Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-адебиет.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
862.21 Кб
Скачать

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»

А)

Қарт анасын

Жарын

Алаш елін

Сарыарқа жерін

Ә) Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар, а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп-сұр көр, ә

Тасбиқ санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрсе ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

Б) Өлең мазмұны

І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана

ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.

ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін.

Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.

Жар

Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.

Туған ел

Туған жер

ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай

Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы

ІІІ.Шығармашылық(әңгіме,өлең, сурет салу)

Топтастыру жүйесі:

Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау

Махаббат

Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев

«Толқын»

Сабақтың мақсаты:

а) М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақынның ішкі жан дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі,бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлеңінің бірі «Толқын «өлеңі

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен жұмыс: оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Шығармашылық жұмыс: Толқын көрінісіне суреттеме жазады және толқын көрінісіне сурет салады.

Пәнаралық байланыс: Өлеңнен бір-біріне қарама-қайшы сөздерді табады.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1 Толқын көрінісін беруде ақын қандай сөздерге, дыбыстарға сүйенеді?

2. «Мағжан –дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов

«Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе

Сабақтың мақсаты:

а) әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;

ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

б) табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген М.Жұмабаевтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

(Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?

Қоршаған орта

Табиғат

Халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

  1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.

  2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.

  3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

  4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

  5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.

( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)

Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)

Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.

Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді жыртқыш ит-құс бөрі

Қасқыр

Адам

ойлайды оқиды қомағай табиғат перзенті

перзент қоректенеді. Дала тағысы дала санитары

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?

1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр. Дала қасқыры мен кКөксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Толғаныс.Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр 2. Жыртқыш,қомағай. 3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4.Қасқыр-түз тағысы, перзенті. 5. Бөрі,көкжал.

1. Аңшы 2. Қырағы,сақ 3. Атады,көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады. 5. Мерген.

Шығармашылық жұмыс:Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.

  1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.

  2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

  3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.

  4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Көксерек-табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың мақсаты:

а) шығарманың мазмұнын талдай ртырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету;

ә) оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу;

б) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:сот сабақ

Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, айтыс,дәлелдеу т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, бүктеме,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар

Пәнаралық байланыс: тарих,жануартану

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?

2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?

3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.

«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.

1 Көксерек Қарадыр аулында.

2.Көксерек-түз тағысы

3. Жекпе жек.

«Көксерек»оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ. .

Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.

Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келеді» -бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.

Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:

1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді;

2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;

3) өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым

Екі куәгердің сөздері.

Ақтаушылардың қорытынды сөздері: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.

Адам,жануар –табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін,ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу,бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.

Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай,арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.

Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.

Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін аяқтадық.Жазушының «Көксерегі» -оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.

Үйге тапсырма:«Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау. Қорытынды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов

(1900-1973)

Сабақтың мақсаты:

а) С.Мұқанов өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын,жазушы,драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы туған.Ауыл молдасынан ескіше оқыған. Бала кезінен қисса-дастан,жыр,аңыздарды жатқа айтып өскен..

Тірек сызбамен жұмыс:

поэзиясы

прозасы

пеьсасы

« Шоқпыттың шаруасы»

« Сүт заводы»

« Қазақстан»

« Егістік»

« Жетім қыз үйінде»

« Балқаш»

« Теміртас»

« Менің мектептерім»

« Адасқандар»

« Ботагөз»

«Шоқан Уалиханов»,

«Аққан жұлдыз»

.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қандай поэмасын білесіңдер?

  2. Қандай газетте қызмет атқырған?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Сәбит Мұқановтың өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов

«Есіл бойында»

Сабақтың мақсаты:

а) әңгімені оқыта отырып, Есіл өңірінің көркін,жазушы суреттеген табиғаттың құбылыстары мен көріністерін мәтіннен тапқызып таныту;

ә) оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Кіріспе әңгіме. С.Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған кітаптағы үзіндіні оқытып, жазушыны танытамын,жазушы көрмесін көрсетіп әңгімелеу арқылы танымдарын кеңейтемін. Шыңғыс Айтматовтың жазушыға берген бағасын оқытып,оқушылардың өз пікірін тыңдаймын.

Келесі кезекте оқушылар назарын әңгіме тақырыбына аударып: «Есіл деген не, білесіңдер ме?» деген сұрақтар арқылы оқушыға ой салып , Қазақстан географиясымен байланыстырамын.

Мұнан кейін сыныпты үш топқа бөліп,мәтін бойынша тапсырмалар беремін. Әрбір топқа абзац бөлініп беріліп,нені қалай суреттелгендігін оқып жазу тапсырылды. Алдан ала қағазға Сағым,Есілдің шалғыны,жидегі,бүлдіргені, гүлі, тоғайы,Есіл, хорға қатысқан құстар деген сөздерді үлестіріп беремін. Оқушы жауабын сол сөздердің тұсына маркетпен жазып іледі. Моп-момын

Адамды қабықтай қалқытады.

