Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

1967 Жылғы Стокгольм конференциясы.

Берн конвенциясын өзгерткен және толықтырған конвенциялар арасында 1967 жылғы Стокгольм конференциясы ерекше орын алып отыр.

Сол уақыттарда халықаралық аренада көптеген дамыған мемлекеттер пайда болды. Олар өздеріне қажетті ғылым және мәдениет туындыларына неғұрлым еркін қол жетулері үшін, Берн конвенциясындағы авторлық құқықты қорғау деңгейін төмендетуге тырысты. Ұзаққа созылған күрделі конференцияның нәтижесі болып дамыған мемлекеттерге одан бұрын болмаған артықшылықтар беретін хаттаманың жасалынуы болды.

Оған қоса, бұл хаттамада бұрын болмаған авторлық құқыққа байланысты жаңа ұсыныстар енгізілді.

Стокгольм конференциясында қабылданған елеулі өзгерістер қатарына келесі ережелерді жатқызуға болады:

  1. Конвенцияны іске асыру критерийлерін жетілдіруі;

  2. Пайда болу мен жариялау мемлекеттері түсініктерін анықтау;

  3. Көшірмелеу құқығын тану;

  4. Кинематографиялық және оған теңестірілген туындылардың ерекше режимін бекіту (телефильм, т.б.);

  5. Автордың жеке құқықтар шеңберін кеңейту;

  6. Конвенция тұңғыш рет фольклор туындыларына қорғауды бекіту туралы ережені бекітті.

Бірақ, батыс мемлекеттердің ірі баспа монополиялары мен фирмаларының мүддесін қорғайтын саясатының нәтижесінде бұл хаттама күшіне енбей қалды.

Париж конференциясына келген келісімнің нәтижесінде (1971 ж.) дамушы мемлекеттерде оқу және ғылыми мақсаттарында аударымды әдебиеттің таралуын жеңілдететін кейбір ережелер Берн конвенциясына енгізілген1.

Ә) «Американаралық конвенциялар»

Көптеген мемлекеттердің басын қосқан Берн одағы авторлар және бұл салада істейтін кәсіпкерлер құқықтарын қорғайтын мықты әрі берік халықаралық құрылымға айналды. Бірақ, оны бүкіл әлемдік деп атауға болмайтын еді. Бұның себебі, Берн одағымен қатарлас авторлық құқықты қорғайтын басқа мемлекетаралық одақ дамыды.

Бар шамалы өзгешеліктерге қарамастан, Берн және американ авторлық құқықты қорғау жүйесінде елеулі келіспеушіліктер жоқ.

Авторлық құқықты қорғаудың американаралық жүйесінің негізінде 1889 жылы Монтевидеода жасалынған «көркем және әдеби меншік туралы» конвенция болды.

Оған қоса, келесі конвенциялар қабылданды:

  • Көркем және әдеби меншікті қорғау туралы конвенция (Мехико, 1902 ж.);

  • Әдебиет пен көркем меншігін қорғау туралы конвенция (Рио Де Жанейро, 1906 ж.);

  • VІ Американдық конференциясында қайта қаралған көркем және әдеби меншікті қорғау туралы конвенция (Гавана, 1928 ж.);

  • Әдеби, ғылыми және көркем туындыларына авторлық құқық туралы Американаралық конвенция (Вашингтон, 1946 ж.).

Аталған барлық конвенциялардың басты кемшілігі – АҚШ-тың жоқтығы. АҚШ 1946 жылғы Вашингтон конвенциясын әзірлеуге белсенді түрде қатысқанымен, оны өзі ратификацияламады. Мүмкін, АҚШ авторлық құқықты қорғауға байланысты ыңғайлы шарттарды қамтамасыз ететін өзінің ішкі ұлттық заңнамасын өзгерткісі келмеуі бұған себеп болған болар.

Екі одақтың қатысушы мемлекеттері екі одақты біріктіру жөніндегі өздерінің мүдделерін білдірген. Осыған байланысты 1928 жылы Рим конференциясында сөз қозғалған еді. Бұл ұмтылыс Ұлттар Лигасының ІХ сессиясының шешімдерінде көрініс тапты, оларға сәйкес Берн мен Американ жүйелерін біріктіру арқылы авторлық құқықты халықаралық қорғау туралы біркелкі келісімді жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарастыру жұмыстары басталды.

1934 жылғы Ұлттар Лигасының ХV сессиясы екі конвенцияны біріктіру (Гавана мен Рим) немесе бар екі конвенцияның орнына келетін жаңа бір конвенцияны құру мақсатында 2 жүйені бірдейлендіру үшін қолданылған күш салулармен ерекшеленеді.

Берн одағының атқарушы органы конвенциялар арасындағы бар кемшіліктерді ескере отырып, олардың бірікітірілуі мүмкін емес деп саналды. Сондықтан Гавана мен Рим конвенциялар ережелерін басшылыққа алатын жаңа конвенцияны құруға тура келді. Кейінірек, бұл келісімнің жобасы құрылды. Бірақ ІІ Дүниежүзілік соғыс басталғандықтан жаңа конвенцияны құру мүмкін болған жоқ.