- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •4. Сақтар (үіі-ііІғ.Ғ).
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Қарлұқтардың сыртқы саясаты
- •Этникалық және тайпалық құрамы
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •12. 6-10 Ғ.Ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Ұлы Жібек Жолы
- •13. 11 Ғ басы мен 12 ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. 13 – 16 Ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. « Көшпелі өзбектер » Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •26. 16-18 Ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •29. 15-18 Ғ.Ғ.І шир.Гі қазақ-орыс кар.-қат. Ресейдің «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •34. Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ( 1783–1797 жж.)
- •35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж.)
- •40. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс ( 1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •47. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.
- •48. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •49. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •50. 1917-1920 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •56. Қазан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.)
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері
- •67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі ( 1945–1950 жж.)
- •68. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •69. Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан ( 1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •73. Егемендік алудың кезеңдері
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •75. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын ( тмд ) қурылуы.
- •76.Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
- •77. Қр-ның конситициялары. ( 1993-1995 )
- •78 « Қазақстан – 2030 » стратегиясы
- •79. Экономиқалық рефорамлар
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары
- •81. Қазақстанның сыртқы саясаты
- •82. Қазақтардың дж.Құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы
- •83. Қр. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •87. Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.
- •88. Қр.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.Құу «Қаз.Дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
Моңғол тілді кидан тайпалары б. з. IV ғасырында Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген.
X ғ. Басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда Киданның Ляо мемлекеті (907–1125) құрылды.
Кидандықтар Сұн (960–1279) империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып мекен етті. Көрші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді. 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай көшіп, олардың саяси ықпалы Жетісу жеріне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аймақтарға тарады. Жергілікті жерлердегі түркі тайпалары кидандарды қарақытайлар деп атады.
1128 жылы Қарахан әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күреске қарақытайларды көмекке шақырады. Қарақытайлар көсемі
Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы қарақытайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады.
Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. XII ғасырдың 30–40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Карахандар әулетін қарақытайлар өз боданына (вассал) айналдырды.
Қарақытайлар Жетісу және Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бұл жерлердегі қалалармен және егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық-феодалдық принциптері нығая түсті. Мұнда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мәселен, гурхан өлген жағдайда оның мұрагері болып әйелдері тағайындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған аймақтарда егіншілік етек алды. Қарақытай мемлекетінде тұратын түркі халықтарының көпшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда будда дініне сенушілер де, христиандық несториан дінін ұстанушылар да кездесті.
Елюй Дашы 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Табұян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150–1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бұсұған таққа отырып, 1164–1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Бұсұған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.
Қарақытай шонжарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, олардың қысым жасауы, салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бұқараның наразылығын туғызды. Нәтижесінде Қарақытай мемлекеті әлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. 1210 жылы Хорезмшахы Мұхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бұл жағдайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың Жетісудағы иеліктері наймандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеті ыдырап тарады.