Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-адебиет.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
862.21 Кб
Скачать

2. Электронды оқулықпен жұмыс.

Ә.Тәжібаев туралы мәлімет. «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Балалар,өлең ұнады ма,не жайында екен?

Картадан «Сырдария» өзенін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

3.Кітаппен жұмыс. (сөздікпен жұмыс)

Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады)

1. Гейне-неміс ақыны 2. Рейн –Германиядағы өзен

3. Тарас-Украин ақыны 4. Днепр-Украинадағы өзен

5. Пушкин-орыс ақыны 6. Еділ-өзен

Қане,балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік.

  1. Салыстыру,талдау.

Салыстыру

Ә.Тәжібаевтің Қалмақан Әбдіқадыровтың Ы.Алтынсариннің «Сырдария» «Сырдария» өлеңі «Өзен» өлеңі

өлеңі

1) қарт ана 1) мен анаң 1) сарқыраған өзен

2) сыр сұлуы 2) суым сүтің 2) айнадай су

3) туған елі 3) анам десең 3)өзен рахаты

4) ел анасы 4) балық,арық қазып 4) мөлдір суы

5) сүті кетпеген 5) егіске пайдалан 5) ну орманы,тоғайы

Осы үш ақынның өлеңдерін оқи отырып бір-бірімен айырмашылық пен ұқсастығына талдау, салыстыру жасаймыз. Қай өлеңде ақын өлеңге,өлең ақынға тіл қатты?

  1. Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Сырдария» өлеңін әрі «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ,бунақ,ұйқасын табады)

2-топ: «Сырдария» өлеңіндегі (2,3,4) шумақтарынан инверцияны тауып, қара сөзге айналдырып жазады.

3-топ: Туған жеріміздегі өзендер жайлы бір шумақ өлең жазады. «Су-тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.

Білімді бекіту: Сонымен,балалар, ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келді?

  1. Параллелизм дегеніміз не?

  2. Өлеңді оқи отырып,өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?

  3. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-жасыл желекті,мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

Қазақтың халық жазу ақын драматург

Газет редакторы филология ғылымының

болған докторы

50 шақты кітаптың авторы киносценарист әдебиет зерттеушісі

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ә.Тәжібаевтің «Сырдария» өлеңін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қалижан Бекхожин

«Ақсақ Темір мен ақын»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға Қалижан Бекхожиннің өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны ,халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожин Повладар атырабында 1913 жылы 25 қарашада шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу-білімге ынталы жас Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистка бөлімін 1942 жылы бітіреді.

«Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасының түйінді ойын, ақынның мақсаты туралы айтып беремін.

Сөздікпен жұмыс: Жейхун- Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы

Мұсатыр-мүсәтір

Зұлфуқар-алмас қылыш,алдаспан

Қаф тауы- Кавказ таулары

Шығармашылық жұмыс: «Темірді тізе бүктірген алып күш» айналасында әңгімелеседі.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

  2. Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан қандай хабарларың бар?

  3. Өлеңдегі ең басты кейіпкер кім?

  4. Хафиз Ақсақ Темірге қандай баға берді?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Қалижан Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ақтанов

Окоп үстіндегі айқас

Сабақтың мақсаты:

а) әңгімені оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

2.Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан қандай хабарларың бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тахауи Ахтанов 1923 жылы Ақтөбе облысының Шетырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.Соғыстан кейін көркем аударма,сын саласында жемісті еңбек етті.

«Окоп үстіндегі айқас» әңгімесі «Қаһарлы күндер» романынан үзінді. Бұл соғыс туралы жазылған роман. Оның үстіне ел мен жердің тағдыры сынға түскен жылдың ең бір ауыр күндерін қамтиды. Бұл біздің жауынгерлердің , қазақ жігіттерінің ,майданда жаппай ерлік жасап,Отан үшін жандарын қиып жатқан кезі.

Шығармашылық жұмыс: І Отан ,ел, ерлік туралы мақал-мәтелдерді тауып дәптерлеріне жазады. Мысалы: 1.Отан оттан да ыстық

2.Отан үшін отқа түс күймейсің

ІІ . Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер? Сол туралы әңгімелейді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?

2. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

Әңгіме бойынша неміс танкілеріне қарсы күрескен біздің жауынгерлер мен жаудың ара күші қандай?

3. Әңгімеде қазақ жауынгерлерінің ерліктері қалай суреттеледі?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Тахауи Ахтановтың «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесін оқып мазмұндап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза

«Жүз жылдық жара»

Сабақтың мақсаты:

а) Ш.Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті ,шығармалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ұлы Отан соғысы жайында не білесіңдер?

2. Дерек бойынша оған Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шерхан Мұртазаның өмірінен мәлімет беру.

Әңгімелері: «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан», «Табылған теңіз», «Интернат наны», «41-жылғы келіншек», «Шекшек шырылдайды», «Айырбас», «Ақсай,Көксай», «Бойтұмар», «Сусамыр» «Жүз жылдық жара» т.б

«Жүз жылдық жара» әңгімесін түсіндіріп құрылысына қарай талдап беремін.

