- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •4. Сақтар (үіі-ііІғ.Ғ).
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Қарлұқтардың сыртқы саясаты
- •Этникалық және тайпалық құрамы
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •12. 6-10 Ғ.Ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Ұлы Жібек Жолы
- •13. 11 Ғ басы мен 12 ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. 13 – 16 Ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. « Көшпелі өзбектер » Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •26. 16-18 Ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •29. 15-18 Ғ.Ғ.І шир.Гі қазақ-орыс кар.-қат. Ресейдің «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •34. Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ( 1783–1797 жж.)
- •35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж.)
- •40. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс ( 1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •47. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.
- •48. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •49. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •50. 1917-1920 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •56. Қазан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.)
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері
- •67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі ( 1945–1950 жж.)
- •68. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •69. Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан ( 1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •73. Егемендік алудың кезеңдері
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •75. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын ( тмд ) қурылуы.
- •76.Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
- •77. Қр-ның конситициялары. ( 1993-1995 )
- •78 « Қазақстан – 2030 » стратегиясы
- •79. Экономиқалық рефорамлар
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары
- •81. Қазақстанның сыртқы саясаты
- •82. Қазақтардың дж.Құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы
- •83. Қр. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •87. Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.
- •88. Қр.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.Құу «Қаз.Дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай хан – (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол
1711 жылы, кезінде Орта Азияның бірнеше қаласының билеушісі «қанішер Абылайдың» баласы «Көркем Уәлидің» шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде, шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Жау қолынан туған-туыс, үй іші бірдей қырылады. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды. Абылай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойған екен-мыс. 1729 жылы жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жылы болған соғыстардың бірінде жеңіске жетеді. Сабалақ ортаға «Абылай» деп ұрандатып шығып, қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Қалмақтың қас батырын жеңген Сабалақтың аты қазақ даласына тарап, енді оны «Абылай» деп атап кетеді. Осы шайқастан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болып, қазақтың ханы Әбілмәмбет «тақ сенікі» деп тағын ұсынған екен. Абылай ресми түрде 1771 жылы, тек Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін ғана таққа отырады. Абылай өз заманының көреген де ақылды саясаткері, жаужүрек батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған. Ол сонымен қатар мұсылмандық білім алған, сауатты да айбынды билеуші болған. 1730 жылы Абылай хан көрші елдермен келісімдерге қатысып, қазақтардың барлық әскери жорықтарын басқарады.
1740–1750 жылдары Абылай жоңғарлармен бейбіт келісімге келіп, жоңғарлар қазақтарға Сырдария маңындағы қалаларды қайтарып береді. 60-жылдары ол Ресей және Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнатады. Осылайша Абылай қазақтың жерін көршілерінен қорғап қалу саясатын ұстанды. Абылай ханның көреген және шебер дипломатиялық саясатының нәтижесінде XVIII ғасырдағы көшпелі этностардың ішінде қазақтар алдыңғы орынға шықты.
Абылай хан Қазақстанда және одан тысқары жерде дарынды қолбасшы, зерделі саясаткер ретінде танылды. Ол қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдыруды мақсат етті.
1754–1755 жылдары Қытай Жоңғарияны жаулап алып, Қазақстанның шекарасына жақындайды. Қазақтар
Абылайдың бастауымен жеңілген жоңғарларға көмек көрсетеді. Олар қалмақтардың соңғы ханы Әмірсананы Қытайға бермей, қайта Қытай әскерлеріне қарсы соғысады (1756 ж.). Қазақ билеушілері Жоңғар мемлекетін сақтап қалуды көздеді, өйткені ол Қазақстан мен қытай арасында өткел ел (буфер) ретінде еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Абылайдың ішкі саясаты орталық билікті нығайтуға бағытталды. Абылай елді ұлыс жүйесімен басқаруды енгізді.
Орталық билікті күшейтуде Абылай ханның жасаған екінші бір шарасы өз дәуіріндегі беделді, талантты жеке тұлғаларға сүйену болды. Абылай ханды XVIII ғасырдағы ұлы жыраулар Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, батырлардан Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, атақты билер Ұлы жүздегі Төле би және Орта жүздегі Қазыбек би мен Кіші жүздегі Әйтеке билер үнемі қолдап отырды.
Абылай ханның көрегендікпен жүргізген ішкі және сыртқы саясаты барысында Қазақ хандығы қуатты, біртұтас мемлекетке айналды.
1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленеді.