- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •4. Сақтар (үіі-ііІғ.Ғ).
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Қарлұқтардың сыртқы саясаты
- •Этникалық және тайпалық құрамы
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •12. 6-10 Ғ.Ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Ұлы Жібек Жолы
- •13. 11 Ғ басы мен 12 ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. 13 – 16 Ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. « Көшпелі өзбектер » Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •26. 16-18 Ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •29. 15-18 Ғ.Ғ.І шир.Гі қазақ-орыс кар.-қат. Ресейдің «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •34. Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ( 1783–1797 жж.)
- •35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж.)
- •40. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс ( 1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •47. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.
- •48. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •49. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •50. 1917-1920 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •56. Қазан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.)
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері
- •67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі ( 1945–1950 жж.)
- •68. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •69. Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан ( 1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •73. Егемендік алудың кезеңдері
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •75. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын ( тмд ) қурылуы.
- •76.Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
- •77. Қр-ның конситициялары. ( 1993-1995 )
- •78 « Қазақстан – 2030 » стратегиясы
- •79. Экономиқалық рефорамлар
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары
- •81. Қазақстанның сыртқы саясаты
- •82. Қазақтардың дж.Құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы
- •83. Қр. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •87. Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.
- •88. Қр.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.Құу «Қаз.Дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
16. Найман және керейт ұлыстары
Найман тайпалар одағы (түрікше «сегіз тайпа одағы») VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.
Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде – қырғыздар, шығысында – Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер, Оңтүстігінде ұйғырлар болды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. «Ұлыс» деген сөз ол кезде «халық» деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері – ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның «алтын мөрі» болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті ұлыстардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі Бұқа хан билеген. «Иналых» — сенімді, «білгі» — білімді, кемеңгер, «бұқа» — ұлық, мықты деген сөз. Білгі Бұқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұқа) хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман ұлысын екіге бөлген. 1199 жылы Шыңғысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақтасып, найман Бұйрық ханға шабуыл жасайды. Алтай аймағының Ұлыңгір көлінің маңындағы шайқаста Бұйрық хан жеңіліп, қырғыз еліне қашып кетеді.
1204 жылы Шыңғысхан керейлерді жаулап алғаннан кейін, найман Таянхан мен меркіттердің билеушісі
Тоқтабектің біріккен әскерлеріне шабуыл жасап талқандайды. 1206 жылы моңғолдар Бұқтырма өзенінің бойында Бұйрық бастаған наймандарды жеңіп, оның өзін өлтіреді. 1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды жеңді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері моңғолдардың қол астына көшті.
Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде – меркіттер, шығысында – татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы – Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзені бұрылысының теріскейіндегі Қара-Хото қаласы. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды.
XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Марғұз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бұйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Оның Оңхан деген екінші лауазым аты болған. Бұл ат «Уаң хан» дегеннен шыққан, мағынасы – бір елдің әміршісі. Тоғырыл хан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте – Хуанкеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығыста – Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Тоғырыл хан Шыңғысханның әкесі
Ясукаймен дос болған. Сондықтан осы жағдайды пайдаланып, Темучин Моңғолиядағы күшті ел болып келген
Керей ханы Тоғырылға арқа сүйеген. Тоғырыл екеуі дос болды, одақтасып жорыққа аттанып отырды. Бұл жағдай Тоғырыл ханның балалары мен туыстарына, уәзірлері мен жақындарына ұнамайды. Сондықтан олар екеуінің арасында іріткі салу әрекетін қолданып, бір-біріне айдап салады. Мұның аяғы насырға шауып, керейлер мен моңғолдар арасында соғыс қақтығысына әкеліп соқты. Ақырында Шыңғысхан 1202 жылы Оңханның елін шауып, өзін өлтіріп, жерін жаулап алды. Шыңғысханнан жеңілген соң, Керей ұлысы оған тәуелді елге айналды.