Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-адебиет.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
862.21 Кб
Скачать

VI.Тақырыпты бекіту кезеңі.

1.Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан.Ол әнді сүйіп өсті,өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес.Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы шығармашылығының өзегі. «Әнші» әңгімесі жазушы ұлылығының айғағы десек те болады.

2. Әміре Қашаубаев - ән асқары,қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті.Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты.Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.

VII. Түйін жасау.

  1. «Әміре жайлы лебіздер» жинақ кітапшасымен жұмыс. Р.Роллан,А.В.Затаевич,А.В.Лунчарский,А.Барбюс,Ғ.Мүсірепов сөздерімен таныстырдым.

  2. Жинақтау плакатын толтыру.

Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген плакат ілінеді.Плакатқа 5 жұлдызды орналастырамын әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған.Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып,сабақты аяқтаймын.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың мақсаты: 1) шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2) оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу; 3) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сот сабақ

Сабақтың әдісі. Сұхбаттасу (қаралаушы,куә,күнәқар),айтыс,дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс: жануартану.

Көрнекілігі: Мұхтар портреті,бүктеме,нақыл сөздер,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысын,мақсатын түсіндіру.Сот,адвокат,прокурор,куәгер сөздерінің мағынасына тоқталу,ашу.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өміріне шолу жасайық.

Топтастыру әдісімен.

Мұхтар Әуезов кім?

Мұхтар Әуезов туралы суреттермен жұмыс.

Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.

Ребус шешу.

Сұрақ-жауап

  1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?

  2. «Көкерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?

  3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.

«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.

1.Көксерек Қараадыр аулында.

2.Көксерек түз тағысы.

3. Жекпе-жек.

Негізгі бөлім

«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Сот төрағасы сот үдерісін ашық деп жариялайды.

Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

Ақтаушылар Көксеректің ауыл иттерінен,ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,оларды соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп,адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады.Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл – табиғаттың заңы.Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар.Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де,бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті.Себебі ол – қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті.Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушы өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп,оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар. Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.Себебі ол – тағы.Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады.Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап,жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келді» - бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес», «татулық жоқ,суық», «көксерек оңашада,елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді.Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес,қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән,мінезіне тән әрекет жасады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімессін аяқтадық.жазушының «Көксерегі» - оның ең таңдаулы шығармалардың бірі.

Үйге тапсырма: «Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау.Қорытынды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Cабақтың тақырыбы: «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты: білімділік – ақынның өзіндік мұратын таныту, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік – автор поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,табандылыққа тәрбиелеу; дамытушылық - оқушының сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын және ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қасым Аманжолов шығармалар жинағы (3-том), интерактивті тақта,теледидар,бүктемелер.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру: амандасу,сынып тазалығын тексеру,оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау. «Өзім туралы» өлеңін жатқа сұрау.Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы,өлең құрылысына талдау.

Жаңа тақырыпты игеру. Тақырыпты меңгертпес,түсіндірмес бұрын оның «Туған жер» әні (клипімен) тыңдалады.

Ақын өлімі туралы аңыз

Тақырыбы: ерлік пен батырлық.

Идеясы: Абдолла ерліктерін суреттеу арқылы келешек ұрпақты отансүйгіштікке,ерлікке баулып жігерлендіру.

Алғашқы аты : «Абдолла» (1943ж.)

Кейіпкері : Абдолла Жұмағалиев.

Жанры : поэма.

Жау қоршауында жалғыз қалып арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі.Ол соңғы гранатын немістерге лақтырады да,ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады.

В.Григорьев.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлең негізінде екі түрлі үлгіде жазылған: жалпы жауынгерлерге тән сипатты біріктірген жиынтық бейне және нақты аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады.Бұл жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады.Поэма Абдолла өмірінің соңғы кезеңдерін суреттеуге құрылған.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығарманың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы,қаһарлы кекке,жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

талантты

жас

ақын

өршіл

ержүрек

Прометей

кейіптес

өлеңдерінде Лермонтов пен Байрон поэзиясының сарыны бар

Поэзия тілі

Айнала жау ырсыл қағып, а

Айдаһардай ктерді бас. б

Кетті ілезде қызып,жанып а

Дүниедегі бір ұлы айқас. б

Зілзәла боп жер мен аспан, а

Соқты ұйытқып оқ бораны. б

Қан кілкіте қара тастан, а

Түрткіледі кең даланы. б

Қорытынды.

Көк жүзінде көк жұлдыз бар,

Бірі сөніп,бірі қалар.

Кейде жылы,кейде ызғар

Табиғаттың күні болар.

Күндер шіркін өте берер

Зырлап,зулап,асыр салып.

Ақын даңқы кете берер,

Алар оны ғасыр танып.

Сырбай Мәуленов.

Үйге тапсырма: поэманы оқу,үзінді жаттау,Абдолла Жұмағалиев туралы материалдар жинау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]