Есіл салқындығы қандай

Мөлдірлігі қандай

Көркемдігі көзіңді қызықтырады

Иісі мұрыныңды қытықтайды

Мәтінде кездесетін оқушыларға түсініксіз кейбір сөздерді түсіндіруге болады.

Тоғай ішінде өсетін ағаштар: шілік, шеңгел, тал, долана, терек, үйеңкі,қайың,мойыл,қарақат,бүлдірген, жидек,тобылғы.

Құстар: аққу,қаз,шағала,қызғыш,үйрек,бұлбұл, сауысқан,қарға.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Өздері тұрған өлкеге, табиғат аясына саяхат жасап,табиғат көріністерін,құбылыстарын сипаттап жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов

«Саятшы Ораз»

Сабақтың мақсаты:

а) әңгімені оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны бағалай білуге баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Менің мектептерім», «Өмір мектебі» романдары жазушының өз өмірін, қоғамдақ өзгерістер кезеңіндегі өсу жолдарын көрсетеді.

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып беремін.

Кітаппен жұмыс: Әңгімеден Ораздың портретін тауып оқып береді.

Шығармашылық жұмыс: Кімнің аңшылық туралы өлеңдерін немесе әңгімелерін білесіңдер? Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде не туралы айтылатындығын әңгімелейді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазақтың құсбегілері қандай құстарды ұстап баптайтын?

  2. Оларды қандай аңдарға салатыны жайында не білесіңдер?

  3. Бұл шығармадан қандай-қандай суреттеулерді байқадыңдар?

  4. Саятшы Ораздың аңшылығымен қоса адамгершілігі қалай бейнеленген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов

«Ананың анасы»

Сабақтың мақсаты:

а) «Сөз зергері» аталған Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы туралы оқушылардың таным,білім көгжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру;

ә) оқушыларды мейірімділікке ,анасын сүйіп құрметтеуге,ананы сыйлап,қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;

б) оқушының өз бетінше салыстыра білу,зерттеу,қорытынды,тұжырым жасаудығы-машығын дамыту;

Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру,білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, кітаптары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақ сұрақ-жауап әдісімен басталады.

  1. Ғ.Мүсірепов туралы не білесің?

  2. Қандай шығармаларын білесің?

  3. Ғ.Мүсірепов кім?

Ана тақырыбына көп жазған драматург жазушы

әдебиеттанушы киносценарист

қоғам қайраткері көрекем сөз шебері академик

Мәтінді талдау.

  1. Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?

  2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

  3. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?

  4. Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?

  5. Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?

Табиғат дегеніміз не? Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шығарманың құрылысы.

Басталуы Байланысуы Шиеленісуі Шарықтау шегі Шешімі

1. Әңгіме қалай басталады? 2. Әңгіме қалай байланысады?

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталды?

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім? 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Міне,осындай оқиғаларды бір-бірімен байланысып жатқан шығарманы қандай шығарма дейміз?

Мәтінмен жұмыс:

І топ.Шығарманың ішіндегі диалогты тап

ІІ топ.Әңгімедегі сөз айшықтарын тап. Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер? Ана Жалпақты қалай тоқтатады? Қандай күш? (дәптерлеріне жаздыру)

Баласын жақсы көруі

Ананың махабаты ерекше нәзік сезім

Балаға деген жүрек жылуы

Жылы сөзі

Ананың тілі еркелетіп айтуы

Мейірімді сөйлеуі

1. Дүниеде не қымбат? 2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?

3. Ананың махаббаты қандай? 4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?

5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?

Ендеше, балалар, дүниеде екі ана бар. Бірі-табиғат ана,екіншісі-адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?

І топ.Топтастырыңыз және 5 жолдық тұжырымдама жазыңыз.

Өз анамыз Жер-Ана

Су-Ана Ауа-Ана

Отан –Ана

1. Зат есім (бір сөз) -Ана

2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор

3. Етістік (үш сөз) –мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.

4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде

5. Түйін сөз (бес сөз) –Ана-ақылшың,ұстазың, досың,қамқоршың.

ІІ топ.Ана туралы мақал-мәтел жазайық немесе «Әлемдегі асыл жан» деген тақырыпқа ой-толғау жазайық.

