Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

1908 Жылғы Берлин конференциясы.

Берн конвенциясының дамуының келесі кезеңі – 1908 жылғы Берлин конференциясы болды. Сол кезде конвенцияға тағы да 4 мемлекет қосылды : Жапония (1899ж.), Швеция (1901ж.), Дания (1903ж.) және Либерия (1908ж.). Бұл конференцияға қатысушы мемлекеттерден басқа 19 мемлекеттен жіберілген делегаттар қатысты. Жаңа редакция 30 бабтан тұрды және келесі 4 мәселеге қатысты болды:

  1. 1886 жылғы конвенция бірінші жариялаған мемлекетте көзделген шарттар мен формальдылықтарды орындауына байланысты авторлық құқықтық қорғау берді. Берлин конференциясында бірінші жарияланған мемлекетте формальдылықтар бар болса да, мұндай барлық шарттардан бас тарта алу мүмкіндігі жөнінде келісілді.

  2. Берлин конвенциясының мәтінді қорғалатын объектілер тізімін нақтылады және кеңейтті, оған хореография, пантомима, кинематография, фотосурет және архитектура туындылары қосылды.

  3. Аудару құқығын реттейтін ережелер кеңейтілді. Берлин конференциясы ешбір шектеусіз оның жарамдылығын авторлық құқықтың бүкіл мерзімі бойы таниды.

  4. 1908 жылғы конференция авторлық құқықтың қорғау мерзімін автордың өмір бойы және қайтыс болған сәтінен 50 жыл көлемінде белгіледі. Бірақ бұл ереженің міндетті күші болған жоқ. Ұлттық заңмен бұдан ұзақ немесе қысқа мерзім көзделсе, бұл конвенцияның ережесі қолданылмауы мүмкін.

Сонымен қатар, 1908 жылғы конференцияда авторға өзінің жұмысын ұсыну және жариялау киноматография арқылы жүзеге асыру құқығы берілді.

1914 Жылғы Қосымша Берн хаттамасы.

Бұл уақытқа таман конвенцияға тағы 2 мемлекет қосылды: Португалия (1911ж.) және Нидерланды (1912ж.).

Ұлыбританиямен ұсынылған 1914 жылғы қосымша хаттаманың мақсаты – конвенциямен бекітілген кейбір режимдерді шектеу. Мұнда конвенцияның келесі мәтіндерінде көрініс тапқан «клаузула о репрессалии» құрылған. Клаузулаға сәйкес – қатысушы мелекеттерге олардың аумақтарында тұрмайтын авторларға олардың авторлық құқығын қорғауын шектеу мүмкіндігін берді.

Бұл ереже тәжірибеде тек бір-ақ рет қана, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания өзі соғыс жағдайында болған мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылған болатын.

1928 Жылғы Рим конференциясы.

1914 жылдан 1928 жылға дейінгі уақыт аралығында конвенцияға келесі мемлекеттер қосылды: Австрия, Болгария, Бразилия, Венгрия, Греция, Ливан, Марокко, Польша, Румыния, Сирия, Чехословакия, Эстония сонымен қатар тәуелсіздік алған Ұлыбритания доминиондары: Австралия, Ирландия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы.

Рим конференциясы ХХ ғасырдың басына тән бұқаралық ақпараттар құралдары және коммуникациялар дамуының кезеңінде өтті.

Бұл конференцияға сәйкес, енді авторлардың құқықтары – туындыларын радио арқылы трансляциялағанда да қорғалды. Қорғалатын объектілер шеңбері кеңейді. Конвенцияның 2-бабында көзделген объектілер қатарына – ауызша әдеби шығармалар кірді (дәрістер, сөз сөйлеу т.б.). Бірақ та, қосымша бапта мемлекеттерге объектілер қатарынан заңшығарушылық немесе қоғамдық жиналыстарда немесе соттарда айтылған саяси баяндамалар, мәлімдемелер толық немесе ішінара алып тастау құқығы берілді.

1948 Жылғы Брюссель конференциясы.

ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада халықаралық авторлық құқыққа байланысты жұмыстар жаңғыртылды . Берн конвенциясы 1984 жылы Брюсселде қайтадан өзгерістерге ұшырады.

Конференцияның басты мақсаты – ұлттық заңдар мен конвенция ережелерін неғұрлым бірдейленуіне жеткізуге ұмтылу, сонымен қатар ғылыми техниканың жаңа даму шарттарын ескеру.

Конвенция қолдану ережелерінің бірдейлігін оның ұлттық заңдардан басымдылық қағидасы арқылы қол жеткізілді.