Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

5. Аур бетон толтыргыштары

5.1. Құм

Ауыр бетон дайындау үшін ұсақ толтырғыш ретінде табиғи құм қолданылады,ол өзімен берік табиғи жыныстарының табиғи қирау нәтижесінде пайда болған ірілігі 0,14-5мм түйірлердің борпылдақ қоспасын көрсетеді:жұмыс мақсаты-ауыр бетон үшін ұсақ толтырғыштың қасиеттерін анықтау,оларды МСТ талаптарымен салыстыру және оларды бетондарда пайдалану мүмкіншілігі туралы қорытынды шығару.Сынаулар мыналардың талаптарына сәйкес жүргізіледі:

МСТ 8735-88. Құрылыс жүмыстарына арналған құм.Сынау әдістері.

МСТ 8736-93. Құрылыс жүмыстарына арналған құм.Техникалық шарттар.

      1. Стандартты тығыздалмаған қалпында құмның

үйілген тығыздығын анықтау

Үйілген тығыздық өлшеуіш ыдыстарда құмды өлшеу арқылы анықталады.

Аспаптар:техникалық таразы,сыйымдылығы 1л (диаметрі мен биіктігі 108 мм) сыйымдылығы 10 л (диаметрі мен биіктігі 234 мм) өлшеуіш цилиндрлік металл ыдыстар,кептіргіш шкаф,металл сызғыш, диаметрі 5мм дөңгелек тесіктері бар елек.

Материалдар: құм.

Алғашқы (кіріс) бақылауда стандартты тығыздалмаған қалпында үйілген тығыздықты анықтағанда сынаулар тұрақты массасына дейін кептірілген және диаметрі 5мм дөңгелек тесіктері бар електен 5кг жуық құмды пайдаланып, сыйымдылығы 1л өлшеуіш цилиндрлік ыдыста өткізіледі.

Стандартты тығыздалмаған қалпында құмның үйілген тығыздығын анықтағанда құмды үстінгі ернеуінен 10см биіктіктен алдын-ала өлшенген өлшеуіш цилиндрге күрекшемен цилиндр үстінде конус пайда болғанша себеді.Конус құмды тығыздамай ыдыс ернеулерімен бірдей етіп металл сызғышпен алынады,сосын ыдыс құммен бірге өлшенеді.

Құмның үйілген тығыздығын үй мына формула бойынша есептейді

үй = m1 – m / V,

мындағы m өлшеуіш ыдыстың массасы , кг;

m1 — өлшеуіш ыдыстың құммен бірге массасы, кг;

V ыдыс көлемі, м3.

Құмның үйілген тығыздығын анықтауды екі рет жүргізеді,сонымен әр сайын құмның жаңа үлесі алынады. Сынау нәтижелері 5.1-кестеге енгізіледі.

5.1-кесте

Құмның үйілген тығыздығын анықтау

Материал

аты

Ыдыс көлемі,

м3

Массасы, кг

Үйілген тығызды-

ғы,

кг/м3

ыдыс-

тың

ыдыс пен құм-

ның

құм-

ның

1

2

3

4

5

6

7

      1. Құмдағы күлдей және балшықты бөлшектердің

мөлшерін тұндырумен анықтау

Құмдағы күлдей және балшықты бөлшектердің мөлшері ірілігі 0,05мм дейін бөлшектерді сулап жібітуден кейін құмгың массасы өзгеруі бойынша анықталады.

Аспаптар:техникалық таразы, кептіргіш шкаф, құмды тұндыратын ыдыс ( 5.1-сурет), секундомер.

Материалдар: құм.

Құмның аналитикалық сынамасын диаметрі 5 мм тесіктері бар електен өткізеді,електен өткен құмды тұрақты массасына дейін кептіреді және одан массасы 1000 г өлшем алады. Құмның өлшемдігі тұндыратын ыдысқа қойылады және ыдысқа суды жоғары төгетін тесікке дейін құяды. Сумен құйылған құм бірнеше рет араластырылып 2 сағ бойы ұсталады және түйірлерге жабысқан балшықты бөлшектерден ұқыпты жуып тазартылады.

Осыдан кейін ыдыстың ішіндегісі қайтадан жігермен араластырылады және 2 мин тынымға қалтырады. 2 мин кейін суспензия екі төменгі тесіктер арқылы қотарып құйылады. Сосын құм қайтадан жоғарыда көрсетілген деңгейге дейін сумен құйылады. Көрсетілген жүйелілікпен құмды жуу су жуудан кейін мөлдір болғанша қайталанады

Тұндырылған соң жуылған өлшемдікті тұрақты массасына m1 дейін кептіреді.

Тұндырылған күлдей және балшықты бөлшектердің құмдағы мөлшері Бс.ж массасы бойынша мына формула бойынша есептелінеді

Бс.ж=,

мұндағы m кептірілген өлшемдіктің тұндырылғанға дейінгі массасы, г;

m1 — кептірілген өлшемдіктің тұндырылғаннан кейінгі массасы, г.

5.1-сурет. Сулап жібітетін ыдыс.

МСТ 8736-93 бойынша күлдей және балшықты заттардың мөлшері 3 % аспау керек.

      1. Құмдағы органикалық қосылыстардың

мөлшерін анықтау

Аспаптар: техникалық таразы, өлшеуіш шыны цилиндр (250 см3).

Материалдар: құм, ащы натрдың 3% ерітіндісі, танинның 2% ерітіндісінен және этил спиртінің 1% ерітіндісінен дайындалған эталон.

Табиғи дымқылдықты құмның орта сынамасынан 250 г жуық өлшем алынады. Сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш цилиндр 130 мл деңгейге дейін құммен толтырылады және 200 мл деңгейге дейін 3 % ащы натрмен құйылады. Цилиндр ішіндегісі ұқыпты араластырылады және 24 сағ тынымда қалтырылады. Осыдан кейін эталон түсімен салыстырып құм үстіндегі сұйықтық түсі анықталады. Эталон түсі-ақшыл сары. Ерітінді түсі эталоннан жарығырақ болса қосылыстардың болуы мүмкін туралы дәлелдейді. Құм үстіндегі сұйықтықтың түсі эталон түсінен күңгірт болса, бетондар үшін құмның жарамдылығын анықтауға арнайы зерттеу жүргізу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]