Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

А) «Берн» одағы.

«Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» 1886 жылғы Берн конвенциясы.

Авторлық құқықты қорғауға байланысты мұқият жұмыс 1858 жылы Брюссель қаласында әдебиет және өнер туындылары авторларының конгресінде басталды. Кейін бұл жұмыс Антверпен (1861 және 1877 жылдар) және Париж (1878 жыл) конгрестерінде жалғасты. Ал 1883 жылдан бастап жұмыс Бернде жалғасып, 1886 жылы 3 дипломатиялық конференциядан кейін «әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» Берн конвенциясы атағына ие болған халықаралық келісім жасалынды. Бұл келісімге 10 мемлекет қол қойды: Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Либерия, Гаити, Тунис, Франция және Швейцария. 1887 жылдың қыркүйегінде аталған мемлекеттер делегаттары (Либерияны қоспағанда) ратификацияланбаған грамоталармен алмасты және конвенцияның 20-бабына сәйкес ол 3 айдан кейін, яғни 1887 жылдың 5 желтоқсанында күшіне енді.

1886 жылғы Берн конвенциясы негізгі материалдық құқықтық нормаларымен қатар әкімшілік ережелерімен де қамтылған. Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы авторлық құқық иелеріне қорғаудың неғұрлым төмен режимімен қамтыған жағдайда, бұл конвенция ережелерін сол мемлекет заңнамасына енгізу міндеті жүктелді.

Бұл конвенциядағы маңызды ережелерінің бірі – авторлық құқық иелері шетел мемлекетінде құқықтық қорғау іздесе, белгілі бір формальдылықтарды орындамау мүмкіндігі беріледі, егер де бұл шарттарды өз мемлекетінде, яғни тұңғыш жарияланған жерде орындаған болса (2-3 баптар).

Сонымен қатар, 1886 жылы қатысушы мемлекеттерден Берн одағын құру жөніндегі шешім хабарланды және де бұл одақтың халықаралық бюросы сайланды. Жаңа мемлекеттердің қосылу тәртібі қарастырылды. Оған қоса, қосымша бап және түпкілікті хаттама қабылданды. Қосымша бап авторлық құқық қорғалынуының неғұрлым жоғарғы деңгейін қамтыған барлық екі жақты шарттарды күшінде қалдырды. Ал хаттамада конвенцияның кейбір жағдайларына түсініктеме берген болатын.

1896 Жылғы Париж конференциясы.

1896 жылдың 15 сәуірінде Париж қаласында 1886 жылғы конвенцияға өзгерістер енгізу үшін бірінші конференция өтті. Сол уақытқа таман конвенцияға тағы 4 мемлекет қосылды: Люксембург (1888 ж.), Монако (1889ж.), Черногория (1893ж.) және Норвегия (1896 ж.). Бұл конференцияға қатысушы мемлекеттерден басқа 14 мемлекеттен бақылаушылар қатыстырылды: Аргентина, Болгария, Боливия, Бразилия, Дания, Гватемала, Греция, Колумбия, Мексика, Перу, Португалия, Румыния, АҚШ және Швеция.

1896 жылы жаңадан енгізілгендерінің қатарына конвенцияға «жариялау» деген түсініктің енгізілуі және де бұл түсінікке «көшірмелерді шығару» деген анықтама беруі. Осылайша, драмалық, музыкалық туындыларды, өнер туындыларын көрмелерде көрсету немесе орындау жариялау терминімен сәйкес келмеді. Сонымен қатар, маңызды өзгерістерінің қатарына – конвенцияның 3-бабына енгізілген анықтаулар болды, оларға сәйкес, авторы Берн одағының емес, басқа бір мемлекеттің азаматы болса да, оның туындысы қатысушы мемлекетте тұңғыш рет жарияланған болса, мұндай туындыға да құқықтық қорғау берілген. Осылайша, аумақтық принцип өзгеріссіз қалды, бірақ та мұнда ерекше көңіл бастырып шығарушыдан туынды авторына аударылды.