Қорытынды:Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп,асырап-бағып жеткізген ата-анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз,аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап,мәңгілік қамқор болып өтіңдер.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыфра отырып шағын шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы»

әңгімесін оқыту

Сабақтың мақсаты:

а) әңгімені оқушыларға оқыта отырып, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтар мен қолданысын оқыту;

ә) оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға,ой ұшқырлығына баулу;

б) адамгершілікке,инабаттылыққа,Отанын сүюге,ата-анасын ардақтауға баулу;

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, қанатты сөздер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне тоқталып болған соң, оқушыларды үш топқа бөлеміз. Топтастыру әдісі- оқушыларды еркін ойлауға,бірінің ойын бірі толықтыруға, қалыс қалмай бірдей сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады.

І кезең. Оқушылардың назарын тақтада көрнекілікте ілініп тұрған суреттерге аударамыз. Онда найза,қылыш, садақ, торсық т.б заттардың жартысы ілінген,ал жарты бөлігі оқушылардың қолына таратылып беріледі.

Мұражайдың іші үш бөлмеден тұрады. Жарты болып тұрған заттарды бүтіндеуге мына үш сұрақ төңірегіндегі ой қозғалады.

Бірінші топқа: Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны.

Екінші топқа: «Ананың анасы» әңгімесіндегі кейіпкерлерге сипаттама

Үшінші топқа: Әңгіме желісін баяндау.

Әрбір топтың жеке-жеке оқушысы қима қағазға жазылған өз ойларын дауыстап оқып,мұғалімнің қолына береді. Мұғалім тақтадағы көрнекілікке жартысын бүтіндеп жабыстырып отырады. Мұражайдағы заттардың барлығы толығымен бүтінделеді.

ІІ кезең «Менің пікірім»

Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады. Бірінші бәйтерекке «Ана», екінші бәйтерекке «Жалпақ батыр»,үшінші бәйтерекке «Қоғам» деген жазу жазылады.

Оқушыларға тапсырма беріледі. Топтастыру әдісімен байланыстырып,әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен бірге бөліп беріледі.Оқушылардың міндеті-әңгімедегі сөздерді сұрыптап алып,жазушының шеберлігін көрсету.

Ана: қайратты,шешен,әке-шешесінен айырылған,күңдікке сатылған,жылқы баққан т.б (әке-шешеден айырылған әңгімеден үзінді): Әкем арбасын жөндеп,шешем көжесін қайнатып жатыр еді, он шақты салт атты сау ете түсті:

-Жігіттер, жол болсын!-деп,қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді....

Жалпақ батыр: Батыр,ақылды, қара күш иесі,мейірімді,тәуелді, т.б (әңгімеден үзінді):

-Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді?-деп сұрайды батырдан.

-Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді жалпақ балуан.

-Ендеше, жылқы да ал деме,атыңды да берме, саған ере алмаймын да, сен де еркіңнен айырыласың, не байдың,не бидің сойылы болып қаласың.

Қоғам: Халықты байлар басқарған,шешімді би берген, сөзге тоқтам салынған,жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (әңгімеден үзінді):

-Бірің жылқышы, бірің сауыншы болып жүре тұрыңдар, кейін босатармын,-деп еді Сарыбай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы алдарыңда отырған. Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін...

ІІІ кезең. «Ой толғам»

Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын,салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттаңыз.

Қорытынды: Қағаз таратылып уақыт белгіленеді әр топтың оқушылары жеке-жеке тұрып жазғандарын оқиды.

Білемін

Білгеніме сәйкес келмейді

Жаңа нәрсе

Тереңірек білгім келеді.

Ғ.Мүсіреповтің жазушы екенін білемін.

Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап,ат шаптырғанды,бас бәйгеге құл бастаған тоғыз,бас балуанға күң бастаған тоғыз тігіпті.

Сауға,сергелдең,барымта, күң, құл сөздерінің мағынасын түсіндім.

Осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ана-көзді бұлақ» тақырыбына шығарма жазып келу. Қосымша тапсырма: тарихи шындықта баяндалатын қазақтың салт-дәстүрлері (құл бастаған,күң бастаған тоғыз,барымта,сауға) жайлы мағлұмат біліп келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов

«Өзім туралы»

Сабақтың мақсаты:

а) Қ.Аманжолов өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Туған халқының сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгі орын тепкен Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келіпті.

Тірек сызбамен жұмыс:

Өлеңдері

Поэмалары

«Сарыарқа», «Ертіс», «Жайық», «Орал», «Мен табиғат бөбегі»

«Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпиы қыз», «Бикеш», «Естай-Қорлығайын»

«Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Топпен жұмыс: 1-топ. Екінші,үшінші бағанларды толтырыңдар.

Негізгі мәселелер

шумақтар

тармақтар

Өзі жайлы

Өмір мен өлім туралы

Ақындық,оның мақсаты

Болашаққа өсиет

Туған ел,туған жер туралы

2-топ. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасаңдар.

