы мен ұлы әжесінен қалған асыл заттарды, бұйымдарды ұрпақтарына сыйға тартып, аманат ретінде тапсырып отырады. Сыйлықты талғаммен таңдайды. Сонда ол оны ұсынушының ба, әлде оны алушының ба, кімнің талғамына сай болуға тиісті? Егерде екеуінің талғамдары сәйкес болса, өте жақсы. Ал талғамдары сәйкес келмесе, сыйлық ұсынушы икемдік танытуы қажет. Тіпті, сыйлық алушы адамның талғамы әлі жетілмеген, нашар болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда Сіздің сыйлығыңыз оның әсемдік туралы ұғымын өзгертуге, жанын сүйсіндіруге ықпал ететіндей болғаны дұрыс.

Кімге қандай сыйлық ұсынады? Әйелге

Олар сыйлыққа гүл алғанды жақсы көреді.

Алайда Сіздің сыйлаған гүліңіз тез солып қалып, сыйлық бергеніңіз ұмытылып кетуі мүмкін. Сол себепті құмырадағы өсіп тұрған гүлді сыйлағаныңыз жөн. Ол гүлге көзі түсіп, оған су құйған сайын Сіз есіне түсесіз. Үйдегі шаруасын жеңілдететін электро-техникалық құрал-жабдықтарды да сыйлауға болады. Әйелдің өміріне романтикалық өзгерістер енгізгің келсе, әдемі иіс су, қас, қабақ, көз, бетті әрлейтін парфюмерия сыйлағаныңыз жақсы. Кез-келген әйел, күміс, алтын бұйымдарға әуес. Қаржылай мүмкіндігіңіз келсе, мұндай заттарды сыйлaсаңыз үлкен қуанышқа бөлейсіз. Зергерлік заттарды әйелдің жасына сәйкес сыйлайды. Әдемі, қымбат мата сыйлау да, әйелді қатты қуантады. Әдемі әмиянға ақша салып берсеңіз тіпті жақсы. Үй шаруасына қажетті заттарды сыйларда оның әйелге кір, ыдыс-аяқты жууға, үй ішін сыпырып жинауға тиісті екенін есіне түсіріп, өкпелетпеуіне көңіл бөліңіз. 

Ерлерге

Жазу үстеліне қажетті керек-жарақты сыйлауға болады. Олар: күнделік, мұқабасы әдемі қойын кітапша, арнайы тапсырыспен жасалған визиткалар, қаламсап және т.б. заттар. Күйеуінің талғамын жақсы білетін әйелдер сыйлық таңдауға қиналмайды. Балық, аң аулауды жақсы көрсе – қолшам, қармақ, шатыр, авто-әуесқой болса – машинасына қажетті керек-жарақ, су- венир, спортшы болса – жаттығу құралдарын сыйлайды. Ән тыңдауды ұнататын ерлерге сүйікті әншілерінің үнтаспасын, компакт дискілерін сыйлай береді. Ер адамның талғамын, дүниетанымын, әдет-ғұрпын жақсы білмесеңіз, оған шытыр- ман оқиғалы, мұқабасы әсем кітап, энциклопедия сыйлаңыз. Ерлерге көзілдірік салатын әсем қапты да сыйлайды. Тек көзілдірік кимейтін ерлерге оны сыйлап қажеті жоқ. Ерлер сыйлыққа портфель алғанды да ұнатады, көбісі жақсы көйлек, галстукке құмар.

Балаларға

Олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыйлық берген жөн. Ойыншықтар баланың рухани азығы болғандықтан, оны дұрыс таңдай білудің маңызы зор. Бөбектерге сыйлайтын ойыншықтар кірлесе оңай жуып алынатын, түрі мен түсі көз қызықтыратындай болсын. Балаға сәби кезінен суретті кітапшаларды сыйға тартсаң, олардың дүниетанымы кеңейіп, кітапты ұқыпты ұстауға, сурет салуға үйренеді. Ал оған түрлі-түсті қарындаштарды қоса берген абзал. Оларға тәттілерді, жеміс-жидектерді де сыйға береді.

Үйлену тойындағы сыйлықтар

Үйлену тойында сыйлық беру – қай халықта да қалыптасқан дәстүр. Алайда ол әр елде әрқилы.

Кения, Танзания елдерінде. Осы елдердегі масай деген халықта үйленетін жігіт болашақ жарының аяғының астына өзі аулап өлтірген арыстанның терісін тастайды және де олар алғашқы неке түнін соның үстінде жатып өткізеді. Бұл болашақ балаларының арыстандай өжет, батыл, қайратты болып туып, өсуі үшін.

Жапонияда Атастырылмас бұрын күйеу жігіт пен қалыңдық бір-біріне ақшалай сыйлық береді. Қонақтар құнды сыйлықтар әкеледі, оның сыртында конвертке ақша салып, оны жас жұбайларға тарту етеді. Жас жұбайлар Жаңа жыл мейрамы кезінде, жаздың ортасында құдаға сыйлықтар жібереді.

