Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15-30_ek_t_1.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
179.01 Кб
Скачать

19- Билет

1.Трансакциондық шығындар теориясы.

2.Монетарлық теорияның экономикалық саясаттағы рөлі.

3.Экстенсивті және интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс

1. Трансакциондық шығындар теориясы

Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар «трансакциондық шығындар» деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Р.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:

2. Монетарлық теорияның экономикалық саясаттағы рөлі

Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі.

3. Экстенсивті және интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

  1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияныжетілдірунәтижесіндедамиды.

  3. Аралас - өндірісфакторлардың сан жағынанмолаюыжәне техника мен технологияныжетілдірунәтижесіндедамиды.

20БИЛЕТ

1.Кәсiпкерлiктiң мәнi және үлгiлерi.

2.Монетарлық саясат және оны іске асырудың мәселелері.

3.Қоғамдық өндірістің құрылымы.

1. Кәсiпкерлiктiң мәнi және үлгiлерi.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын қызметі. Тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады. Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды.

  2. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу – сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.

  3. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.

  4. Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

  5. Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

Мемлекеттік кәсіпкерлік -әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі.Жеке кәсіпкерлік- бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;

- бизнес көлемінің шектелмеуі;

  • қатаң бағамен шектелмеуі.

Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез-келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады. Толық серіктестік – мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.

Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.

Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]