- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •4. Сақтар (үіі-ііІғ.Ғ).
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Қарлұқтардың сыртқы саясаты
- •Этникалық және тайпалық құрамы
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •12. 6-10 Ғ.Ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Ұлы Жібек Жолы
- •13. 11 Ғ басы мен 12 ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. 13 – 16 Ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. « Көшпелі өзбектер » Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •26. 16-18 Ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •29. 15-18 Ғ.Ғ.І шир.Гі қазақ-орыс кар.-қат. Ресейдің «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •34. Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ( 1783–1797 жж.)
- •35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж.)
- •40. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс ( 1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •47. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.
- •48. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •49. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •50. 1917-1920 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •56. Қазан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.)
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері
- •67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі ( 1945–1950 жж.)
- •68. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •69. Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан ( 1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •73. Егемендік алудың кезеңдері
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •75. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын ( тмд ) қурылуы.
- •76.Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
- •77. Қр-ның конситициялары. ( 1993-1995 )
- •78 « Қазақстан – 2030 » стратегиясы
- •79. Экономиқалық рефорамлар
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары
- •81. Қазақстанның сыртқы саясаты
- •82. Қазақтардың дж.Құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы
- •83. Қр. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •87. Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.
- •88. Қр.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.Құу «Қаз.Дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді. Патша үкіметі қазақтардың Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті.
Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді.
1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті. 1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді.
1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтікэкономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұшырады.