Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

7.2. Ерітінді қоспасының жылжымалылығын анықтау

Жоғарыда келтірілген формулалар бойынша материалдар шығынын есептеген соң көлемі 5 л сынақ илеуін дайындауға кіріседі.

Бұл үшін орындалған есепке сәйкес ерітінді қоспасының компоненттерін (5л есебінен) өлшейді. Құм қаңылтыр табаға салынады, оған цемент қосылады және 5 минут бойы қалақпен қолмен ұқыпты араластырылады. Сосын ізбес қамыры енгізіледі, қайтадан араластырылады, сонан-соң су қосылады және қоспа ақырғы рет 3-5 минут бойы араластырылады. Ерітінді қоспасын дайындаған соң оның жылжымалылығын анықтайды.

Ерітінді қоспасы жылжымалылығының шамасы СтройЦНИИЛ конус аспабы көмегімен анықталады- конустың ерітінді қоспасына бату тереңдігі бойынша (7.1-сурет).

7.1-сурет. Ерітінді қоспасының жылжымалылығын

анықтауға арналған аспап

1-штатив; 2-шкала; 3-эталонды конус; 4-штанга; 5 -ұстағыштар;

6-бағыттауыштар; 7- ерітінді қоспасына арналған сауыт;

8-стопорлық бұранда

Ерітіндінің жылжымалылығын анықтау үшін сауытты 7 оның ернеулерінен төмен шамамен 1 см қоспамен толтырылады. Төселген ерітіндінің диаметрі 10-12 мм шыбықтармен 25 рет найзалайды және сауытты үстелге 5-6 рет жеңіл қағумен сілкіндіреді. Конустың ұшын сауыттағы ерітіндінің бетімен жанасуға келтіреді және сонымен шкалада тіл қалпын белгілеп,шыбықты осы жағдайда стопорлық бұрандамен бекітеді. Сосын конусқа ерітіндіге бос батуына мүмкіндік беру үшін стопорлық бұранда бұрылады. 10 секундтан кейін 2 мм дәлдікпен оның бату тереңдігі шкала бойынша санап алынады.

Жылжымалылық екі сынаудың орташа арифметикалық ретінде анықталады. Екінші сынау ерітіндінің жаңа үлесімен жургізіледі.

7.3. Ерітінді қоспасының тығыздығын анықтау

Ерітінді қоспасының тығыздығы тығыздалған ерітінді қоспасының массасы мен оның көлемінің қатынасымен сипатталады және г/см3 көрсетіледі.

Аспаптар: сыйымдылығы 1000 +2 мл болат цилиндрлік сауыт (7.2-сурет), зертханалық тараз- МСТ 24104-88 бойынша; диаметрі 12 мм, ұзындығы 300 мм болат шыбық; болат сызғыш 400 мм - МСТ 427-75 бойынша.

7.2. Болат цилиндрлік сауыты

Сынау алдында сауыт алдын-ала 2 г дейін қателікпен өлшенеді. Сосын артығымен ерітінді қоспасымен толтырылады. Ерітінді қоспасы 25 рет болат шыбықпен найзалау арқылы және 5-6 рет үстелге жеңіл қағумен тығыздылады. Тығыздалғаннан кейін ерітінді қоспасының артығы болат сызғышпен кесіп алынады.Беті сауыттың ернеуімен бірдей ұқыпты тегістеледі. Өлшейтін сауыттың жақтары оларға тиген ерінтіден дымқыл шүберекпен тазаланылады. Сосын сауыт ерітінді қоспасымен бірге 2 г дейін дәлдікпен өлшенеді.

Ерітінді қоспасының тығыздығы ρ, г/см3, мына формула бойынша есептелінеді

ρ = m - m1 / 1000 ,

мұндағы m - өлшейтін сауыттың ерітінді қоспасымен бірге массасы , г;

m1 - өлшейтін сауыттың ерітінді қоспасыз массасы , г.

Ерітінді қоспасының тығыздығы өзара аз мағынасынан 5 % артық емес айырмашылығы бар бір сынақтан қоспаның тығыздығын екі анықтау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде анықталады нәтижелерде үлкен айырмашылық болса анықтауды ерітінді қоспасының жаңа сынағында қайталайды.

Сынау н‰тижелерi 7.3 –кестеге енгiзiледi.

7.3 –кесте

Ерiтiндi ‹оспасыныЊ тыгыздыЉын аны‹тау н‰тiжелерi

Мате-риал

Ќлшейтiн сауыттыЊ массасы, г

Ќлшейтiн сауыттыЊ ерiтiндi ‹оспасымен

массасы, г

Ерiтiндi ‹оспасыныЊ массасы, г

Ерiтiндi ‹оспасыныЊ тыгыздыЉы, г/см3

1

2

3

4

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]