Дәптермен жұмыс:Әңгіме мазмұнында аталған тал-теректердің,шөптердің атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Топпен жұмыс:Кейіпкерлердің бейнесін құрастырыңдар (Кенжекүл, Ахмет, Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда байланысты өтеді?

2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?

3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?

4. Орман ортасындағы кішкентай көлшік қалай суреттеледі?

5. Мыңбұлақтың бөркінің төбесіндей боп Байшынар неге жалғыз қалды?

6. Жуанқұл мен Дадабай,Қабасақалдар кімдер?

7. Жуанқұлдың тағдыры сендерді қандай ойға жетелейді?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесі бойынша орман ортасындағы кішкене көлшіктің суретін салып келеді. «Байшынар неге күңіренеді?» тақырыбына шығарма жазады.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді»

Сабақтың мақсаты:

а) Қ.Ысқақтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері,шығармалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда байланысты өтеді?

2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?

3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі –Қалихан Ысқақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Топқайың ауылында дүниеге келген.

Повестері: «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»

Романы: «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу-жер жаннаты»

«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын айтып беремін.

Кітаппен жұмыс: Жазушының күзді,адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқйды.

Әдебиет теориясынан түсінік беру.Повесть бұл орыс әдебиеті арқылы әдебиеттану ғылымына енген жанр. Оны А.Байтұрсынов «ұзақ әңгіме» деп алса ,қазіргі қазақ әдебиетінде «хикаят», «баян» деп те жүр.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қасым неге күзді еске алып отыр?

  2. Алтын сыныптағы қандай қыз еді?

  3. Алтынға деген Қасымның балалық ғашық сезімі қалай көрінеді?

  4. Топқайың мектебі Қасымды қалай қарсы алды?

  5. Мұғалімі Алматай Қасымның әдебиетке қабілетті екенін қалай байқады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесін оқып,құрылысына қарай талдап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзаәлі «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты:

а) ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру;

ә) оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту;

б) сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу;

Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері,шығармалары , бүркіт жасы туралы плакат т.б

Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1. Қасым неге күзді еске алып отыр?

2. «Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деген қай шығарма?

3. Алматыға келгенде жазушымен кездесем деген үміті неге үзілді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Міне,балалар, адам тәлім мен тәрбиені тіл арқылы алады. Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін жетік білген халық.

Қазақ деп белі қайысқан ,қаңтарда туған қыран Қадыр Мырзаәлі 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түседі.

Қадыр Мырзаәлі-халық даналығының білгірі.

Жалпы Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын көз алдымызға елестету мүмкін емес.

(тақырып сөз)

А) Интервью

Қыран дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Ә) БҮҮ әдісі бойынша тірек сызбаның бірінші бөлігін толтыру.

1. Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар?

2. Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді?

Б) Қыранға қандай құстар жатады? (тақтаға іліп толықтыр)

В) Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:

1 жас-балапан; 2 жас- жас түбіт; 3 жас- жас тірнек; 4 жас- жас түлек; 5 жас- мұзбалақ;

6 жас – көк түбіт; 7 жас –қана.

Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.

«Рольдегі оқушылар»

Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «рольдегі оқушылыр» әдісімен жұмыс істейміз. Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды.

1-оқушы-мәнерлеп оқиды; 2-оқушы-мазмұнын айтады; 3-оқушы- көркемделген сөздерді табады; 4-оқушы- мағынасы түсініксіз сөздерді табады; 5-оқушы- жоспар (соңында)

Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.

«Мұзбалаққа» түсінік беру.

Екеуін салыстыру (4 қасиеті)

өжет қырағы осал жас

қайсар сақ тәжірибесіз аңғал

Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.

Білімді бекіту:

1. «Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?

2. Қыран неге намыстанады? (Қыран қартайсы тышқаншыл болады)

3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» ,қалай түсінесіз?

4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?

Соңғы сөзді мен айтайын (дәптермен жұмыс)

Қыранша өмір сүргенің-қандай бақыт,

Қандай бақыт - қыранша өле білген!

Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші,автор нендей ойды айтпақшы . (оқыту)

Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әріпі аса бір қайсарлықты, қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр. Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады. Бұл да оның киесін танытқандай.

Алтайдың «Ақиығы», «Ақшегір» деп атауы да тегін емес. Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы наз өнердің соңғы кезде біртіндеп сиреп бара жатқаны ,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз.

Керек десеңіз тәуелсіз еліміздің туында да осы қыран бейнеленген. Бұл еркін, ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен қатар қайсармыз,мәртпіз,намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.

Туымыз тұғырлы, еңсеміз биік болсын!

(кітап көрмесі туралы)

Табиғат ана осы құсқа қырағылық қасиетті аямай берген.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: C. Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту;

ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:білімді жинақтау,қорыту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,сайыстыру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында жазған ой тоғауды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Жусан иісі» повесінен үзінді оқып,алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр.

Ойын VII кезеңнен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]