Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шп 1.docx
Скачиваний:
491
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
229.38 Кб
Скачать

27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»

Тәуке хан уақытша болса да ішкі өзара қырқысты токтатып, жүздер арасында тыныштық орната білді, сол арқылы қазақ руларының коныстарын сырттан басып кіруден кауіпсіздендірді. Алайда сұлтандардың билік үшін күресі мен окшаулануға ұмтылуы көп ұзамай бірлікті бұзды, мұны көршілері дереу пайдалана қойды. Оңтүстікбатыстан жайық казактары қолдаған еділ қалмақтары шапқыншылық жасады, солтүстіктен сібір ка-зактары шабуылдады; Жайыктың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар да дәмеленді. Оңтүстіктен казақтарға Орта Азия хандықтарының (Бүхара, Хиуа) билеушілері кысым көрсетті. Бірақ қазақ халқына ең каһарлы қауіп шығыстан — күшті де агрессияшыл Жоңғар хандығы тарапынан төнді.

Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жайылымды кеңейту қажет болды, мұнын өзі жер алаптарын бөлісуге және жаңа жайылымдар іздеуге әкеп соқты. Бұған Жоңғар хандығы мейлінше қатты мұктаж болатын. Жоңғарлар сауда-қолөнер орталықтары мен керуен жолдарын өздеріне бекітіп алуға ұмтылды. Олар үшін бұл өмірлік кажетті шара еді.

Тәуке билік еткен кезеңде қазақтар мемлекеттілігінің күшті сыртқы жаулар алдында беделін арттыру мақсатында оны нығайтуға бағытталған манызды кадамдар жасалды. Кіші жүздің саны аз және әлсіз жеті руын жетіру деген бір тайпаға, ал Орта жүздің уактарымен керейлерін бір уақ керей бірлестігіне біріктіруді халықтың ауызша дәстүрі осы ханның есімімен байланыстырады. Жауға қарсы күресу үшін ірі бірлестіктер мен рулар ғана күшті және жаксы қаруланған қол шығара алатынын ескергенде, әлгі жаңалықтар қазақ жасақтарының, жауынгерлік қабілетін арттыруға мүмкіндік берген. Сонымен бірге жер мен су жөніндегі топтар арасындағы таусылмас алауыздықтар мен жанжалдарды жою үшін Тәукенің бастамасы бойынша, билер мен аксақалдар кеңесі әртүрлі кауымдар мен рулардың көшіп жүретін жерлері неғүрлым айқын бөлініп, ру бөлімшелері ішінде ру таңбаларын пайдалану ретке келтірілген, казақ қоғамында тарихи қалыптасқан дағдылы құқық нормаларын бір жүйеге келтіру, ішінара толықтырулар жүзеге асырылған.

«Жеті жарғы»

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дара билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдар мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығы қабылданды. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жолжобалары мен қағидалары XX ғ. басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;

«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.

«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»

«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».

«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»

«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»

«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.