Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15-30_ek_t_1.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
179.01 Кб
Скачать

2.Монетарлық саясат және оны іске асыру мәслелері

Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңца тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мелшерлемесінің төмендеуі байқалады.

3. Қоғамдық өндірістің құрылымы.Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.

  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс

Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б.

Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

21-Билет

1.Қазақстандағы фирмалардың ұйымдық- құқықтық түрлері.

2.Дағдарыс және оның түрлері

3.Өндіріс және өндіріс процесі дегеніміз не?

1. Фирмалардың үжымдық-құқықтық түрлері.

Мемлекеттік кәсіпкерлік -әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі.Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;

- бизнес көлемінің шектелмеуі;

  • қатаң бағамен шектелмеуі.

Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады. Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]