Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шп 1.docx
Скачиваний:
491
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
229.38 Кб
Скачать

89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің төрағалық етуімен өткен облыстық әкімдік алқасының кезекті отырысында қаралған басты мәселе – Жетісу жеріндегі үдемелі индустриялды-инновациялық дамуға қатысты болды. Отырыстағы негізгі тақырып – Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялыинновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына кіретін облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы» баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Болат Тәкенов жасады.

– Елбасының жоғарыда келтірілген Жарлығымен бекітілген бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкіметпен ісшаралар жоспары бекітіліп, соның негізінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Дамудың сапалық» бағдарламалары қабылданып, индустрияландыру картасы әзірленген. Осыларды басшылыққа алған Алматы облысы әкімдігі де «Аймақтық үйлестіру кеңесін» құрып, «Облыс аумағын дамыту» бағдарламасын қабылдады, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын әзірледі. Облыс аумағы бойынша республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына 33 жоба енгізілсе, оның сегізін жүзеге асыру республикалық органдарға, қалғанын орындау облыс әкімдігі жауапкершілігіне жүктелген. Биыл жүзеге асырылуға тиісті 10 жобаның алғашқы жарты жылдықта жалпы құны 7 млрд. теңге болатын алтауы пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 10 млрд. 940 млн. теңге болатын төрт жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Алдағы 20 желтоқсанда Елбасының қатысуымен өтетін тікелей телекөпір кезінде осы төрт жобаның тұсауы кесіледі, – деген облыс әкімінің орынбасары индустрияландыру картасына жалпы құны 1 млрд. доллар болатын нысандар енгізілгенін, олардың толық қуатымен жұмыс істеуін ҚР Президенті Әкімшілігі қадағалап отыратынын, сондай-ақ қосымша резервтік нысандар тізімі әзірленгенін, онда қазір 600 млрд. 440 млн. теңге болатын 49 жоба барлығын да айта кетті.

Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 52 жоба қаралып жатса, олардың ішіндегі құны 7 млрд. 750 млн. теңге тұратын 11 жоба тиісті орындармен келісіліпті. Соның арқасында қазіргі кезде облыс республика көлемінде сандық және қаржылық көрсеткіштер бойынша алғашқы үштікке еніпті.

Талдықоған және Қапшағай қалаларындағы өнеркәсіптік секторды дамытуға зор көңіл бөлінуде. «Талдықорған қаласындағы оңтүстік өнеркәсіптік аймақты дамыту» жобасы Экономика министрлігі тарапынан толық қолдауға ие болып, «Биз¬нестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуда. Тура осы сияқты Қапшағай қаласындағы «Арна» өнеркәсіптік аймағының жобасы жасалуда. Дегенмен, индустрияландыру картасы облыс аумағында толық шешім тауып отыр деуге келмейді. 2014 жылға дейінгі индустрияландыру картасында Қарасай, Ақсу, Сар¬қан, Кербұлақ аудандарынан бірде-бір жоба жоқ.

Үстіміздегі жылдың он айында Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында тартылған инвестиция көлемі барынша азайып кеткен. Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына мүлде қатыспай отырған көрінеді. Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясы жер телімін бө¬луге келісім бермей отырғандығы салдарынан бірқатар шағын электр стансыларының жобалары аталған бағдарламаға кіре алмай отыр. Биыл «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша облысқа 1 млрд. 482 млн. теңге бөлініпті, келер жылы 5,5 млрд. теңгені игеру қажет. Оны мақсатты түрде іске асыру үшін әрқайсысы 1 млрд. теңге болатын 15 немесе әрқайсысы 100 млн. теңге болатын 150 жоба қажет. Егер шамамыз жетпейді деп, қаржыдан бас тартсақ, облысты дамыту бағдарламасының негізгі міндеттерін орындай алмасымыз тағы анық. Игерілмей қалған қаржы туралы айтқанда, мұнда аудан әкімдерінің жұмысындағы кемшіліктер етектен тартып отырғанын естен шығармаған абзал. Нақтырақ айтқанда, кейбір аудандарда үйлестіру кеңестері де құрылмаған, бірқатар аудандарда инвестициялық жобалар тізімі мен оларды жүзеге асыру жоспарлары жоқ. Облыстық салалық басқармалар, оның ішінде бірінші кезекте даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіруші болып табылатын кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жұмысының тиімсіз болып отырғанын да атап өткен жөн.

Баяндамашыны мұқият тыңдаған облыс әкімі индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сынды шарапатты шаралардың барлығы Елбасының бастамасымен дүниеге келіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ықпал жасауға арналғанын айта келе, үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындаудағы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

– Әр аудан, қала әкімінің жұмысы бірінші кезекте өзі басқаратын өңірге инвестиция тартумен өлшенеді. Өкінішке қарай, соны әлі күнге жете сезіне алмай отырған басшылар бар. Осыған орай айтарым, индустрияландыру картасына кірген жобаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстардың қарқынын арттырып, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты мақсатты жұмсауды есте ұстау қажет. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін аса үлкен жеңілдікпен беру қарастырылған қаржының толық игерілмеуі де алаңдатады. Мұнда меніңше, жергілікті кәсіпкерлер өздерін қаржылық тұрғыда қолдауға қатысты жаңалық жайлы толық мәліметтерді білмей отыр. Сондықтан, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары және тағы басқа органдар мен қорлар арқылы бизнесмендерге арналған семинар-кеңестер және тағы басқа да түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажет. Бірқатар аудандар әлі күнге өздерінің аса қолайлы мүмкін¬діктерін толық пайдалана алмай отыр. Әсіресе, Талдықорған аймағындағы аудандар мен қалалар бұл мәселе төңірегінде Алматы аймағындағылардан біраз қалып қойды, – деген Серік Әбікенұлы бірқатар аудан әкімдері мен облыстық басқармалар басшыларын орындарынан тұрғызып, нақты тапсырмалар берді.

Бұдан кейін үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Қарасай, Талғар аудандарының әкімдері тыңдалды. Мойнақ су-электр стансысы бас директорының орынбасары, бас инженері Қалаубек Баймұхамбетов келер жылы желтоқсанда пайдалануға берілетін ғасыр құрылысы – Мойнақ су-электр стансысында бүгінге дейін жүзеге асқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Оның айтуына қарағанда, жобаны жүзеге асыруға арналған қаражаттың барлығы заемдық. Қазақстан Даму банкінен 51,06 млн. доллар, Қытай Мемлекеттік Даму банкінен 200 млн. доллар алынған. Сонымен бірге 29,8 млн. доллар меншік қаражат салынған. Қазіргі кезге дейін жоба бойынша жұмыстардың 62 пайызы орындалыпты. СЭС құрылысына 1200 құрылысшы-құрастырушы жұмылдырылған. Пайдалануға берілгеннен кейін 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Алқа отырысын қорытындылаған облыс әкімі отырыста бірінші мәселенің мүмкіндігінше егжей-тегжейлі талқыланғанын, сонда айтылған кемшіліктерден тез арада қорытынды шығару қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, Елбасының осыдан біраз бұрынғы мәртебелі жиында өзінің көз алдында тұсауы кесілген нысандардың айлар бойы тұрып қалатыны туралы қынжыла айтқанын жиналғандар есіне салып, осы тұрғыда мұқият болу керектігін де қадай айтты. Жалпы облыстағы жобалардың дәл қазіргі жүзеге асуы ойдағыдай екендігіне де тоқталды.