Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шп 1.docx
Скачиваний:
491
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
229.38 Кб
Скачать

9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)

Мемлекеттің құрылуы

Қарлұқтардыңдербестікке ұмтылуы олардыңҰйғыр қағанатынанбөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғыҚарлұқтайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген.Түргештердіңәулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуінШығыс

Түркістандағықытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлеріСуябтыбасып алды,Шашқа(Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тірегенҚытайдыңмүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда,Атлахқаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған.Таласөзеніндегі шайқастыңЖетісужәнеМауараннахрхалықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлеріЖетісушегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті.Таласаңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»

Қарлұқтардың сыртқы саясаты

ҚарлұқжабғуыОңтүстік ҚазақстанмаңайындаМауараннахрдыңсолтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыстаҰйғыр қағанатыменбәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп,Орталық Азияғақайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуыМоғолиядағыорталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.

Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта — бома халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. ҚырғыздарМинуса ойпатында мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді.ІшкіАзиядаласындағы бұл маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақандықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың) қолдарында қалды».ҰйғырлардыңбіразыЖоңғария— Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға және Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан алқа- бында (847—1369 жылдар) және Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған тәуелсіз мемлекет құрды. Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи мәліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык, Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.