Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15-30_ek_t_1.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
179.01 Кб
Скачать

3. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар

Өндіргіш күштер- бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

  1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

  2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Өндірістік қатынастар — өндіріс,бөліс,айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар.

23-Билет

1.Жетілмеген бәсекелі нарық теориясы және тәжірибелік рөлі.

2.Меншік объектілері мен субъектілері

3.Өндіріс және ұдайы өндіріс

1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

  1. Бәсеке даму сипатына қарай:

    1. Жетілген бәсеке

    2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Монополистік бәсеке нарығы.

Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі:

  • Фирмалардың салыстырмалы көп саны;

  • Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді;

  • Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі;

  • Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б.

Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді:

  • Сапасы жағынан;

  • Қызмет көрсету жағынан;

  • Фирманың орналасуы жағынан.

Таза монополия.Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері:

  • Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады;

  • Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады;

  • Монополист бағаға толық бақылау жасайды.

Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

  2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

  3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

Шоғырланудың бағыттары

Көлденең Тікелей Диверсификация

Бір саладағы компания-лардың бірігуі немесе әлсіз кәсіпорындарды күшпен тартып алу

Орта технология арқылы әртүрлі саладағы фирмалардың бірігуі

Технология жағынан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі

Монополияның ұйымдастыру формалары:

  1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу

  2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

  3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.

  4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .

Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады.

Олигополистік нарық.

Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады.Стандартты олигополиядаауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б. Дифференциалды олигополиядатұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]