Теңеу: ...............

Эпитет: .............

Метафора: .................

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы толғаған ба?

  2. Өзі арқылы тағы қандай мәселелерді көтерген?

  3. Қалай ойлайсыңдар өлеңде қандай көңіл-күй басым?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов

«Өзім туралы»

Сабақтың мақсаты:

а) Қ.Аманжолов өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, портреті ,үнтаспа т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Қ.Аманжолов «Өзім туралы» мәнерлеп оқу. «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!».

Эссе жазу.

Актуальдау. Сонымен,балалар, өлең кім туралы? Қасым тек қана ақын болып қойды ма?

Қажырлы,қайратты, тік мінезді азамат жауынгер

Қасым

Сазгер

Өртке тиген дауылдай ақын қоғам қайраткері

Ендеше,балалар, біз бүгін Қасымның майдандағы сұрапыл соғыста хас батырдың ерлігін жырлайтын үлкен шығармасымен танысамыз.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Үнтаспадан «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді тыңдаймыз.

Поэма тақырыбы ерлік жайында.

Идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу,туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігі.

Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді?..

Кімнің ерлігі суреттеледі?...

Абдолла Жұмағалиев –соғыс даласында қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны. Дамыту. Оқушыға оқыту.

өжет ержүрек

қайсар батыр

Жырдан Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу.

Абдолла

Бомба бол да жарыл жүрек, қыран құс, асқар тауым, арыстанның ашуы, жолбарыстың жүрегі, намысты ұлан

Бекіту.Венн диаграммасы

Қасым Абдолла

Соғыстан жаралы оралды Өмір мен өлімді жеңеді

Білімді бекіту: Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ,азат елін,жерін қорғау,күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында ғана емес,бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады. (өмірмен байланыстыру)

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын мәнерлеп оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.

II Негізгі бөлім:

а)

ә)

III Қорытынды.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, сызба-нұсқаулар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар, біз қазақ әдебиетін нешеге бөлеміз?Мына сызбаға қарап ойларыңды жеткізіңдер.

Қазақ әдебиеті

Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиеті

Әлем әдебиеті

Әдебиет теориясы бойынша жұмыс жүргізу:

Кез-келген шығармаларды оқып,оны композициялық құрылысына қарай талдап,ондағы метафора,эпитет,теңеулерді табады.

Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?

  3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

  4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі:тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

А) батырлар жыры Ә) ғашықтық жыры Б) аңыз әңгіме

2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім?

А) Абай Құнанбаев Ә) А.Байтұрсынұлы Б) Сәбит Мұқанов

3. Абай қай жылы туған?

А) 1835-1906 ж. Ә) 1855-1909 ж. Б) 1845-1904 ж.

4. «Әнші» әңгімесінің авторы кім?

А) Ж.Аймауытұлы Ә) С.Торайғыров Б) С.Мұқанов

5. «Қоштасу» халық поэзиясының қай түріне жатады?

А) мұң-шер Ә) тұрмыс-салт Б) төрт түлік

6. «Өткен күндер» жинағының авторы кім?

А) Б.Майлин Ә) С.Сейфуллин Б) І.Жансүгіров

7. «Қыз Жібек» операсын жазған кім?

А) М.Төлебаев Ә) Б.Майлин Б) Е.Брусиловский

8. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?

А) М.Дулатов Ә) Ш.Құдайбердіұлы Б) Ж.Аймауытұлы

9. Қазақ тіл білімінің атасы кім?

А) М.Жұмабаев Ә) М.Мақатаев Б) А.Байтұрсынұлы

10. М.Дулатұлының «Оян қазақ!» атты жинағы қай жылы жарық көрді?

А) 1904 ж. Ә) 1909 ж. Б) 1908 ж.

11. «Көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Жұрт асырауға көнеді десті» деген жолдар қай әңгімеден алынған?

А) «Көксерек» Ә) «Есіл бойында» Б) «Саятшы Ораз»

12. Ғ.Мүсіреповтің әңгімесін ата.

А) «Әнші» Ә) «Ананың анасы» Б) «Бандыны қуған Хамит»

13. С.Сейфуллин қай жылы туған?

А) 1894-1938 Ә) 1856-1931 Б) 1885-1935

14. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

А) махаббат лирикасы Ә) саяси-әлеуметтік лирика Б) табиғат лирикасы

15. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?

А) әншілер Ә) билер Б) жазушылар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:Қайталау

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту;

ә) оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтыру;

б) адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге ,оны қорғауға баулу;

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, ,ой қозғау, салыстыра баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қасиетті қазақтың даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелген. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Ә.Тәжібаев ағамыздың өміріне , «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

1.Сабақтың мақсатын айту.Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]