Кипр аралдарында Жас жұбайларға сыйлық әкелгендердің бәрі тойға шақырылған болып есептеледі. Олар да конвертке салып ақша сыйлайды. 

Польшада Мұнда да сыйлық орнына ақша беріледі, күйеу жігіт қалыңдығының басындағы ақ желегін өз қолымен шешкен кезде тойға жиналғандар оларға ақша лақтырады.

Венгрияда Күйеу жігіт қалыңдығына ақша салынға кішкентай сөмке сыйласа, қалыңдығы жауап ретінде оған үш немесе жеті беторамал ұсынады.

Малайзия халықтарында Той қарапайым өтіп, күйеу жігіт қалыңдығына сыйлық ретінде тамақ салынған поднос береді, жан-жануардың мүсінін немесе гүл мен ақша тарту етеді. Қонақтар байлықтың нышаны ретінде сыйлықтарымен бірге піскен жұмыртқаны қоса тапсырады.

Еврейлерде Үйлену тойында екі жақтың ата-анасы жас жұбайларға міндетті түрде қасиетті кітап – Тауратты сыйлайды. Күйеу жігіттің сыйлайтыны - әр түрлі сәндік заттар. Сыйлықты қалыңдыққа беріп жіберерде күйеу жігіттің қасында ешкім де болмауға тиісті. Қалыңдық болашақ күйеуіне «үлкен талит» (құлшылыққа қажет төсеніш) жібереді.

Германияда Қонақтар жас жұбайлардың жүретін жолына шырша бұтақтарын төсеп тастап, сыйлыққа қол орамал алады. Дәстүр бойынша қонақтар тойдан қалған дәмді осы орамалға орап алып кетеді.

Қытайда Тойға дайындықтың алғашқы сатысы – юэдин кезінде күйеу жігіт қалындықтың ата-анасына қымбат сыйлықтар жібереді. Құда болуға уағадаласқаннан кейін қалыңдыққа шай, сырға, білезік, алтын тиындар тарту етеді. Арнайы қызыл қорапшаға салынған күріш, тұз, шарап жіберіледі де оның жартысы қайтадан күйеу жігітке жөнелтіледі. Той болатын кү-ні күйеу жігітке бұршақтың екі дәні сыйға беріліп, ол оны суға салып, артынан жеп қояды. Күйеу жігіттің отбасы той алдында қалыңдыққа той көйлегін, қосымша керек-жарақтарды, күріштен, бидайдан жасалған тандыр нан жібереді. Той үстінде көп сыйлық беріледі. 

Сыйлықты қалай ұсынған жөн?

Сыйлықты қалай ұсынасың, ол сондай әсер қалдырады. Сыйлық қаншалықты қымбат болса да оны қалай болса солай, немқұрайлы ұсына салса, ол ешкімді де қуантпайды. Ал көтеріңкі көңіл күймен, ізгі тілектермен, ыңғайын келтіре, орынды жерінде берілген сыйлық иесін ерекше шаттандырады. Алыстағы адамға сыйлықты сәлемдеме ретінде басқа бір қатынаған кісіден де беріп жіберуге болады. Мұндай жағдайда сыйлықпен бірге хат жолдап, құттықтау айтқан жөн. Тек жақын жерде тұратындардың сыйлықты біреуден беріп жіберуінің реніш туғызуы мүмкін. Сыйлықты кешіктірмей жеткізеді. Мерейтой иесі бір күн бұрын немесе той күні таңертең сыйлыққа ие болғаны дұрыс. Сыйлықты біреуден беріп жібергенде осы есте болсын. Сыйлықты ұсынғанда оның құндылығын айтудың қажеті жоқ. Оған гүл шоқтарын қосып ұсынса, тіпті жақсы.

Сыйлықты қалай қабылдаған жөн?

Кейбір кісілер берілген сыйлықты басқа жаққа алып қояды да, қонақтар кеткен соң ашып көреді. Өзгелер сыйлықты алысымен ашып көріп, оны берген адамға өз ілтипатын айтып жатады. Қонақ қуаныш иесінің көңілінен шығу үшін уақы-тын бөліп сыйлық іздеп, таң-дап, әуреленгендіктен өзіне жылы лебіздерді білдіргенін, сыйлығын құрметпен қабыл-дағанын қалайды. Сол себепті, сыйлықты ашып көрудің айыбы жоқ.  Сыйлық талғамыңнан шықпаса да оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рах- мет айтуға тиістісің. Сыйлықты немқұрайлы қабыл-дауға, бағасын сұрап, басқа сыйлықтармен жұрт көзінше салыстыруға, пайдалы, пайдасыз екенін айтуға болмайды. Сыйлықты қайтып беру де - әдепсіздік, оны ұсыну-шыны сыйламаушылық. Сыйлық әкелмеген қонақтарды сөкпейді, оларға да басқалар-мен бірдей құрмет көрсетеді. Үлкен тойларда тілек айтқаннан кейін сыйлықты арнайы мүйістегі стол үстіне қойып, оған аты-жөні, тілегі жазылған құттықтау открыткасын қыстырады.