Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

6.6. Бетонның берiктiгiн анықтау

Сығуға бетон берiктiгi МСТ 10180-90 сәйкес текше, цилиндрлер не арқалық жартысы түрiндегi нұсқаларды сынаумен анықталады. Сынау алдында нұсқаның орташа жұмыс ауданы, см2, анықталады және текше-нұсқа бүйiр қырымен престiң төменгi таяныш тақтасына орнатылады. Престе сынағанда текше-нұсқа күш өлшегiш тiлiнiң көрсетулерiн бақылап, оның толық қирауына дейiн үздiксiз және бiркелкi жүктеледi. Сынау барысында жеткен ең үлкен күштi қирату жүгiнiң шамасына ( Р ) қабылданады және әр нұсқау үшiн берiктiк шегi мына формула бойынша есептелiнедi, кгк/см2 (МПа).

R = Р/ F,

мұндағы Р - қирату жүгi, кгк;

F - орташа жұмыс ауданы, см2.

Келтiрiлген бетон берiктiгiн есептеу формуласын 150мм қырлары бар негiзгi текше-нұсқаларға қолдануға болады. қырларының ұзындығы 70, 100, 200, 300 мм текшелердi сынағанда формулаға «α» коэффициентi енгiзiледi, оның мағыналары 6.6 -кестеде.

R = α Р/ F

Сығуға бетон беріктігі үш нұсқалардың сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық ретінде 0,1 МПа дейін дәлдікпен

Егер нұсқалар 28 тәуліктен кем не артық жаста сыналатын болса, бетонның күтетін беріктігі мына формуламен анықталады

R б28 = R бn ĺq 28 / ĺq n

мұндағы R б28 - 28 тәулік жастағы бетон беріктігі;

R бn - “n” тәулік жастағы бетон беріктігі;

ĺq 28/ ĺq n – 28 и “n” сандарының ондық логарифмдері.

6.6-кесте

Значения коэффициентов размера образцов

Нұсқалар пішіні мен өлшемі, мм

Коэффициенттер мағыналары

Қырлы текшелер

70

0,85

100

0,95

150

1

200

1,05

300

1,1

Әдеттегі жағдайларда қатқан (қоршаған ауаның температурасы +20±20С және орта дымқылдығы 90% кем емес) қыры 150 мм текше нұсқаларының беріктігі бойынша бетон маркасы белгіленеді. Марка ретінде алынған беріктікпен салыстырғанда ең жақын кіші шама қабылданады

Мысалы: Rбсығ = 18,9 МПа – М = 150 ,

Rбсығ = 14,1 МПа – М = 100 ,

Rбсығ = 20,8 МПа – М = 200 .

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

  1. Тығыздығы, байланыстырғыш түрі, толтырғыштардың ең үлкен ірілігі, сығуға беріктігі, аязға төзімділігі, атқаратын міндеті бойынша бетондардың жіктеуі.

  2. Бетон қоспасын бекітетін суға және бетонды күтуге қойылатын талаптар

  3. Ауыр бетонға арналған құмға қойылатын техникалық талаптар.

  4. Бетондағы байланыстырғыш шығынына құмның түйір құрамының ісер етуі

  5. Бетон қоспасының және бетонның қасиеттеріне құмдағы органикалық, балшық және күлдей қоспалардың әсер етуі.

  6. Құмның дымқылдығы оның тығыздығына әсер етуі.

  7. Түйір құрамы, қоспалар бар болуы, түйірлер бетінің өзгешелігі, беріктігі бойынша толтырғыштың ірілік сапасын бағалау

  8. Бетонды қатайтатын үдеткіштер.

  9. Бетон қоспасының және бетондардың қасиеттеріне үстінгі-белсенді қосымшалардың әсер етуі. Олардың экономикалық тиімділігі.

  10. Бетон қандай қасиеттермен сипатталады.

  11. Бетон беріктігіне әсер ететін факторлар.

  12. Сұйықтықтар мен газдарға арналған бетонның тығыздығына және өткізбеушілігіне әсер ететін факторлар.

  13. Бетонның аязға төзімділігі

  14. Бетонның отыруы және ұлғаюы.

  15. Бетон каррозиясы және бетон қасиетіне оның зиянды әсер етуіне қарсы қорғаныш шаралары.

  16. Бетон қоспасы қандай қасиеттермен сипатталады? Оларды анықтау тәсілдері.

  17. Бетон қоспасының жылжымалылығына әсер ететін факторлар.

  18. Бетон құрамын қалай жобалау керек?.

  19. Құрастырушы материалдарды дозалау және бетон қоспасын дайындау.

  20. Бетон қоспасын тасымалдау.

  21. Бетон қоспасын төсеу және тығыздау тәсілдері.

  22. Бетонның қатуы, оны күту, сапасын бақылау.

  23. Қыста бетондаудың тәсілдері және ерекшеліктері.

  24. Гидротехникалық бетон. Шикізат, өндіру тәсілі, қасиеттері, қолдану саласы.

  25. Қышқылға төзімді бетон.

  26. Қызуға және отқа төзімді бетон.

  27. Түрлі түсті бетондар.

  28. Жол бетондары.

  29. Құралымдары радиоактивтік әсерінен қорғауға арналған бетондар.

  30. Жеңіл бетондардың жіктеуі.

  31. Кеуекті толтырғыштардағы жеңіл бетондардың құрамын іріктеу ерекшеліктері және технологиясы.

  32. Жеңіл бетондарға арналған толтырғыштар түрлері, олардың сапасын сипаттайтын қасиеттер.

  33. Кеуекті толтырғыштардағы жеңіл бетондардың болат арматурасын коррозияға қарсы қорғау.

  34. Ұяшық бетондар. Түрлері, олардың құрамы мен құрылымының ерекшеліктері.

  35. Ұяшық бетондарға арналған негізг материалдар.

  36. Көбік бетон.

  37. Газды бетон.

  38. Темірбетон бұйымдарының жіктеуі.

  39. Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы.

  40. Құрама темірбетон бүйымдарын өндірудің технологиялық үлгілердің түрлері.

  41. Темірбетон бұйымдарын арматуралау тәсілдері.

  42. Темірбетон бұйымдарын қалыптау тәсілдері

  43. Бетон қатуына табиғи (әдеттегі) жағдайлардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  44. Темірбетон бұйымдары қатуының жедел тәсілдерінің түрлері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  45. Темірбетон бұйымдарының беттерін әрлеу

  46. Темірбетон бұйымдарын қабылдау және сынау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]